Оқу машықтану есебі



бет4/7
Дата04.06.2022
өлшемі320,18 Kb.
#36323
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Пустой

Аяқтау кезеңі:
(6ч.)

Зерттеу деректерін пысықтап, талдап есеп тапсыруға дайындық.

Тәріжибе бойынша есеп.

Оқу машықтану тәжірибесінің жалпы көлемі 36 сағатты құрайды.

Оқу машықтану есебі:
1 – жұмыс. Малдар мен құстарды бекіндіріп, қанын алу.
1 Тапсырма. Ірі қара малдарды бекіндіру.
Ең бірінші, жануарлармен жұмыс жасамас бұрын, қауіпсіздік ережелерімен таныстым. Үстіме қажет жұмыс киімдерімді, яғни халат, чепчик және резеңке қолғап киіп алдым.
Тапсырманы бастар алдында сиырды бақылауға алдым.
Қасына ақырындап жақындадым. Егер қасына барып күтпеген жерден бас салсам сиыр үркіп қалып, қорғану реакциясын тудырар еді. Яғни, мүйізімен сүзіп немесе артқы аяғымен теуіп қалар еді. Сол себепті мен қорықпай, өзіме сенімді болып сиырдың қасына жақындадым. Сиырды мүйізінен бекіту үшін көмекке әкемді шақырдым. Мүйізін бекітер алдында, қарапайым әдістерді еске түсіріп, сиырды арқанмен мүйізінен бекіндірдім



Нәтижесінде, ірі қара малды бекіндіруді тәжірибе жүзінде үйрендім.
2 Тапсырма: Ірі қара малдан қан сынамаларын алу.
Малды бекіндіріп болған соң, мен сиырдан қан сынамасын алдым. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтарды дайындап қойдым. Бізге керегі шприц, таза пробирка, ине, мақта, спирт немесе йод ерітіндісі керек болады.
Сол кезде қан ағып бастағанда пробирканы тосып, керек мөлшерде қан алдым да, ине кірген жерді спиртпен үстінен басып тұрып инені суырып алдым және спиртпен уқалап жібердім.

Фото




Нәтижесінде, қауіпсіздік ережесін сақтап, сиырдан қан алуды меңгердім.


2 – жұмыс. Қан физиологиясы. Қанның физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу
1.Тапсырма. Алынған қаннан фибринсіз қан дайындау.
Мен мүйізді ірі қара малынан алған қанды 1 тәулікке, яғни 24-28 сағатта бөлме температурасында қанды пробиркаға қойдым. Әр сағат сайын бақылап отырдым. Уақыт өте келе, қан ұйып, қан сарысуы бөлінгенін байқадым. Яғни, қан сарысуы ол құрамында фибриногені жоқ қан плазмасы. Суретте пробирканың жоғарғы жағында қан сарысуы, ал төменінде тұнып тұрған қан клеткалары.

Фото



Қорытынды: Қан ұйыған кезде плазмадағы фибриногеннің физикалық қасиеті өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшығын түзеді. Сондықтан, ұйыған қан сары түсті сұйық затты бөледі, ол сұйық зат қан сарысуы деп аталады.
2. Тапсырма. Қан тығыздығын анықтау.
Қанның тығыздығы қан тамырларындағы қанның ағу жылдамдығына әсер етеді. Қанның жалпы тығыздығы (меншікті салмағы) – 1,050–1,060 тең. Ол эритроциттердің санына тәуелді өзгереді, себебі эритроциттердің меншікті салмағы – 1,090, ал плазманың меншікті салмағы 1,025 – 1,034 аралығында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет