алушы портфолиосы олардың қолдарына беріледі.
2-сыныпта тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі:
Сынып журналында білім алушылардың тоқсан барысындағы сабаққа қатысуы белгіленеді, оқу бағдарламасындағы бөлімшелердің тақырыптары жазылып, осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес білім алушылардың тоқсандық, жылдық қорытынды бағалары бағаны балға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың балл түріндегі нәтижелері электрондық бағалау нәтижелерін тіркеу журналында жазылады, олар тоқсандық, жылдық баға қою кезінде ескеріледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат осы ереженің Б-қосымшасына сәйкес білім алушылардың оқу
жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика түрінде білім алушыларға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне ұсынылады.
Тоқсандық, жылдық бағалар қойылған білім алушылардың табелі ата-аналарға немесе басқа да заңды тұлғаларға оқу жылының, әр тоқсанның соңында танысу үшін беріледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде тоқсандық баға қойылады.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың барлық төрт тоқсан нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде жылдық баға қойылады.
2-4 (5) сыныптың жылдық бағаға «1», «2» деген баға алған білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімімен оқу жылы мазмұнын қамти отырып, жиынтық бағалау ұйымдастырылады. «3», «4», «5» деген бағалар алған жағдайда білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі. «1», «2» деген баға алған жағдайда мұндай білім алушыларға жазғы демалыс кезінде сәйкес пәнге қатысты оқу тапсырмалары беріледі. Жиынтық бағалауды қайта тапсыру оқу жылындағы сабақ мазмұнын қамти отырып, оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң өткізіледі. Жиынтық бағалау жұмысын қайта тапсырған кезде қанағаттанғысыз қорытынды баға алған білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың) келісімімен, психологиялық-медициналық-педагогтік кеңестің ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныпқа ауыстырылады.
Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан босату, олардың келесі сыныпқа көшуіне әсер етпейді.
Білім алушының күнделігінде аптаның соңында мұғалім арнайы бағанда мәтіндік шолу және оқытудың нәтижесі бойынша ұсынымдар жасайды, балдар мен бағалар білім алушының күнделігіне қойылмайды.
қосымшасы
Достарыңызбен бөлісу: |