Оқу практикасының КҮнделігі



бет2/2
Дата09.06.2023
өлшемі56,1 Kb.
#100012
1   2
р/с


Оқу практикасының бағдарламасына сәйкес орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбесі

Оқу практикасының бағдарламасын орындау мерзімдері
«_»________2023 жыл



Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1.

Оқу практикасының талаптары, мақсат-міндеттері мен практика бағдарламасымен танысу.



29.05.2023



30.05.2023





2.

Академиялық жазылым үдерісімен танысу, параграф үлгісін жазып үйрену



30.05.2023



31.05.2023





3.

Шағын эссе және оның құрылымын оқып, мысал келтіру. Эссенің түрлерімен танысу

31.05.2023



01.06.2023





4

Аргументтік эссенің жазылу тәртібімен танысу.

01.06.2023

02.06.2023


5

Мәселе және оның шешімін қарастыру эссесін оқып, мысал келтіру.

02.06.2023

05.06.2023


6

Салыстыру эссесі. Себеп-салдар эссесінің жазылу тәртібімен танысу

05.06.2023

06.06.2023


7

Үдеріс эссесі. Келісу немесе келіспеу эссесі. Синтез эссесі. Уәждемелік эссесі.

06.06.2023

07.06.2023


8

Академиялық жазылым үдерісі

07.06.2023

08.06.2023


9

Оқу практикасының қорытынды есебін тапсыру

08.06.2023

09.06.2023


10

Оқу практикасының жұмыстарын тапсыру, бағалау

09.06.2023

10.06.2023


Жетекшінің қолы_________________


СТУДЕНТТІҢ ЕСЕБІ

Осы 29.05.2023-10.06.2023 күндері аралығында өткен оқу практикасы нәтижесінде практиканың бағдарламасы бойынша тапсырмалар орындадық. Ең бірінші оқу практикасының мақсат-міндеттерімен қатар, бағдарламасымен таныстық. Оқу практикасындағы басты нысандар- параграфтың жазылу құрылымы, эсселердің түрлерімен танысып, жазып үйрену болды. Параграф жазудың өзіндік құрылымымен танысып, дәлелдер келтіріп, қорытындыладық. Эссені жазбас бұрын оның тақырыбын қалай таңдау керегін, тақырыптарды күрделі деңгейге дейін түрлендіруді үйрендік. Тақырып таңдау таксономиясы бойынша тақырыптарды әртүрлі деңгейде түрлендіріп, мысал келтірдік. Эссе жазудың ережелесі мен тәртібін сақтап көптеген эссе түрлерімен таныстық. Аргументтік эссе, мәселе және оның шешімін қарастыру эссесі, салыстыру эссесі, себеп-салдар эссесі, үдеріс эссесі, келісу немесе келіспеу эссесі, синтез эссесі, уәждемелік эссе сияқты эссе түрлерін оқып түсініп, мысалдар келтірдік. Әрбір эссе түрінің жазылу құрылымдарын сақтап, таңдаған тезистерге сай параграфтар жаздық. Бұрын-соңды эссенің жазылу тәртібімен, оның түрлерімен таныс болмаған едім. Практика нәтижесінде тереңірек таныстық. Мысалы, салыстыру эссесінде екі нысанды бір-бірімен салыстыру барысында қандай ерекшеліктеріне мән беру керек, бөлім немесе тізбек түрінде қалай салыстыру керек екенін түсіндік. Ал келісу келіспеу эссесінде бір пікірге немесе сауалға жеке көзқарасты білдіріп, келісу не келіспеушілік тарапты ұсынып оған дәлелдер мен дәйектер келтірдік. Және т.б эссе түрлерінің әрқайсысымен жеке-жеке танысып, мысалдар келтіріп жұмыстандық. Бұл практика біз үшін өте пайдалы болды, себебі біз көп жаңа нәрсені үйреніп әсіресе эссеге көп назар аудардық. Тіпті тақырыптың да таңдалуына оның мазмұндылығына баса назар аудардық. Бұл бізге болашақта әртүрлі мақалаларды жазуда үлкен көмек болары сөзсіз. Сонымен қатар болашақта мықты әлеуметтанушы болу үшін эссені дұрыс жаза білудің маңызы зор екенін түсіндік. Осы екі апта аралық уақытта үйренгеніміз өте көп болды.

Қолы _________________________________________________________


Қорытынды :
Практика нәтижесін қорытындылайтын болсақ, біз тек эссе жазуды ғана үйреніп қоймай оның толық құрылымының қалшай жазылу керектігімен таныстық. Соған сәйкес үйренгенімізді тәжірибе жүзінде қолданып, эсселер жаздық. Бұл біздің ойлау қабілетімізге, ойды дұрыс жеткізу қабілетіміздің дамуына әсер етті. Таңдалған тақырыпқа сай дәлелдер мен дәйектер келтіріп, сол дәлелдер бойынша эссені қорытындылап үйрендік. Оқу практикасы осы екі апта уақытта өте жоғары деңгейде әрі пайдалы өтті. Практика барысында үйренгендерімізді алдағы уақытта қолданысқа пайдаланамыз деп ойлаймын. Жетекшімізге ерекше алғысымызды білдіреміз.
Ұсыныстары:
Алдағы уақытта практикаға қызықты ойындар, әртүрлі ерекше тапсырмалар қосуға болады. Бұл студенттің оқу практикасына деген ынтасын арттырады деп ойлаймын. Сонымен қатар тек бір типті тапсырмалар емес, тапсырмалар жүйесін өзгертуге болады. Студенттер бір типті тапсырма орындаудан жалығуы мүмкін, сонда бұл ұсыныс қажет болады деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет