Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет113/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127
Көрсеткіштің атауы
2012/2013
2013/2014 оқу
2014/2015

оқу жылы
жылы
оқу жылы

1
Біліктілігін арттырған қызметкерлер


21%
26%
28,5%

2
Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар


58%
60%
79%

педагогикалық қызметкерлердің үлесі

Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын
3
балаларға арналған үйірмелер мен
780
953
1 196

секциялардың саны

Оқушыларға өткізілген танымдық және
4
өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін
445
651
757

өткізілген тренингтердің саны

Педагог қызметкерлер басып шығарған

(газеттерде, конференциялардың


5
жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп
1 251
2 492
2 598

сайтында) жарияланымдар, әдістемелік

құралдар (жинақтар, кітапшалар,

электрондық құралдар) саны.

Конкурстарда және сайыстарда (спорттық,
6
пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз
17%
22%
20%

атанған оқушылардың үлесі


7
ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)


71
76
80

8
Педагогтердің орташа айлық жалақысы


72
105
105,3

(мың теңге)

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда

7,5%-ға көп.

Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші деңгейлі педагог қызметкерлердің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).

Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.


Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.
2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492 жетті. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.

230


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Оқушылардың жалпы санынан конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-ды құрады.

Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 балдан 80 балға дейін жоғарылады.

Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.

Апробациялау өткізілген үш оқу жылының нәтижелері қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

2015 жылдың желтоқсан айында (7 және 25 желтоқсанда) ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдемелерін өзгерту: пилоттық жобаға 1-9 сыныптарды қайтару, білім беру процесіне шығыстар құрылымын кеңейту, ынталандыру қорының мөлшерін қайта қарау, мектептердің құқықтық - ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2016 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша орта білім беруді жан басына қаржыландырудың апробациясын 2016 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін 5 облыстағы 63 пилоттық мектептің 10-11-сыныптарында, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 5 облысындағы 12 пилоттық мектептің (жобаға қатысушы 63 мектептің ішінен) 1-11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.

ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігімен әрі қарай талқылау және ҚР БҒМ-дағы ішкі кеңестер барысында Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, оларға сәйкес мыналар жобалануда:



1. Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:

- білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры; - оқу шығыстары (оқу, көрнекі материалдарды (нақпішіндер, кестелер,

плакаттар, зертханалық ыдыстар, қағаз, химиялық заттар және металдар, еңбекке баулу үшін материалдар) сатып алу), оқушыларды түрлі ғылыми іс-шараларға даярлау және қатыстыру);
- Интернет қызметтерін төлеу.
2. Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:

білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;

коммуналдық қызметтер;

Интернеттен басқа байланыс қызметі;

ғимаратты, жабдықтарды, құрал-саймандарды, мектеп жанындағы интернаттарды ағымдағы жөндеу, оларды ұстауға және күтуге ағымдағы

231


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

шығыстар.


3. Күрделі шығыстарды, жалпы оқыту қорының шығындарын, тамақтандыруды, оқулықтар сатып алуды және жеткізуді жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру уәкілетті органның деңгейінде орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылады.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және білім беру ортасын қаржыландыру мектептер арасындағы шығыстарды теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

232


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет