1
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
87.3 я 73 Философия кафедрасы
Е 78
Есбол Ғ.Ш
Философия тарихы
Оқу құралы
I бөлім
Қостанай, 2016
2
УДК 1 ( 091 ) (075.8 )
ББК 87.3 я 73
Е 78
Рецензенттер:
Колдыбаев С.А. - Философия ғылымдарының докторы, профессор;
Кұлжанова Г. – философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
Жақып Қ.Х. – философия ғылымдарының кандидаты,профессор;
Автор:
Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы, философия кафедрасының, аға оқытушысы
Е 78 Есбол Ғ.Ш.
Философия тарихы., I бөлім. Оқу құралы. – Қостанай, 2016. – 188 б.
ISBN 978-601-7385-59-0
Бұл оқу құралы Ежелгі Шығыс философиясынан бастау ала отырып,
Батыс Еуропа, Орыс және Қазақ философияларының даму тарихы мен
ерекшеліктеріне, өзектілігіне тоқталып, философия курсының ең негізгі,
көкейкесті деген мәселелерін қамтиды. Әрбір тақырыптардың аяғында өзін –
өзі тексеруге берілген сұрақтар, '' Ойланыңыз '' атты логикалық тапсырмалар
және реферат тақырыптары және қолданысқа ие болатын әдебиеттер тізімі
берілген. Оқу құралы бакалавриаттың барлық мамандықтарына арналған.
ББК 87.3 я 73
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің Ғылыми-
әдістемелік кеңесінде ұсынылып және бекітілді (Хаттама N----- )
ISBN 978-601-7385-59-0 © Есбол Ғ.Ш.,
2016 Авторлық құқық заңмен қорғалған
A11 rights are reserved.
3
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................4
Әдебиеттерге шолу....................................................................................................5
Философияның пәні
1.
Философияның пәні, мақсаты және қызметтері...........................................7
Философия тарихы
2.
Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі
шығыс философиясы. Антика философиясы......................................................20
3.
Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы.....................................55
4.
Қайта Өркендеу дәуірі философиясы............................................................79
5.
Жаңа дәуір философиясы...............................................................................90
6.
XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы.....................100
7.
Классикалық неміс философиясы................................................................114
8.
XVIII ғ.соңы – XXI ғ.басындағы философиясы.........................................124
9.
Қазақ философиясы.......................................................................................165
Қорытынды …………………………………………………………......................181
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………....................185
Қосымша ………………………………………………………………...................186
4
Кіріспе
Философия тарихы туралы ежелгі заманнан бері Батыстық және
Шығыстық өркениеттердің ғұламалары көптеген еңбектер қалдырған болатын.
Ұлы ойшыл – даналардың мұраларынан философия қосқан үлестері, сол кездегі
көтерген әр елдің қоғамындағы әлеуметтік-саяси ахуалының өзекті мәселелері
жайлы тұжырымдамалар мен өміршең идеялар бүгін де мән-мағынасын
жоғалтқан жоқ. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі
ретінде пайда болуының алғышарттарының бастапқысы мифология, діннің,
халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген ықпалы терең
сипатталған.
Бүгінде адамзатты XXI ғасырдағы нарық дағдарысы бір жағынан
қыспаққа алғанда, екінші жағынан рухани жүдеуліктен және пайдакүнемдік
ниеттен жер – жердегі мемлекетаралық (Палестина, Сирия, Аравия т.б.)
қарама – қайшылықтар белең алып отыр.
Философия тарихын жете білу, сол кезеңдердегі ақылмандардың даналық
тұжырымдарын ой елегінен өткізіп, адамның өзін – өзі тануға, қоғамдағы
өз орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Философиядағы құндылықтар адамды жағалай қоршап шектелген,
толымсыз болмыстан тиістілік әлеміне ұмтылдырады. Өйткені адамның
рухани өмірі сан-алуан ойлар мен болжамдарға, күнгірт және әсем сезімдерге,
жоспарлар мен үміттерге т.с.с. толы. Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың
шеңберінен әрқашанда шығып кетіп, әлі өмірде жоқ, бірақ тиісті болуы керек
Дүниеге жетуге тырысады. Сонымен құндылық әлемі оның өмірінің мақсат-
мұраты мен мән-мазмұнына айналады
Сонымен, философия, бір жағынан алып қарағанда, ғылымменен ұштасып
жатса, екінші жағынан оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық
біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани құндылықтармен, тіпті
мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқаймыз.
Өткен ілімдерді және қоғамды жетілдірудегі тәжірибелерді сараламай,
болашақты құру мүмкін емес. Ондағы мінсіз қоғам мен сол бағыттағы
құнды идеялар бүгінгіге мұрындық болып, түбегейлі нәтижелерге бастауды
қамтамасыз етеді.
Оқырмандарға ұсынылып отырған, бұл оқу құрал жоғарғы оқу
орындарының барлық баклавриат мамандықтарының күндізгі және сырттай
оқу бөлімдеріне, философияға қызығушылық танытқан көпшілік қауымға
арналған.
Оқу құралы ЖОО бағдарламасына сәйкес негізделген. Тақырыптардың
аяғында өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және реферат, тірек кестелер,
“Ойланыңыз” деген логикалық тапсырмалар берілген.
5
Әдебеттерге шолу
Қазақ философтары Маркстік парадигманың (үлгінің) шеңберінде, әсіресе
60 жылдары үлкен жетістіктерге жетті. Біршама дарынды жас философтар
жоғарыдан түсірілетін «тапсырмалы тақырыптардан» бас тартып, сол кездегі
саяси жағынан алғанда қауіпсіз логика саласына өз назарын аударады. Олардың
айырықша көзге көрініп, дүниежүзілік деңгейге көтерген философия саласы –
ол диалектикалық логиканың категорияның құрылымын байытып, тереңдетуге
арналған зерттеулер еді. Бұл зерттеулерге аса қомақты үлес қосқан
Ж.Абдильдин , А. Нысанбаев, М.Хасанов және олардың шәкірттерін айтуға
болады. Философия мен жаратылыстану саласындағы байланыстағы зерттеуге
Қ.Рахматуллин, М.Сабитов, З.Мұқашев, А.Балғымбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б.
ғалымдар өз үлесін қосқан.
Неміс классикалық философиясының (Г.Гегель, И.Фихте) қойған адам
мәселесі оның еріктігі мен жасампаздық іс-әрекеті, жаттану, т.с.с мәселелерін
терең талдап, Маркстік тұрғыдан дамытқан көрнекті ғалым Қ.Әбішевті және
оның шәкірттерін ерекше атауға болатын сияқты.
Қазақ философиясында ерекше орны бар тұлға – А.Қасымжанов. Ол
алғашқылардың бірі болып, Әл-Фарабидің философиясын зерттеп, оны өз
халқымен тағы да қауыштырды. Сонымен қатар өз халқының тағдыры, қазақ,
жалпы түрік руханиятына арналған оның еңбектері – ғалымнан болашақ
ұрпақтарға қалған асыл мұра.
Философияның өзекті салалары саналатын этика ғылымының отандық
философиядағы іргесін қалаған Г.Ақмамбетовті, эстетика бойынша
Б.Қазыханова, Қ.Нұрлановнаны және олардың шәкірттерінің қызметін атап
кетуге болады.
Соңғы жылдары қазақтың арғы тектерінің мәдениеті саласында мазмұнды
еңбектерін
жариялаған
ғалымдардың
қатарында
М.Хасановтың,
М.Орынбековтың, Т.Ғабитовтың, Ж.Алтаевтың, Ардақ Нұрғали, т.б есімдерін
атап өтуге болады.
Қазақтың ілкі тектері - көне түркілердің дәстүрлі мәдениетін зерттеуде
археологтар
А.Бернштам,
С.Толстов,
С.Черников,
А.Окладников,
А.Х.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов сияқты ғалымдардың еңбектерінен
көптеген мағлұмат алуға болады. Түркілердің ескі жазуын тауып, олардың
жұмбақ сырын шешуде В.Томсен, В.Радлов, С.Малов ізденістері шешуші
қызмет атқарды.
Ежелгі түркі тектестердің дәстүрлі мәдениетінің негізгі арналарына
байланысты өте бағалы деректер батыс зерттеушілері М.Де Гротт, В.Еберхард,
Г.Немет, Л.Лигети, С.Засс, Ф.Алтхейм, қытай, жапон ғалымдары М.Лиу,
К.Ширатори, түрік оқымыстылары Б.Үгел, А.Инан, И.Кафезоғлы еңбектерінен
табылады.
Антропология және этнография саласынан В.П.Алексеев, Ю.В.Бромлей,
А.П.Окладников, О.Исмағұлов, А.Төлеубеав, Х.А.Арғынбеав сияқты ғалымдар
еңбектерінен көне қазақтардың арғы тектеріне қатысты мәліметтер алуға
болады.
6
Енді әлеуметтік философияға келетін болсақ, қазақ халқының тарихына
алғашқылардың бірі болып философиялық сараптау жасап, көшпенділіктен
жаңа өмірге өту үрдісін мазмұнды талдаған Д.Кішібеков болды. Қазақ
халқының ғасырдың аяғында тағы да өтпелі кезеңнен өту үрдісіне байланысты
ғалым бүгінгі таңдағы өзгерістер сараптап, нақтылы да тиімді ұсыныстар берді.
Батыс пен Шығыстық философия тарихын терең талдап, қоғам мен адам
мәселесін зерттеген С.Мырзалының еңбектері зиялы қауымға белгілі.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын терең талдап, бүгінгі өтпелі қоғамдағы
әлеуметтік рестратификация (қайта құрылу) мәселесін зерттеуге қомақты
үлесін қосып жүрген М.Әженовті және оның шәкірттерін атаймыз. Бұл
тұлғаның философиялық кадрларды дайындауға қосқан үлесі де ерекше.
Қазақстанның кеңес заманында «Халықтар достығының лабораториясына»
айналуына байланысты ұлтаралық қатынастарды зерттеуге ерекше көңіл
бөлінген болатын. Бұл мәселені зерттеуге қомақты үлес қосқан Н.Жанділдин,
М.Сужиков, А.Айталы, Т.Сәрсенбаев, Р.Әбсаттаров, Н.Байтенова, Н.Малинин
және т.б айтуға болады.
60-80 жылдары қоғамдық қатынастардың нормативтік табиғатын, дәстүрлі
мәдениеттің даму жолдарын зерттеп, өзіндік ізін қалдырған көрнекті ғалым
Н.Сәрсенбаевті атау керек.
80 жылдардан бастап әлеуметтік таным методологиясын дамытуға өз қомақты
үлесін қосқан, сонымен қатар отандық философия тарихын зерттеуге ат
салысып жүрген ғалым А.Қасабек-зиялы қауымға жақсы таныс.Осы кезде
ғылыми -техникалық революция және тұлғаның дамуына Ә.Тұрғынбаевтың
біршама нәтижелі еңбектері жарық көрді.
Зерттеудің нәтижелері мен қағидалары қазақ халқының рухани –мәдени
ізденістерін, дәстүрлі дүниетанымын саралап, бір жүйеге келтіру мақсатында
қолдана алады. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері мен тұжырымдары
Қазақстандағы мәдениеттану ілімін дамытуға себебін тигізе алады, жоғарғы оқу
орындарында оқылатын «Философия» пәнін жетілдіруге көмегін тигізеді деп
ойлаймыз.
1 тақырып.Философияның пәні, мақсаты және қызметтері
1. Философия пәні. Философия ғылым ба, әлде өнер ме?
2. Қоғамның рухани өміріндегі философияның орны мен рөлі.
3.Дүниетанымның тарихи формалары ретіндегі мифология, дін және
философияның арақатынасы.
4. Философияның функциялары.
7
Философия пәні
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пәнде - ол өзін бүкіл дүниеден
бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы дүниедегі орным қандай? Мен
бұл өмірге не істеу үшін келдім? Олай болса, философия – дүниеге деген
дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның
шеңберінде дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, -
хиқаят, -баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағына береді).
Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы
фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес).
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, - сонымен
дүниеге деген көзқарастың, дүниесезімінің жаңа түрі қоғамға келді. Дін де,
мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар дүниені
фантастикалық қиялдан бейнелеуімен ерекшеленеді.
Дінде ең құдіретті жасампаз - Құдай – табиғаттан жоғары және бөлек
тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы
беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.
Сенім дегеніміз – белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге,
нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру ия болмаса дәлелдеу арқылы
қажет-етпеу.
Діни сенімнің қайнар көзі – адамның дүниені сезімдік-құндылық
тұрғыдан игеруінде, ал дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген
көзқарастарға дін қарсы келеді.
Философия - ғылым әлде өнер ме?
Жоғарыда атап өткеніміздей, дүниеге деген діни көзқарасқа
қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде-ақ пайда болып, аса ұлы
тұлғалардың дүние мен адам қарым-қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген
сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.
Осы тұрғыдан алғанда “Философия – ақыл-оймен ұстап қалынған тарихи дәуір”
деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек.
Философия – грек сөзі, philio- сүйемін, sophio- даналықты (даналықты
сүйемін). Ол б.з.д 1-3 жылдықтың басында дүниеге келді. Оның шығуының 2
қайнар көзін атаған: 1) бірі Аристотельдің , адамның білуге құмарту қаблеті
(таңдану), адамның бақытына берген қасиеті десе, XVII ғ. Р. Декарт:
”Ойлаймын - яғни өмір сүремін”, К. Маркс: “Рухани бай адам-әрдайым зәру,
мұқтаж адам, ол әр уақытта сол байлықты көбейтуге ынтығады”, деген
болатын. 2) Сократ(5ғ.б.д.д): “Философияға шабыт беретін, рухтандыратын-
өлім”- деген. Осы білімі оны өмірдің мәнін, маңызын ойлауға итереді. (Шығыс.
ф.)
Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы –
оның рационалдығында (ratіo - латын сөзі, - ақыл-ой). Жалпы алғанда
философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге
8
тырысады, осы мақсатқа жету үшін оның өзінің категориалдық (categorіa - грек
сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың
мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім-тәжрибесіне негізделген жүйесі
қалыптасады. Мысалы, А.Шопенгауер философия ғылымының кемшіліктері –
оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір
түрі ғана деген пікір айтқан болатын.
И.Фихтенің айтқанындай, философиялық жүйені таңдау адамның өзінің
кім екеніне байланысты, өйткені философиялық жүйе соны жасаған адамның
жан-дүниесі арқылы жанданған. Бұл жағынан алып қарағанда философия
көркемөнерге ұқсас.
Жеке ғылым салаларына көз жіберсек, онда талғам мәселесі толығынан
жоқ сияқты. Физика, ия болмаса биологиядағы теорияларды жасаған
авторларды көбінесе көзі тірі кезінде айтамыз, соңынан олардың ашқан
жаңалықтары сол ғылымның бір тарауына құрап, бейтұлғалық объективтік
заңға айналып бара береді (objectum – латын сөзі, -зат, қарсы қоямын).
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз философия пәнінің күрделі де,
біріктіргіш білім, дүниеге деген көзқарас екенін байқаймыз
іntegratіo – латын
сөзі, - біртұтас, қалпына келтіру, толықтыру
.
Философия – біртұтас ерекше дүниеге деген көзқарастық білім. Философия
– адамзат мәдениетінің өзегі.
Философияның негізгі мәселесі
Философияның дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін,
мәселені нақтылай түсіп келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз керек.
Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол
шынында сол кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның
алғашқы деректері мен тұжырымдамаларын өз бойын сіңірді.
Қорыта келе мына пікірді айтуға болады. Философия өзінің тарихи
бастауынан бастап, осы заманға дейін – 2,5 мыңжылдық шеңберінде - өзінің
пәнін, айналысатын мәселелерін өзгерткен жоқ. Философия пәнінің қайнар көзі
– жеке адам ия болмаса әлеуметтік топ, қоғамның дүние мен адам және
олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша
айтқанда homo sapіens
саналы адам
дүниені біртұтас ретінде және сол
дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім
тебіреністерін тудырады.
Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең
жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Бұл ең жалпы жақындағанда
ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда
оның көп қырлылығын көреміз. ХVI-ХVII ғ.ғ.,Батыс Еуропадағы философия
натурфилософиялық атқа ие болды. Өйткені, ондағы метафизикалық бағыт
философиядан бөлінген, нақты ғылымдардың (физика, химия, астрономия т.б.)
шығуына алып келді. Содан, философия жаңа сипатқа ие болып, қарастыратын
мәселелері және салалары пайда болды.
Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр-сырын
9
атап өтуіміз керек
ontos – грек сөзі, барлық, болу; logos – ілім, болмыс пен мән
туралы ілім
. Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері – ол оның
гносеологиялық жақтары
gnosіs – грек сөзі, -тану, білу
, таным туралы ілім.
Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі, ол оның аксиологиялық
жақтары (axіos– грек сөзі, -құндылық), яғни құндылық туралы ілім еді.
Философия пәнінің келесі жағы – ол оның праксеологиялық, прагматикалық
мәселелері
praktіcos – грек сөзі – белсенді, іс-әрекетшіл; pragmatos – грек сөзі,
-іс-қимыл
туралы ілім, логикалық мәселелері (logos– грек сөзі, -ойлау)
қисынды ойлау және ойлау заңдылықтары туралы ілім Өйткені адам дүниені
тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, оны өз іс-
әрекеттерімен түйістіріп, дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді,
құбылыстарды тудырады.
Философияның негізгі мәселесі. Бірінші жағы
Өйткені философия дүниеге келісімен-ақ оның шеңберінде әр-түрлі бір-
біріне қарсы бағытталған ағымдар пайда болды.
Ол – дүниенің алғашқы негізгі субстанциясы неде? (substantіa – латын сөзі, -
негізінде, астында жатқан).
Екінші жағынан, бұл дүниені ең шегіне жеткен жалпылық тұрғысынан алып
қарағанда, онда біз екі-ақ құбылысты табамыз - оның бірі материя (materіa –
латын сөзі, -зат) – табиғат заты, екіншісі – сана – адамның ішкі жан-дүниесі,
рухы.
Жалпы айтқанда жоғарыда көрсетілген үш ұғымда Дүниені зерттеудегі
негізгі үш идея берілген. Ол – Дүниенің бірлігі, екіншіден – оның заттық
субстраты (substratum - негіз), үшіншіден – адамның өз ішінен табатын
материалдық емес рухани тебіреністері.
Егер дүниенің субстанциясы материя деген пікірге келсек, онда
философияда материалистік ағым пайда болады..
Керісінше, субстанция дегеніміз жеке адамның жан-дүниесі ия болмаса
дүниежүзілік абсолюттік идея, рух т.с.с. деп болжамдасақ, онда философияда
идеалистік ағым пайда болады.
Егер дүние субстанциясының екі ажырамас – материалдық және рухани
жағы бар деген көзқараста болсақ, онда біз философияда реализм бағытын
тудырамыз. Философияда сирек кездесетін ағымдардың бірі – дүние
субстанциясы екеу – материя және рух және олар бір-біріне тәуелсіз деген
пікір. Мұны алғаш рет философия тарихында француз философы Р.Декарт
айтқан болатын. Мұндай көзқарасты біз дуализм бағытына жатқызамыз. (dualіs
– латын сөзі, - екі жақтылық).
Ал жоғарыдағы үш дүниеге деген көзқарас монистік бағытта болмақ.
(monos – грек сөзі, -біреу).
Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге қарама-
қарсы бағыт – идеализм (іdea – грек сөзі, -ой, идея). Дүниенің негізінде
субстанция ретінде рухани болмыс жатыр деген қайсыбір дүниесезім мен дүние
10
қабылдауды біз идеализм дейміз. Идеализм адам өмірінің рухани жағын
бірінші орынға қояды. Бұл ағым қайсыбір белсенділіктің, шығармашылықтың
қайнар көзі – рухта деген пікір айтады. Материя мойындалғанымен, ол енжар,
болмыстың төменгі жаратылған түрі ретінде ғана қаралады.
Идеалистік философияның негізгі екі түрін бір-бірінен ажыратуға болады:
ол объективті және субъективті идеализм.
Достарыңызбен бөлісу: |