Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


мектепке дейінгі білім деңгейінді



бет115/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127
мектепке дейінгі білім деңгейінді – мектеп алды даярлық;

бастауыш білім деңгейінді – білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек ретінде: түрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;

жалпы негізгі білім деңгейінді – тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;

орта білім деңгейінде – білім алушылардың кәсіби өзін өзі анықтау процесін сүйеу, кәсіпке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету.

Мектепте балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері:
Білім берудің негізгі құндылықтарын дұрыс қабылдау және оның мазмұнын жақсырақ меңгеру үшін кең жалпымәдени және эмоционалды-боямды орта құру.

Балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында «байланғышсыз» тәрбиені жүзеге асыру процесінде өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасады.

Балалларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін жүзеге асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін оқушылардың бағдары.
Білім алушылардың негізгі білімдеріндегі жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында қосымша білім беру педагогогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз еркімен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.


234


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде білім алғаны маңызды. Идеология барлық өткізілетін іс-шараларда құрамдас бөлігі болуы керек.

Қосымша білім беру педагогтеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.

Балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы басқа сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысныда білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әел-анаға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеумет және табиғатпен жа т.б. үйлесімде өмір сүруге талпыну.

Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығының дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, мазмұны жоғары адамгершіліктен тұратын драматургиялық материалдарды ісзеуге көп көңіл бөлгендері жөн..
Бейнелеу және қолданбалы-сәндік шығармашылығы үйірмелері мен бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетті дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты механизмі болып табылады. Бірқатар дербес байқаулар және көрмелер «Өнер арқылы-бірлікке және өзара түсіністікке» көрінісінде келесі номинациялар бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін еді:



«Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушылары ұлттық әдет-ғұрыптың сипаттамасын ұсынады немесе көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);

«Ұлтық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқау қатысушылары ана тілінде фольклор шығармасын орындайды, биді, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындарды көрсетеді);

«Ұлттық киім» (ұлттық киімді немесе оның бөліктерін көрсету. Оның тарихы, символикасы және аталған бұйымды жасау тәсілдерін әңгімелеуіне болады);

«Дәстүр ордасы» қолданбалы-сәндік шығармашылық (осы номинацияның байқау бағдарламасына шығармашылық жұмыстардың авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);

«Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тамадарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамның рецептін безенгдіру қажет);

235


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



«Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгімені фото суреттерді, видеожазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, баслымдарды, жанұя мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және қызықты тарихы бар үйде сақталып тұрған ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);

«Біз - Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет