Оқу пәнінің мазмұны Шешендік өнер туралы түсінік


Көне түркі және Алтын орда дәуіріндегі шешендік өнер



бет2/20
Дата29.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#35869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Көне түркі және Алтын орда дәуіріндегі шешендік өнер. Фольклор мен көне әдебиет үлгілері әдетте синкретті сипатта болады. Ежелгі дәуірлерде туған көркем туындылар синкреттілігімен ерекшеленетініндей, синкретизмнің екі түрі де белгілі дәрежеде Орхон ескерткіштерінде де көрініс тапқан. Орхон ескерткіштеріндегі жанрлық синкретизм олардың өнердің басқа түрлерімен, жоқтау, арнау, шешендік сөздер, мақал-мәтел сияқты фольклорлық шағын жанрлармен байланыстылығынан байқалады.
Майқыби, Асан қайғы, Жиренше шешендер. Майқы би (Байқы, Байки, Байку) (ХІІ - ХІІ) – аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Ол әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны біздің заманымыздан бұрынғы үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Ол Майқы би Мәнұлы деген атпен біздің заманымыздан бұрынғы 178-89 жылдары өмір сүрген және аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам.
Сырым, Досбол, Бөлтірік шешендер. Сырым Датұлының шешендік өнері. Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі - Сырым Датұлы. Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі.
Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздері. Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би. Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып, сауатын ашады.
Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы. Фольклордың әдебиеттану, өнертантану, этнография, тілтану, тарих, философия ғылымдарына қатысы қатысы қандай болса шешендік өнермен де қатысы соншалық. Шешендік өнер ғылымы өзімен-өзі томаға-тұйық дамымайды, әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, философия, педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет