Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет47/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:

5-6-сыныптар - «Математика», «Информатика»; 7-9-сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».

Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да
АКТ құралдарын қолдану) білу және түсіну;
алгоритмдік және
логикалық ойлауды игеру (алгоритмге сәйкес әрекет жасау
және алгоритмді
құрастыру) айрықша көңіл аудару керек.

Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелілік оқыту педагогикалық тәсілдерін қолдану ұсынылады.


Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты

93


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерінін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

2016-2017 оқу жылындағы 5-9-сыныптарында математика және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі кестеде берілген.

Сыныптар
Пән атауы


Аптадағы
Оқу жылындағы
Бақылау жұмысының

сағат саны


сағат саны
нормасы
5
Математика
6
204
12-14

Информатика


1
34
5-6
6
Математика
6
204
14-16

Информатика


1
34
12-13
7
Алгебра
3
102
7-9

Геометрия


2
68
7-8

Информатика


1
34
6-8
8
Алгебра
3
102
7-9

Геометрия


2
68
7-8

Информатика


1
34
5-6
9
Алгебра
3
102
8-9

Геометрия


2
68
6-7

Информатика


1
34
3-4

Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.

Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулеріне оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі. Жинақты Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет