Орындаған-Сұлтан Жансая тфп 22-022 группа Саяси элиталар және саяси көшбасшылық. Қоғамның саяси жүйесі. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси режимдер Сабаққа дайындық сұрақтары:
MS Teams
1) саяси режим түсінігі және түрлері.
2) Тоталитаризм тарихи және саяси феномен және оның ерекшеліктері ретінде.
3) авторитарлық саяси режим және оның формалары.
4) демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Mемлекеттің пайда болу теориялары мен тұжырымдамалары.
5) мемлекеттің құрылу белгілері.
6) басқару және мемлекеттік құрылыс нысандары.
7) саяси жүйе ұғымы.
8) саяси жүйенің құрылымы мен элементтері.
9) элиталардың негізгі теориялары: элиталардың классикалық теориялары г.Моски және В.Парето, демократиялық элитизмнің тұжырымдамасы (М.Вебер) және элитаның гиплюрализмі (г. Лейпхарт, Р. Даль).
10) саяси элита ұғымы.
1.Cаяси режим түсінігі және түрлері. Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын жіне онымен қоса қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз. Және саяси режимді 2 топқа бөледі. Олар демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимде халықты биліктің қайнар көзі деп санап, және мемлекеттік істерді шешуге құқық берілді. Демократиялық саяси режим грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Мұндай тәртіпте азаматтардың, халықтың құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік береді. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейді. Демократиялық режимде мыналар сипатталады:
Демократиялық режимде сайлау адал, шынайы әрі жүйелі түрде өтеді. Бұл саяси режимнің негізгі тұжырымдамалары: плюралистік, ұжымдық, либералистік.
Антидемократиялық режимге тоталитаризм мен авторитаризмді жатқызамыз.
Тоталитарлық- адамдардың барлық өмірінің салалары толығымен мемлекеттің бақылауына алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Онда бұқаралық ақпарат құралдары, экономика барлығы мемлекеттің бақылауында болады. Тіпті сөз бостандығы да болмайды. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды, бір партияның билігі жүреді, жеке басқа табынушылық болады.
2.Тоталитаризм тарихи және саяси феномен және оның ерекшеліктері ретінде. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сенрежимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.
Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партияарқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм,қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаевсияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.
Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялықдоктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдардан лаңкестік.