Оқу машықтану есебі


Қанның тығыздығын Косяков әдісі бойынша анықтауға болады



бет5/7
Дата04.06.2022
өлшемі320,18 Kb.
#36323
1   2   3   4   5   6   7
Қанның тығыздығын Косяков әдісі бойынша анықтауға болады.


Фото


Нәтижесінде, тығыздығы әртүрлі мыс сульфаты ерітінділерін 3 пробиркаға құйып алып, үстіне бір тамшыдан цитратты қан қостым. Бақылау нәтижесінде, егер қан тамшысы ерітіндінің ортасында біраз уақыт тоқтап тұрса, онда қан тығыздығы ертіңді тығыздығына тең болып саналады. егер қан тамшысы тоқтаусыз тез ыдыс түбіне батса, онда бұл қан тығыздығы ерітіндіден жоғары, ал егер тамшы ерітінді бетінде қалқып жүрсе- оның тығыздығы төмен, ал ортада болса- тең болғаны.
Сонымен, ірі қара малдың қан тығыздығы – 1,047 – 1,055 құрайды.


3.Тапсырма. Қанның плазмасымен қан сарысуының тұтқырлығын анықтау.
Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы бір-бірімен жалғасқан белоктар, тұздар, қан клеткалары және басқа заттарға байланысты. Қанның тұтқырлығы қан тамырларындағы қанның ағу жылдамдығына әсер етеді. Қанның, плазманың және қан сарысуының тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстыра отырып анықтайды.
Керекті заттар мен құралдар. Қан алатын мал, қан алуға арналған инелер, тұтқырлық өлшегіш, оксалатты немесе цитратты қан, дистильденген су, плазма, қан сарысуы, спирт, эфир, 5%-ті йод ерітіндісі, мақта.
Жұмыстың барысы. Тұтқырлық өлшеуіш аспаптың бірінші капиллярына алдын ала шүмегін ашып, «О» деген белгіге дейін дистильденген суды сорып алады да, шүмекті жабады. Екінші капиллярға (сол жақтағы) резеңке түтігі арқылы нөлге дейін сағат шынысынан цитратты қан сорып алынады. Содан кейін шүмекті ашып, капиллярлардағы ауаны сорады, оларда вакуум пайда болып, сұйықтар төмен қарай жылжиды.
Қанның деңгейі «I»-ге жеткен кезде, ауа соруды тоқтатады. Осы кезде су капиллярдың қанша бөлігін өткенін белгілеп, сол бойынша қанның тұтқырлығын анықтайды. Соңынан капиллярлардағы жуып кептіреді де, жоғарыдағы тәртіппен плазма мен қанның сарысуының тұтқырлығын аңықтайды. Тәжірибе қорытындыларын жазып алып, оларды салыстырмалы түрде талқылайды.


Фото
3-жұмыс. Қан айналымы, жүрек, қан тамырлары.
1-Тапсырма. Бақа жүрегі жиырылуына адреналин мен ацетилхолиннің әсері.
1-шіден бақаны қимылсыздандырмыз да, арқасына жатқызып, 4 аяғын инемен бекітіп, көкірек қуысын жарып жүректі жалаңаштап, бір минут ішінде жүректің жиілігін санаймыз. 2-шіден жүректің ұшын серфинмен ұстаймыз, кимограф арқылы жүрек жұмысының қисық сызықтарын жазамыз. 3-шіден ж.жиырылуын 2-3 минут бойы, 30 секунд сайын жиырылудың күшіне және ырғағына назар аударып санаймыз.Жүректі Рингер ерітіндісімен шаямыз және алғашқы жиырылуы қалпына келгенін күтеміз.4-шіден біз жүрекке 2-3 миллилитр ацетилхолин ерітіндісін тамызамыз, ж.жиырылуды 2-2,5 минут арасында санап, қисықтарды жазамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет