Оқу жылының мектепішілік олимпиадасы география 11 сынып тапсырманы орындау уақыты – 150 мин



бет2/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,99 Mb.
#127284
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
олимпиада 2022-23 школьная география

Табиғат зонасы

Жергілікті халықтың басым бөлігі тиесілі тіл тобы

Арал атауы

1

Кристалдық қалқан

Арктикалық және кәдімгі тундра

Эскимосс – алеут тобы




2

Ежелгі платформа мен кристалдық қалқан



Саванналар және сирек ормандар, ауыспалы-ылғалды ормандар



Австронезиялық тобы




3

Кайназой және мезозой қатпарлықтарының облысы



Ылғалды экваторлық ормандар

Австронезиялық тобы




4

Жас платформа, герцин және каледон қатпарлықтарының облыстары



Қылқанды және жалпақжапырақты ормандар

Үндіеуропалық тобы




5

Кайназой қатпарлығының облысы

Аралас, жалпақжапырақты және ауыспалы-ылғалды ормандар



Алтай тобы




6

Жас платформа, герцин және кайназой қатпарлықтарының облысы



Жалпақжапырақты ормандар, қаттыжапырақты ормандар мен бұталар,
бұталар даласы



Үндіеуропалық тобы






Бағалау өлшемдері: аралдар атауын дұрыс тапқаны үшін – 1 ұпай. Барлығы 6 ұпай.


3 - Тапсырма.
Қазақстанда 85 022 өзен бар, оның 84 694 – нің ұзындығы 305 тен 500 км дейін, 23 – нің 500 ден 1000 км дейін. Төмендегі сипаттамаларды оқып, республикамыздың қандай өзендері жайлы айтылғанын анықтаңыз.

№ п/п

Өзен атауы

Сипаттама

1

………..

Өзен өз бастауын Іле Алатауының солтүстік тау бөктерінен басталатын су көзінен алады. Өзен бойында Тау Институтының мұздығы орнласқан жерде Қайрақ сарқырамасы бар, ал Бартоғай саласында Дөңжайлау шатқалы орналасқан, сонымен бірге «Хан қақпасы» деп аталатын тар аңғар бар.

2

………..

Қазақстан мен Қырғызстан аумағынан ағатын өзен. Өзен ұзындығы – 661 км, су жинау алабының ауданы – 52 700 км2. Қаракөл және Үш Қошой өзендерінің қосылуынан пайда болған. Өзен төмен ағысында Мойынқұм құмдарында жоғалады.

3

………..

Ертіс өзенінің оң жақ саласы. Өзеннің ұзындығы 278 км, алаптың ауданы
9 850 км². Өзен Шығыс Қазақстан облысының аумағынан өтеді. Өзен бойында Шемонайха қаласы орналасқан. Өзен дельта жасап, Шүлбі суқоймасына құяды.

4

………..

Өзен Қазақстанның Ақтөбе және Қостанай облыстарында, оң жақ саласы Торғай. Өзеннің ұзындығы 593 км, алаптың ауданы 32 мың км². Өзеннің бастауы Мұғалжар тауларының шығыс баурайларында орналасқан. Жоғарғы ағысында суы тұщы, ал төмен қарай тұздылау.

5

………..

Өзен Қазақстанның Қарағанды және Павлодар облыстарында орналасқан. Төменгі ағысында өзен Қарасу деп аталады. Ұзындығы — 502 км, алаптың ауданы 15,9 мың км². Ол өз бастауын Қазақтың ұсақшоқысынан, Күшоқы тауынан 20 км батысқа қарай жерден алады. Бұл өзен Шағанақ өзеніне (Ертіс алабы) құяды.

6

………..

Өзен Балқаш көлі алабына жатады. Ұзындығы 417 км, алаптың ауданы – 8040 км². Ол өз бастауын Жетісу Алатауының мұздық солтүстік баурайларынан алады да, көптеген табиғат зоналары арқылы өтіп, Балқаш көлінің шығыс жақ бөлігіне құяды.

7

………..

Далалық өзен Қазақстанның батысында орналасқан. Орал өзенінің сол жағында орналасқан және шығыстан батысқа қараған бағытта ағады; өз бастауын Мұғалжар тауларынан алады. Ұзындығы шамамен 800 км; алап ауданы 31 500 км2.

8

………..

Өзен Қазақстанның Алматы облысында орналасқан, ол Іле өзенінің сол жақ ірі ағыстарының бірі. Өзен бойында Бартоғай суқоймасы жасалған, сол жерден Үлкен Алматы каналы басталады.

9

………..

Өзен ағысының көп бөлігі ішк ағынсыз Арал-Каспий алабына жатады, кейбір су мол болған жылдары ағыстың бір бөлігі Есіл өзені құйылған. Өзен өз бастауын Қызылтас тау сілемінен алады және Теңіз көліне құяды. Өзеннің ұзындығы 978 км, алаптың ауданы — 58,1 тыс. км².

10

………..

Қырғызстаннан бастау алып, орта ағысында өзен қырғыз-қазақстандық шекара рөлін атқарады. Төменгі ағысында өзен қазақстандық аумақтан ағады. Қос жағымен өзен Кеген өзеніне келіп құяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет