Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі
құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси əлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру жəне оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық тетігін іске асыру. Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу əдістері мен тəсілдері, салық салу актілері мен заңдары салық қызметтерін құрайды[1,35].
Елімізде, яғни, Қазақстан Республикасында 1991 жылығы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Салық жүйесі туралы» заңы тəуелсіз еліміздің салық жүйесін құруы мен қалыптастырудың ең алғашқы бастамасы болды. Бұл еліміздің әлуметтік экономикасын реформалаудағы күрделі істің негізгісі және бірегейі болып табылған еді. Осыған байланысты еліміздің экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар мен өзгерістер енгізілді. Оларды негізгілері мыналар: Бірінші, шаруашылық жүргізу еркіндігі, екінші, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, үшінші, шаруашылық жүргізуші мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі түзілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты қағидаты салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тəртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып саналды. Аталған заңды құжат бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері республикалық жəне жергілікті органдардың салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын белгіленді. Ал 1995 жылдан кейінгі кезеңде салық жүйесіне бірқатар өзгертулермен толықтырулар енгізілді.Яғни, осы жылы сəуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауымен заңдық күші бар «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығы жарық көріп, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы1-шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар түрлі талабына бейімделіп, халықаралық тəжірибеге біршама жақындатылған заңды күші бар құжат болды. Осының негізінде, салықтың бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік əлеуметтік-бағдарламаларды орындауда маңызы өте зор болды. Салықтар – мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тəн құбылыс болып табылады. Олардың басты міндеті əр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады. Сонымен қатар салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тəсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші əсер етті.
ҚР Салық жүйесінің дамуының, құрылуының негізі, оның əдіснамалық негізі боп саналады:
1. Заңдық жəне құқықтық база оның мақсаты салық қатынастарын реттейді (салық кодексі жарлықтар, шешімдер, бұйрықтар т.б арқылы):
- салықтарды жинау əдістемесі;
- салықтық бақылауды жүзеге асыру түрлері мен формалары
(салық төлеушілер мониторингі, құжаттық тексерулер, рейдтер)
- салық органдары.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы келесідей заңнамалық негіздерге сүйенген.
1. «ҚР салық жүйесі туралы» Заң (25.12.1991 ж.)
2. «Салықтар жəне бюджетке төленетін басқада міндетті
төлемдер туралы» Заң (24.04.1995 ж.)
3. «Салықтар жəне бюджетке төленетін басқада міндетті
төлемдер туралы» ҚР Салық Кодексі (12.06.2001 ж.)
4. «Салықтар жəне бюджетке төленетін басқада міндетті
төлемдер туралы» ҚР Салық Кодексі (10.12.2008 ж.) [2].
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының салық жүйесінде салық кодексіне сəйкес төмендегідей салық түрлері қызмет етуде:
1. Корпоративтік табыс салығы;
2. Жеке табыс салығы;
3. Қосылған құнға салынатын салық;
4. Акциздер;
5. Экспортқа рента салығы;
6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен
салықтары;
7. Əлеуметтік салық;
8. Жер салығы;
9. Көлік құралдарына салынатын салық;
10. Мүлік салығы;
11. Ойын бизнесіне салынатын салық;
12. Тіркелген салық;
13. Бірыңғай жер салығы.
Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
мемлекеттік баждар;
Алымдар:
1. тіркеу алымдары;
1. автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағымен жүргені үшін алым;
3. аукциондардан алынатын алым;
4. жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
лицензиялық алым;
5. телевизия жəне радио хабарларын тарату ұйымдарына
радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым;
Төлемақылар:
1. жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
2. жер бетiндегi су көздерін пайдаланғаны үшiн төлемақы;
3. қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы;
4. жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
5. орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн
төлемақы;
7. радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
8. қалааралық жəне (немесе) халықаралық телефон байланысын
пайдаланғаны үшін төлемақы;
9. кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
10. сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Сонымен, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың жəне басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрлері бойынша айқындалған. Салықтардың жəне бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдердің сомасы Бюджеттік Кодекс пен «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген тəртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі[1,38].