Оқу машықтану есебі



бет6/7
Дата04.06.2022
өлшемі320,18 Kb.
#36323
1   2   3   4   5   6   7
Нәтижесі,
2-Тапсырма. Бақа жүрегіне К+, Са+2 ионы әсері.
Бақаны бекітіп алып, жүректі кесеміз және сағаттық ойыс шыныға қоямыз да үстіне Рингер ерітіндісін құямыз. 3 минуттан кейін 1 минут жиыр.жиілігін санаймыз. Жүрекке 2-3 тамшы 1 пайыздық CaCl ерітіндісін құямыз, 1 минут жүрек қағысының күшін санаймыз. Рингер ерітіндісімен жуамыз да қайта 1-2 тамшы CaCl ерітіндісін тамызамыз да, 1 минут жүректің жұмысын бақылаймыз.
Нәтиже:
3-Тапсырма. Артериалды қан қысымын өлшеу.
Жануар құйрығының түбін тазартып, оған резеңкелі тонометр манжеткасын кигізіп бекіндірдім. Құйрық артериясының үстіне фонендоскопты орнықтырып, манжетканың ішіне арнайы баллон арқылы ауа үрлеп қысымын жоғарлатып отырдым. Сол кезде тамыр серпінісінің үні жоғалады. Манжетканың бұранда винтті арқылы клапанын ашып, ауаны баяу шығара отырып, дыбыстарды тыңдадым.
Фото
Нәтижесінде, серпінісі жоғалған тамырдың алғаш соққан дыбысы шыққан кездегі кезеңді систолалық қысым дейді. Манжеткадағы қысым төмендеген сайын, алғашқы ретте дыбыстар жоғарылып, кейін әлсіреп соңында өшіп кетеді. Дыбыстың жоғалған кезін диастолалық қысым дейді.


4-жұмыс.Тыныс алу жүйесі.


1-Тапсырма.Малдардын тыныс алуын бақылау және бір минут ішіндегі тыныс қозғалыстарын есептеу.
Нәтиже:
2-Тапсырма.Өкпе дыбыстарын тыңдау (аускультация).
Аускультацияны мен өзімнің мысығыма жасаған болатынмын. Мысығымның аты Барсик. Алдымен мысығымды сипап еркелетіп алдым. Сосын тәжірибиеме кірістім.
Біз білетіндей аускультация тікелей және құралды болып 2-ге бөлінеді. Тікелей аускультацияда біз мал денесінің тексерілетін жерін сүлгімен немесе жаймамен жауып құлақпен тындаймыз.Құралды аускультация стетоскоп, фонендоскоп немесе стетофонендоскоптармен жасалады.


Фото
Қорытынды:Суретте көрсетіліп отырғанымдай мен құралды аускультация жасадым.Аускультация кезінде дыбыстардың өзгерісіне,әртүрлі патологиялық дыбыстардың бар не жоғына көңіл аудардым. Мысығымның тыныс алу бірқалыпты болды, яғни ешқандай бөгде дыбыстар естілмеді.


5-жұмыс. Ас қорыту физиологиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет