Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері



бет76/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127
Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері

Оқушыларда оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін 10-11сыныптарда шет тілдері бойынша 1 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптер жүргізу ұсынылады), шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1


153


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады) болуы қажет.

Қазіргі білім беруде заманауи бағытты, соның ішінде шет тілдерді оқыту бойынша процесті ескере отырып, сөздік дәптерін үш тілде жүргізу ұсынылады (қазақ, орыс, ағылшын). Сонымен қатар, дұрыс дыбыстауға дағдыландыратын транскрипцияға ерекше көңіл бөлу керек және жеке сөздерді жазумен ғана шектелмей, сөздер мен идиомалық тіркестерді де жазып отыру қажет.
Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:

дәптердің сырты оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің, сыныптың, пәннің атуы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады;

дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі;

ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;


міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;

мұғалім оқушының қателерін көрсетіп, түсініктемелермен бағаны оң жаққа қояды;


оқушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді. Қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда қолдана алады. Оқушыларға қызыл сиямен жазуға тыйым салынады.
Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар

Мұғалім оқушылардың жұмыс тәртібін тексергенде келесі тәртіпті


ұстанады:
10-11-сыныптар, маңызды деген жұмыстарды 2 аптада 1 рет.

Бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары барлық түрлері бүкіл оқушыларда тексеріледі. Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ұстану керек: бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмаларын келесі сабаққа дейін тексеру қажет; тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; оқушылардың бақылау жұмыс дәптерлерін жыл бойына сақтайды.

10-11-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда оқушының жіберген қателерін түзеуде келесі ережелерді басшылыққа алады:

орфографиялық қатені мен цифрды сызғанда үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады;

қажет емес пунктуациялық қате сызылады, қажеттісі қызыл сиямен жазылады;
10-11 сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді;
10-11 сыныптарда шет тілі бойынша оқушы жіберген қатені түзеп, қажетті әріпті жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет