Оқу жылындағы 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бб-9-11 оқу тобындағы білім алушылардың өндірістік тәжірибелерін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі есебі іс-тәжірибенің ұйымдастырылуы
2022-2023 оқу жылындағы 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы ББ-9-11 оқу тобындағы білім алушылардың өндірістік тәжірибелерін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ЕСЕБІ Іс-тәжірибенің ұйымдастырылуы 1.Тәжірибені жинақтау жұмысының мақсаты, міндеті: -өндірістік тәжірибе базаларымен, жұмыстарының мазмұнымен танысу;
-пәндер бойынша алған білімдерін қолдануға үйрету, мамандық бойынша бағдарлау;
1.2.Іс-тәжірибенің әдістемелік қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы «15» маусымдағы №384 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес көрсетілген мамандық бойынша тәжірибе бағдарламалары жасалынып, сол бойынша іс-тәжірибе алдында конференция өткізілді. Студенттерге іс-тәжірибенің ерекшелігі, нені білу керек?, нені істей білу керек?, неге назар аудару қажеттігін түсіндіріп, орындалатын жұмыс түрлерімен жеке-жеке таныстырылды.Әр студентке өндірістік тәжірибенің жұмыс жоспар кестесі және қауіпсіздік ережесімен танысып, қол қойдырылды. Іс-тәжірибенің түріне байланысты күнделік алып, толтырып, колледж директорының бұйрығы бойынша сұраныс бойынша іс-тәжірибе орындарына жіберілді.