-2022 оқу жылындағы «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 9 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен қашықтықтан өткен жиналысының
2021-2022 оқу жылындағы «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 9 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен қашықтықтан өткен жиналысының ХАТТАМАСЫ №3 28 желтоқсан 2021 жыл
Өткізілген уақыты: 15:00
Сынып жетекшісі: Ж.Омарбекова
Қатысқан ата-ана: 14
Қатыспағаны:
Күн тәртібінде:
1.Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Ж.Омарбекова сөз сөйлеп, ата-аналарға 2021-2022 оқу жылындағы 1 жартыжылдық қорытындысын айтып өтті. 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша 9 «А» сынып оқушыларының білім сапасы 57,1 % көрсетті. Сыныпта 3 оқу озаты және 5 оқу екпінділері бар, ал орташа оқитын 6 оқушы. Келесі тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды.
2. Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі ата-аналарды техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Оларға сабақтан тыс уақытта балаларыңыздың өмір қауіпсіздігіне ата-аналар тікелей жауапты екені айтылды. Көп жағдайларда өз өміріңді сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білу қажет. Ата-ана мектептен тыс уақытта, қысқы демалыс кезінде (30.12.2021ж-10.01.2022ж) мереке күндерінде, түнгі мезгілде кешкі сағат 20.00- ден кейін сыртқа шықпауын темір жол торабына, ескі ғимараттарға бармауы,көмір ұрлығынан аулақ болуы,дүкенге денсаулыққа зиянды заттарға бармауына баланың жауапкершілігін өз мойныма аламын. Тосын оқиғалар болған жағдайда, тәртіп бұзғанда, баласына қарамағаны үшін ата-ана жауапты болып табылады.
ҚР «Білім туралы» заңынан 49 бабы 2 тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындайды. ААталмыш міндеттерді бұзған жағдайда «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 409-бабы 2 тармақшасына сәйкес жауапқа тартылады. Баланың қысқы демалыс кезіндегі өмірі мен тіршілік қауіпсіздігіне ата – ана жауапты. Ата-аналардан қолхат алынды.
3.Үшінші мәселе бойынша ата-аналар болып жатқан пандемияға байланысты, балаларды коронавирустан сақтау мақсатында үйде және мектепте санитарлық талаптарды сақтауға мүмкіндіктерін яғни маскалық ережені қамтамасыз етуді өз жауапкершілікке алатындығы жайында айтып өтті.
ШЕШІМІ:
1.ІІІ тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.
2. Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі толығымен ата- аналарға жүктелсін.
Сынып жетекшісі: Ж.Омарбекова
Хатшы: Ә.Нұрғалиева