Оқу пәнінің мазмұны Шешендік өнер туралы түсінік



бет15/20
Дата29.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#35869
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Бақылау сұрақтары:
Шешендік өнер ғылымының басқа ғылымдармен байланысын қалай түсіндірер едіңіздер?
Шешендік өнер - этнос тарихының көркем шежіресі“ деген түсінікке өз көзқарасыңызды білдіріңіз.


Әдебиеттер:

  1. Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.

  2. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.

10 практика тақырыбы: Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы.
Мақсаты: Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысын жоспар бойынша талдау.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шешендік өнер ғылымының әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, философия, педагогика ғылымдарымен байланысы

  2. Шешендік өнер - этнос тарихының көркем шежіресі.



Әдістемелік нұсқау Фольклордың әдебиеттану, өнертантану, этнография, тілтану, тарих, философия ғылымдарына қатысы қатысы қандай болса шешендік өнермен де қатысы соншалық. Шешендік өнер ғылымы өзімен-өзі томаға-тұйық дамымайды, әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, философия, педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста болады.
11. Шешендік өнердің ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі
Мақсаты: Шешендік өнердің ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі жайлы мағлұмат беру
Жоспары:
1. Шешендік сөздер — қазақ ауыз әдебиетінің зерттелу жағынан тың саласы.
2. Халықтың шешендік дәстүрінің аңыз-әңгімелердегі көрінісі.
Кілт сөздер: мифтік түсінік, ұрпақ тәрбиесі, ой-пікір, би-шешендер, халықтың пайым-парасат, зерде-зейін, айтыс пен жұмбақтың тоғысуы, тәрбиелік-тағылымдық мәні.

Әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын этномәдениеті, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық педагогикасы, озық дәстүрі болады. Халық педагогикасында жинақталған бай қазынамыз - балалар әдебиеті, ертегілер, батырлар жыры, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыздар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, әдет - ғұрыптар, салт дәстүрлер. Соның бірі шешендік өнер — халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім тәжірибелер жиынтығы. Бірде-бір азамат өзінен бұрынғы аға-буынның ақыл-ой, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Халық келер үрпағын заманға сай азамат ретінде тәрбиелеу үшін өзіне дейін қолы жеткен жетістіктердің ең озық түрін пайдаланған.


Шешендік сөздсрдің қайсысы қай уақытта шығып, калай қалыптасқанын кесіп - пішіп айту киын. Алайда біз білетін қазақ шешеидерінің атасы Жиренше. Ел аузында сакталған шешендік сөздердің ең көкесі де — Жиренше.
Аңыз әңгімелер мен өлең-жырлардың қайсысы бұрын шыққаны әлі аныкталмаған және арнайы зерттеуді керек ететін мәселе. Ал шешендік сөздер ақындық сөздер (өлең-.жырлар) мен көркем қара сөздердің (ертегі, әңгімелер-діц) алғашкы бөліне бастауын көрсететін аралық жанр сияқты. Алайда, қара сөз бен өлен сөздің бөлінуі - мен шешеидік сөз өнері өткінші бекер ретінде жойылып кетпеген, қайта өз алдына дамып, дербес жанр болып калыптаскан.
Шешендік сөздер ертегі - аңыздар меи халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздіц калыптасуына жәрдемі тиген. Шешендік сөздердің сөйлемдік құрылысы мен сөздік құрамы, мазмүны, тұлғасы қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ, емсс. Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа салаларымен косыла қазіргі колданылып жүрген сөздігіміздің негізгі коры мен ұйтқысы ссепті. Демек, шсшендік сөздерді зерттеп талдау, жинап — жариялау ана тіліміздің сөздік корын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңейтеді; сөйлеу, жазу мәдениетімізді көтеруге пайдасы тиеді.
Шешендік сөздер — қазақ ауыз әдебиетінің зерттелу жағынан тың саласы. Қазакстан тарихында шешендік сөздерге мынадай анықтама берілген: «Ауыз әдебиетінде нақыл сөздер — мақал, мәтелдерге жақын тұратын афоризмдер көп болады. Бұларды нақыл сөздер немесе шешендік сөздер дейді. Шешендіктің үлгісі — халық даиасы Жиренше мен оның жұбайы Қарашаштың өткір сөздер.Қазақ шешендік сөздері бата-тілектен бастап өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін жер дауы, ер кұны секілді дау-талап, келіс сөздерді камтиды. Шешендік сөздерді атадан бала қайталап басынан кешірган алуан түрлі окиғалардыц нәтижесінде туған келелі ойдың кортындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мен түйір дәні деуге болады.
Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз-әңгімелерде көрінеді. Аңыз-әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебиетінде: тұрмыс-салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған. Әдебиетшілер, С.Сейфуллин мен М.Әуезовтің пікірлерінде орын алғаны сияқты, шешендікті өз алдына жанр ретінде қарайды да, оны халық ауыз әдебиетінің бір түрі – билер сөзі деп қана қарастырады. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Егер қазақтың феодалдық қоғамындағы шешендік өнердің басты иелері ру басы – билер болды десек, ежелгі дәуір шешендігі деп атап өткен тараудағыдай, қол бастаған батырлардың, ел басқарған көсемдердің, халықтың рухани демеушісі болған ақын-жыраулардың, халық арасынан шығып, артына өшпес мұра қалдырған ғұлама ғалымдардың даналық сөздерін қайда қоямыз?
Шешендік өнердің озық үлгілері халық ауыз әдебиетінің басқа да жанрларында жиі ұшырасады. Жоғарыда айтып өткендей халық ауыз әдебиетін жасаушылардың көрнекті өкілдерінің бірі осы би шешендер болатын. Ендеше би-шешендердің айтқан нақыл, ғибрат, өнеге сөздері ел ішінде бүгінде мақал-мәтелге, қанатты сөздерге, терме, толғауларға айналып кеткен. Кейбір жағдайда шешендік арнау үлгісіндегі астарлы сөздер жұмбаққа айналып кеткен. Адамның қазасын жеткізудегі естірту жанрының өзі осы жұмбақтың негізінде туған.
Шешендік өнердің басқа жанрлармен мақал-мәтел, жұмбақ ертегі, айтыс, аңыз, терме-толғаулармен тығыз байланысты.
Айтыс пен жұмбақтың тоғысуынан жұмбақ айтыс деген айтыс түрі туған. Жұмбақ айтыс – айтыстың ең күрделі түрі. Айтыс тарихында әсет пен Рысжанның, Нұржан мен Сапарғалидың есімдері жұмбақ айтыспен қалған. Сондай-ақ жиын-тойда жастар жағы жұмбақ жасырып, тапқырлықтарын сынасқан. Жұмбақтың шешуін таппағандар күлкі мен әжуаның нысанасына айналып, жазаланып отырған. С.Мұқанов айтысты жанрға жүйелегенде билер айтысы деген термин қолданған. Бұрынғы кезде ақындар әр елдің, әр өңірдің атынан шығып айтысатын болған.
М.Әуезов жұмбақтың аңыз, ертегілермен, жырлармен байланысы жайында: «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады» ,- жазады. Қазақтың танымал ертегілері «Аяз би», «Қарт пен тапқыр жігіт», «Қарттың ұлына айтқан өсиеті» т.б. сюжет жұмбақтың айналасында өрбіген шешендік сөздер.
Би-шешендердің айтқан сөздерінің басым көпшілігі мақал мәтелге айналып кеткен.
«Екі ошаққа бір көсеу» (Сиырдың танауы мен тілі), «Қисық ағашқа қар жұқпас» (Сиырдың мүйізі), «Ашамайды арта салдым, Айыл-жібін тарта салдым» т.б. тұлғалық жағынан мақал - мәтелдерге ұқсастықты байқаймыз.
Жұмбақтардың тақырып ауқымы өте кең. Адамзатты қоршаған орта, жаратылыс сыры, аспан әлемі, еңбек пен кәсіп құралдары, адам, оның өмірі, аңдар мен құстар, ғылым мен техника т.б. тегіс жұмбаққа арқау болады. С.Аманжолов қазақ жұмбақтарын мазмұны мен тақырыбына қарай 20 – ға бөлген (2). Жұмбақтардың бір күрделі саласы - жаратылыс сыры жайлы шығармалар. Бұл жұмбақтарда аспан әлемі, күн мен ай, жұлдыздар, жер шары туралы сөз болады. Мәселен:
Көріп едім, бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны,
Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбас балалары,
Дегендегі дария – аспан, қыздар – жұлдыздар, екі аққу – ай мен күн, жеті сарбас балалары – жетіқарақшы. Халық өз өмірін аспан шырақтарына көшіру арқылы ұрпағына сырт дүниені танытуға ұмтылғанын көреміз. Сондай-ақ, шешендік сөздерден халықтың мифтік дүниетаным даралығы танылады. Мәселен:
Біз, біз едік,
Біз алты қыз едік.
Бір тақтайға жиналдық,
Таң алдында жоқ болдық.
Қазақ халқының мифтік түсінігі бойынша, аспан шырақтары – жұлдыздар мен ай, күн бір кездерде адам болған, мифтік құбылушылықтың неізінде қазіргі келбетін иеленген.
Қазақ шешендік сөздері қасиетті қара жерді, оның төсінде өскен өсімдіктер дүниесі мен ұшқан құс, жүгірген аңды ерекше бір махаббатпен сөз етеді. Мәселен,:
Жамандық қып, шапқылап жарсаң басын,
Жақсылық қып аямас сенен асын.
Күні-түні сонда да тепкілейсің,
Айтпайсың оған тәңір жарылқасын,
деп адамға, басқа да тіршілік иелеріне жердің ортақ мекен екенін, қойнауындағы барлық байлығы қорек болатынын айтады. Шағын ғана жұмбақта айтылатын ойдың тереңдігіне тәнті боласың.
Қаза шешендік сөздерінде еңбекке баулу мақсатында туған үлкен тақырыптардың бірі - төрт түлік мал, аңдар мен құстар жайы. Ата кәсібі төрт түлік болған қазақтың қырағы көзінен малдың бір қасиеті, мінезі қағыс қалмаған. Төрт түліктің қадірін, бағу-қағуын бес саусағындай жақсы білген халық өз сөздерінде оның қылаудай ерекшелігінің өзін әдемі де әсерлі етіп береді.
Мәселен:
Міңсең тұлпар, ішсесең қымыз, жесең азық, ұшсаң сұңқар деп жылқының керемет қасиетін айтады.
Ат - ер қанатыдген сөзді де осы би-шешендеріміз айтқан.Жеті жарғы заңында аттың тұсауын ұрлаған адамды өлім жазасына кесетің бапта бар. Мәселең ат етді сақтайды, ер елді сақтайды деген қанатты сөзді айтады.
Мал бағып кәсіппен айналысуда да кеңес беріп отырған.
Мал өсірсең, қой өсір.
Қой байлығы көлкөсір.

