Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері



бет79/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері
Кемінде 3 шет тілі мұғалімнен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2016-2017 оқу жылында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:
мемлекеттік стандартты орындау;

жаңа нормативті құқықтық құжаттарды зерделеу (79-шы қадам, 2016-2017 оқу жылына жаңа мемлекеттік стандарт, балалар құқықтары туралы конвенция, Білім туралы заң, Еңбек туралы заң);

2016-2017 оқу жылына әдістемелік нұсқаулық хатпен танысу;

мұғалім-кеңесшінің, көмекшінің негізгі міндеттерін атқаруда шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті шыңдау;


оқытуда жаңа технологияларды қолдану;

шет тілі мұғалімдерінің жеке біліктерін арттыру және өздігінен білім

алуы;
шет тіліндегі ілгері басқан процестерді зерделеу;

оқушылардың білім сапасын артыру үшін шет тілі бойынша оқытудағы электронды дереккөздерді пайдалану.


Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі, оқу жылы басында жұмыс

жоспарында көрсетілген бірқатар міндеттер қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары барлық мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді.Жоспар оқу жылының әр айына құрылып,оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз байланысады.Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесімен, әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі. Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының және барлық білім беру деңгейлерінің (бастауыш, негізгі, орта)


157


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

негізгі кезеңдері қарастырылады. Оқу жылына 6 әдістемелік бірлестіктің отырысын өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әр отырысы ақпараттық-танымдық сипатта болу керек:баяндамалар , пікірталастар, презентациялар мен коучингтер және олар келесі тақырыптарды қарастыру керек:

Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық ісшараларды(әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі;

Пән бойынша олипиада (олимпиаданың мектепішіндегі өткізілген кезеңінің күні көрсетіледі);


Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс;

Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса;

Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерді тағайындау. Тәлімгер мен жас маманның жұмысы;
Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы);
Емтихандарға, байқауларға, семинарларға дайындық;

Кіріс құжаттарымен жұмыс;

Мектепшілік бақылау;

Әкімшілік бақылау;

Біліктілік санатын жоғарлататын немесе растайтын мұғалімдермен

жұмыс;
Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі;


Бірлестік мұғалімдерінің рейтингі;

Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында);


Оқушылар білімдерінің қорытынды аттестаттауы бойынша есеп. Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілу керек және әдістемелік

бірлестіктің отырысында көрініс табуы қажет. Жыл соңында толық жан-жақты есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет