Оқу жылының мектепішілік олимпиадасы география 11 сынып тапсырманы орындау уақыты – 150 мин



бет6/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,99 Mb.
#127284
1   2   3   4   5   6   7   8   9
БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ
ГЕОГРАФИЯДАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
9 СЫНЫП


Тапсырманы орындау уақыты – 90 мин

1 - Тапсырма. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: румб, фанерозой, қоныс (урочище), конвергенция, виадук (әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Барлығы 10 ұпай).


2 - Тапсырма. Суреттегі карта көрінісіне талдау жасаңыз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз. (Барлығы 10 ұпай)

Картада нені білдіреді:


а) қиғаш штрихпен көрсетілген облыстар; (дұрыс жауапқа 0,5 ұпай)
б) III, IV және VII рим цифрларымен белгіленген облыстар: (дұрыс жауапқа 0,5 ұпайдан, барлығы 1,5 ұпай.)
Оңтүстік Атлантика қазаншұңқырының қалыптасуы қай геологиялық дәуірде басталды? (дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Сіздердің болжауларыңызды дәлелдеген теория қалай аталады? (дұрыс жауапқа 1 ұпай). Қай ғалым алғаш рет, көп жылдар бойы ұмытылып кеткен заманауи теорияның негізі болған, гипотезаны тұжырымдады? (дұрыс жауапқа 1 ұпай). (Барлығы 5ұпай).



  1. Географиялық есепті шешіңіз:


Мұнайшы - бұрғылаушы, аквалангшы, поляршы және пингвин Жер шарының ортасына кім жақын? деп бәстесті. Аквалангшы: «Мен батискафқа отырып Мариан шұңғымасына түсемін, оның тереңдігі 11022 м. Солай Жердің ортасына жақын боламын» - деді. Поляршы: «Мен солтүстік полюске барып, барлықтарыңа қарағанда Жердің ортасына жақын боламын» - деді. Мұнайшы - бұрғылаушы: «Мен 14 км тереңдікте ұңғыма бұрғылап, барлықтарыңа қарағанда Жердің ортасына жақын боламын» - деді. Ал, пингвин ештеңе айтпады, ол жай ғана Антарктидада тұратын еді. Антарктида материгінің биіктігі 3 км және мұз қалқанының биіктігі 3 - 4 км. Берілген есептегі кейіпкерлерді Жердің ортасына дейінгі қашықтыққа өсу реттілігі бойынша есептеу арқылы орналастырыңыз. (реттілігін дұрыс тапқаны үшін – 1 ұпайдан, дұрыс есептеу жүргізгені үшін – 1 ұпайдан. Барлығы 5 ұпай).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет