Бағалау өлшемдері: Құятын өзендерді дұрыс анықтағаныңыз үшін 2 ұпайдан. Мұхит алабын анықтағаныңыз үшін 0,5 ұпайдан.Барлығы 10 ұпай.
4 – Тапсырма. Төменде сізге физикалық географиялық объектілердің сипаттамалары берілген, олардың атауларын анықтаңыз
1. Орталық Азиядағы шөлді және шөлейт ландшафттармен сипатталатын әлемдегі үшінші ыстық шөлді аймақ. Ол оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 1600 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км-ге созылады. Ауданы - 1,300,000 км².
2. Әлемдегі ең терең каньондардың бірі. Ол Колорадо үстіртінде орналасқан, аумағында аттас ұлттық парк бар, сондай-ақ Навахо, Хавасупай және Валапай тайпаларының резерваттарында орналасқан. Колорадо өзені арқылы әктастың, тақтатас пен құмтастың арасынан өтеді. Ұзындығы 446 км.
3. Лигурия теңізінен Орта Дунайға ойпатына дейін солтүстік-батысқа қарай дөңес доға тәріздес созылып жатқан жоталар мен массивтердің күрделі тау жүйесі. 8 елде орналасқан: Франция, Монако, Италия, Швейцария, Германия, Австрия, Лихтенштейн және Словения. Ұзындығы шамамен 1200 км (ішкі жағында - шамамен 750 км), ені - 260 км.
4. Бұл әлемдегі ең ұзын тау жүйелерінің бірі. Солтүстігінде Венесуэла аумағында созылып, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Аргентина және Чили арқылы өтеді. Ландшафттары әртүрлі: мұздықтар, вулкандар, шалғындар, шөлдер, көлдер мен ормандар бар. Сондай-ақ, бұл таулар археологиялық ескерткіштерден молшылығымен және фаунасының алуан-түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, шиншиллалар мен кондорлар сияқты жануарлар өмір сүреді.
5. Бразилия таулы қыратының оңтүстігіндегі жанартаулық үстірт. 1025 м. дейінгі ежелгі базальт қабырғаларынан тұрады, биіктігі 400-600 м., шығысында Уругвай мен Парана өзендерімен, батысында Серра Жерал жағалаулық жоталармен шектеседі.
Бағалау өлшемдері:Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай. Барлығы: 15 ұпай.