Ешкіге байланысты:


Есің кетсе ешкі жый.
Ешкі жый да есің жый.
Қазақ Шопан ата түлігін төрт түліктің ішіндегі ең жуасы деп біледі және мінезі жуас адамды «қойдан қоңыр», «қойдан жуас», «қой аузынан шөп алмас» деп сипаттайды. Соңғы мақалдағы «момын» сөзінен – ақ жасырулы малдың қой екенін аңғарамыз. Оның үстіне айналдырған тон кигені осы ойды күмәнсіз етеді. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады.
Айтыс ақынының бойынан жырауға тән жігерлі төкпелік сипатты да, би-шешенге тән танымы терең парасаттылықты да көруге болады.
Бұқар Қалқаманұлы бейнесі тарихта – жырау, шешен, ақын, данагөй, би ретінде белгілі. Мұндай сипат дала ділмарларының көбіне тән. Бұдан шығатын қорытынды сөз өнері түрлерінің рухани жақындығы мен бір-біріне тигізер әсер-ықпалының ерекше болғандығы.
Шешендік өнер – халықтың дүниетанымы мен философиялық таным-түйсігін айқындайтын құбылыс. Шешендік сөздер жеке тұлғаларға тиесілі болғанымен ол халықтың пайым-парасат, зерде-зейінінің жемісі. Би-шешен сөздерінің жер дауы, жесір дауы, құн даулау сияқты әлеуметтік мәселелерден басқа, салмақтырақ қыры тәрбиелік-тағылымдық мәнінің тереңдігі. Мысалы, Шабанбай бидің Жанғұттыға берген:
«- Аллаға жағамын десең, азанды бол,
Халыққа жағамын десең, қазанды бол,
Судай таза бол,
Жердей көтерімді бол», – деген батасын сол уақыттағы ел жақсысы атанған Ботантай ауыл жастарына былай деп талдап түсіндірген екен.
«Аллаға жағу дегені – мұсылмандықты берік ұстау: намаз, оразаны қате етпеу, исламның бес парызын қалт жібермей орындап отыру, имандылық, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету».
Бұдан әрі «халыққа жағу үшін қазанды бол» сөзінің мағынасын кеңпейілділік, қайырымдылық тұрғысында қарастырып, адамның жетім, жесір, ғаріпке, жолаушыға, ағайын-туыс, халыққа қол ұшын беруі керектігін айтады. «Судай таза болу мен жердей көтерімді болудың» да терең философиялық астарын тіршілікте адамзат баласының басынан өтетін келеңсіздіктерден сақтандыру мақсаты тұрғысында түсіндіреді.
Би-шешен мұраларынан мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осы тақырыпты байыпты зерттеп, байламды пікір айтқан ғалым Б.Жақып: «Қазақ би-шешендерінің сөздері өз заманында маңызды қоғамдық рөл атқарған. Көне Қазақ мемлекетінің қалыптасып, дамуында сөз құдіретінің орны зор болған. Бір мезгілде қалың қауымға әсер етіп және оларды бірігіп іс-қимылға көшуге шешім қабылдауға сендіру, иландыру, керек жерінде ояту дәл сол кезеңде ауызша сөз айту пәрмені арқылы ғана жүзеге асатын еді. Ал қазақ қоғамындағы шешендік сөзге, билік шешімге жүгінудің орны орасан зор болатын. Өйткені қазақ даласындағы басқару ісі ауызша сөз арқылы жүзеге асты» , – деп пікір білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет