Оқу практикасының өту барысы



бет4/4
Дата14.08.2023
өлшемі0,68 Mb.
#105247
1   2   3   4
Қорытынды

Салық және ҚР салық жүйесі туралы жазылған мәтіндерімізді қорытфндылай келе, мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Экономикалық жағынан алып қарағанда салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.


ҚР салық жүйесі өзінің дамуының 3 кезеңінен өтті.
Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 маусымына дейін). Республикада 40 астам салық түрлері қызмет етті: 1. жалпымемлекеттік;
2. жалпыға міндетті жергілікті салықтар;
3. жергілікті салықтар.
Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға дейін). Бұл кезеңде салық саны 11 дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөлінді.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан бастап бүгінге дейін). Жаңа Салық кодексін қабылдау. Ол үш бөлімнен: жалпы, ерекше және салықтық әкімшіліктендіру бөлімдерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Абиева С. Н., Алиева М. М. Салық жəне салық салу: Оқу құралы – Алматы, Дәуір. 2012 – 244 бет
2. ҚР ҚМ Салық комитеті жөніндегі Ереже //www.minfi n.kz
3. ҚР Бюджет кодексі // 2009ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет