13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу және оқыту ( «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап 39- тармақ).
Республикадағы балаларға қосымша білім беру тиімдендіруді қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және норматиктік құқықтық актілер жаңартылды:
– «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14,23,
28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары).
– «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгерістер ензігу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы.
– «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығы.
Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылдарында негізгі және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.
Заманауи мектептердегі мазмұны мен технологиялардың өзгерістерінің инновациялық сипаттары қосымша блім беру есебінінен кәдімгідей күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгедегі уәждемелін болжайды, яғни тұлағының шынайы шығармашылық өзін танытуын болжайды.
Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін ынталандыратын жалпы білімнің құрамдастарының вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Негізгі және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелері - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі.
Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді.
Мектептергі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі сабақ оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.
Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды орынды пәндік үйірмелер мен секциялар алады . Бір жағынан – бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.
Қосымша білім білімнің әр деңгейіне қатысты белгілі жастық кезең жағдайына байланысты өз модулін ұсына алады:
Достарыңызбен бөлісу: |