Түсіндірме жазба ҚР Білім және ғылым министірлігінің 31.10.2017 ж. № 553 бұйрығының негізінде 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының құзіреттілікке негізделген модульдің оқу-жұмыс бағдарламасы «Орта деңгейдегі бағдарлауды орындау» модуліне әзірленген.
Пән/модуль сипаттамасы:
Бұл модуль қосымшаларды бағдарлау дағдыларын дамытады, қолданбалы тапсырмаларды шешуде бағдарламалық прототиптерді құрады, ерекшеліктердің графикалық тілін пайдалана отырып жобалау және техникалық құжаттаманың компоненттерін, дағдыларын тестілеу үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін, объектілі – бағытталған бағдарлау негіздерін, жаңа технологияларды оқуға негізделген бағдарламалық қамсыздандыру қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын, бағдарламалық қамсыздандыруды түрлендіру және аттестаттау негіздерін, бағдарламалық қамсыздандыруды кейінгі қалдыру және қолмен тестілеу амалдарын меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезінде бағдарламалау және объектілі – бағытталған бағдарламалау әдістерін қолданады, тапсырманы шешу процесінде алогритімдерді жобалау кезінде деректердің құрылымын анықтайды, өте қарапайым тапсырмалардың кезеңділігінде күрделі тапсырмалардың шешімдерін дамытады. Бағдарламалық қамсыздандыру инженерлікті жобалау, бағдарламалық инженерия саласындағы негізгі бағыттардың жүйелік жайғасымы туралы, сонымен қатар бағдарламалық қамсыздандыру дайындаудағы құралдар және өндірістік технологияларды дамытудың қазіргі жағдайы туралы түсініктер қалыптасады.