Оқу пәнінің оқытушылары туралы мәліметтер



бет8/29
Дата18.10.2023
өлшемі2,27 Mb.
#118361
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Силлабус 2022

Модульдік бірлік 10 Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері. Саяси партиялардың типологиясы. Биліктік қатынастар жүйесіндегі саяси партиялар. Партиялық жүйелер, олардың классификациясы. Партиялық жүйенің қазақстандық үлгісі.Қоғамның саяси өмірінде қоғамдық-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы және эволюциясы. Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың алатын орны мен рөлі.Лоббизм. Мүдде топтары: түсінігі, қызметтері, типологиясы. Саясаттағы қысым топтар.
Модульдік бірлік 11 Саяси мәдениет пен мінез-құлық
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттердің арақатынасы.Саяси мәдениет типологиясының критерийлері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері. Саяси мәдениеттердің батыстық және шығыстық типтерінің ерекшеліктері.Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси мінез-құлық пен саяси ұатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі.
Модульдік бірлік 12 Саяси сана мен саяси идеология
Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер. Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазіргі негігі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия.Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық "Мен" және ұлттық бірегейліктің ішкі өзегін сақтау. Қазіргі заманғы модернизация үлгілерінің қатерлері. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет