Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. Мұндай шешімнің негізі ҚР "білім туралы" заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "Ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады.
Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. Егер белгіленген мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны ПМПК-ке тексеруге жіберу қажет. Балаларды жеке бағдарлама (ЖМБС бағдарланбай) бойынша оқыту ПМПК-тің ұсынысы негізінде ғана іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Ақыл-ойы кем балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
Психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сыныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «білім беру» заңына [5, б. 19, 3т.], ПМПК-нің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |