мен колледждердің кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу үшін ашық болады.
Осыған байланысты жергілікті арқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретін балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:
қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қару үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиеші-«тәлімгерді» бекіту; аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған
ғимараттарды тиімді пайдлану; балалар туристік базаларын, жаңа сыртқа шығу және жаяу өлкетану
туристік маршруттарын және т.б. ашу.
Жалпы білім беретін мектептердегі алтыншы күнді (сенбі) өткізу туралы ұсынымдар.
Алтыншы күннің (сенбі) басты мақсаты – сенбі күндері білім алушының бос уақытын оқушының әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған падалы етіп өткізуді қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру.
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын максималды түрде қанағаттандыру;
балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін өзі басқаруды жетілдіру;
білім алушылардың бос уақыттарын максималды қамту есебінен жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен қызмыстардың тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
«отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;
салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Алтыншы күннің (сенбі) бағыттары бола алады:
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Зияткерлік Патриоттық жән азаматтық-құқықтық Адамгершілік-рухани Ұлттық тәрбие
Экологиялық, экономикалық Спорттық-сауықтыру Ақпараттық мәдениет
Көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық)
Оқушылардың кәсіби бағдарлары (әр айдың екінші, төртінші сенбісі). Бес күндік оқу жағдайында алтыншы күн (сенбі) оқушылардың
денсалығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өз бетімен білім алуға және дамуға уақытын көбірек бөлуге бағытталуы қажет және балалардың қызығушылықтарын ескеріп, сондай-ақ оларды ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жобаларды іске асыруға араластыру арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет.
Бұл Күн балалардың жалпы мәдени, көркемдік, әлеуметтік, тұрмыстық, кәсіби және басқа да қызығушылықтары негізінде түрлерінің, формаларының және бағыттарының түрлі болуымен, оған педагогтер мен ата-аналардың мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады.
Жұмыстың формалары оқушының сабақтан тыс қызметін шектмеуі қажет
(музыка, аспаздық, спорт, фестивальдер, олимпиадалар, «Алло, біз таланттарды іздейміз» байқаулары, жарыстар, КТК, қашықтықтан өткізілетін бағдарламалар, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын әзірлеу және басып шығару және т.б.).
Алтыншы Күн мектепке келесідей өткізілуі мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |