Оқу құралы I бөлім Қостанай, 2016 2


Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#5957
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1.
 
Әл-Кинди және Араб тілді философияның бастауы. 
2.
 
Әл-Фарабидің онтологиясы және әлеуметтік-этикалық формасы. 
3.
 
Ибн-Халдунның әлеуметтік-этикалық формасы. 
4.
 
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы жөніндегі ілімі. 
5.
 
Ибн-Синаның философиялық көзқарастары. 
6.
 
Ибн-Рошдтың потенциалды интелект жөніндегі ілімі. 
 
 
                                                     Ойланыңыз: 
 
1.
 
Біз бақытқа әсемдік арқылы, әсемдікке - философия өнері арқылы жетеміз, ал 
олай болса, біз философия арқылы бақытқа жетеміз. Ал философияға ақыл-ой, 
шындық арқылы жетеміз.(Әл-Фараби). Мұнда  философияның қандай қызметі 
туралы айтылып отыр?  
2.
 
’’Адамның    иманы    жүзінде,  адамгершілігі  ниетінде    ‘‘,  дегенді  қалай 
түсінесіз? 
3.
 
 Ж.  Баласағұн:    ''  Бала  нені  көрсе  жастан  ұядан,  өле  -  өлгенше  соны  таныр 
қиядан '', мұның мәні неде жатыр?  
4.
 
'' Кімде кім тозаңдай жақсылық жасаса, міндетті түрде сауабын алады '', бұл 
уағыз нені меңзеп отыр? 
5.
 
''  Сендер  жақсылыққа  шақырып,  жамандықтан  сақтандыру  арқылы  игі 
үмбет болдыңдар '', адамның қандай қасиеті туралы айтылған?  
6.
 
''  Тозақ  -  өзімшілдіктен.  Бейшаралық  –  надандықтан  '',  сіз  не  деп  айтар 
едіңіз? 
7.
 
 '' Алдау -күнә, арамдық - 2 есе күнә '',-ал  сен не дер едің?  
8.
 
''  Жақсылық  -  адамгершілік,  ізгілік  –  жауапкершілік  '',  сіз  мұны  қолдайсыз 
ба? 
9.
 
 ''  Зұлымдық  –  күштен  айырады.    Жамандық,  күнәхарлық  -  өзіңе  деген 
жауапсыздық'', сонда не істеу керек?  
10.
 
'' Зәбірлемеу - нағыз адамгершілік '' , бұл қағаданың мәні неде?  

 
 
73 
 
11.
 
«Парасаты  жеңсе  адам-  періштеден  де  жоғары  тұрады,  нәпсісі  жеңсе- 
хайуаннан да төмен дәрежеге түседі», - мұны қалай түсінесіз? 
 
 
Реферат тақырыптары: 
 
1.
 
Ислам, оның негізгі бағыттары. 
2.
 
Ортағасырлық мұсылман философиясындағы кемелденген адам мәселесі. 
3.
 
Ибн-Синаның ғылыми философиялық мұрасы. 
4.
 
Ибн-Рушдтың діни философиясы. 
5.
 
Ибн-Халдунның адам жөніндегі ілімі. 
6.
 
Ибн-Халдун және қазіргі әлеуметтік философия. 
7.
 
Әл-Фрабидің әлеуметтік – саяси көзқарастары. 
 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 

 
 
74 
 
Қ
осымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– 
Москва: 
Восточная 
литература,2001.

 
 
75 
 
1 тірек кесте.     Әл-Фарабидің (ақыл-ой) жөніндегі ілімі 
 
«Бірінші Барлық» (1 БАР) – белсенді ақыл (БА)             Дүниеде  4 негізгі 
интеллекті (ақыл-ойды) тудырады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1  Потенциалды  интеллект  (ПИ)  ақыл-ой  (АО)-жеке  -пәнденің-  заттардың 
бітімін тану,білу мүмкіншілігі; 
2  Актуалды  (шындық,  іс-әрекет)  интеллект  (АИ)  –  болмыстағы  заттардың 
табиғатында , олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда - өзінің 
материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. 
Сонымен тану процесінде – заттардың бітімі – абстракциялау арқылы – ерекше 
болмысқа 
ие 
болып, 
оймен 
жететін 
актуалды 
интеллектің  
объектіне айналады. 
3  Игерілген  интеллект  (ИИ)  –  жеке-пәнденің  дүниені  ,  заттарды  танып, 
олардың  мән-мағынасын  өзінің  жан-дүниесінің  ажырамас  бір  бөлігіне 
айнаудыруы жатыр 
4 Іс -әрекеттік интеллект (І/ Ә И) – Бұл күрделі ұғым. Ол ешқашанда материяда 
болмаған:  ол  ол  потенциалдық  ақыл-ойды  –  шындыққа  айналуына  дәнекерлік 
жасайды.  (Мысалы:  көз  күн  сәулесі  заттарға  түскенде  –  көз  актуалды  түрде  – 
дүниені көре бастайды) Сол арқылы Пи -актуалдіке айналады 
 
 
 
 
               
АИ
 
ИИ
 
І / Ә И
 
1 БАР
 
ПИ
 
 
тудырады 
 
 
 
 
 
 
Болмыс 
1 Барлық 
тудырады 
 

 
 
76 
 
 
  
2 тірек кесте.         Мұсылмандық – араб  тілді  философия 
 
                                  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
                                
                    
 
 
 
 
 
5 категориялы: рухани түп негіз - 
Материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт 
 
 
Дүниетанымның 2 түрі: 
 
 
 
 
 
 
Онтологиясы-   2 субстанция:
 
 
Әл-Кинди  (800-870) –  “араб  
философы”  деп, атаған 
Гносеологиясы -1 саты: логика мен 
математика, 2 саты:  жаратылыстану, 
3 саты: философия 
Ақыл- ойдың- 4 түрі: 1-ші: мәңгі 
әрекетшіл “белсенді ақыл- ой”. 2-ші: 
”бейжай, енжар ақыл- ой”. 3-ші:”жол-
жөнекей  қосылған ақыл-ой”, 4-ші: 
”жарияшыл ақыл-ой” 

 
 
77 
 
 
3 тірек кесте. Әл-Фараби  гносеологиясы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әл-Фараби (870-950)  
“2-ші ұстаз” атанған 
 
 
Гносеологиясы : 
 
-1-ші: теория 
Теориялық білімге – 
- логика, жаратылыстану ғылымдары 
және метафизика 
- логика,ғылым: жалған білімнен 
тазартады 
-2-ші:практика, тәжірибе 
 
 
Таным: 
 
-1-ші: сезімдік таным 
- сыртқы,өзгеріп отыратын жағын 
сипаттайды 
-2-ші: ойлау танымы 
- заттың ішкі сырын,мәнін ашады 

 
 
78 
 
4 тірек кесте. Ибн-Сина   философиясы 
 
 
 
 
 
 
Ибн-Сина (980-1037)-‘‘Философтар  патшасы’’ немесе 
‘‘дәрігерлер атасы’’ 
Еңбегі ‘‘Сауығу кітабы’’ , 
медицина жайлы және 
логиканы, физиканы, 
математиканы, философияны 
қамтыған. 
Гносеологиясы 
Жалпы ұғымдар 
(универсалиялар): 
1) Заттарға дейін, құдіреттің ақыл-
ойында. 
2) Заттың өзінде, себебі ол сол 
заттың мәні. 
3) Заттан кейін адамдардың 
санасында 
Дүние негізгі 2 субстанция:      
-материялық және идеялық 
субстанциялардан құралған.    
-Дүние эманация жолымен 
құдайдан пайда болады, 
өзінің мәні жағынан 
материялы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
79 
 
4 тақырып. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы 
 
1. Қайта Өркендеу дәуірінің ерекшіліктері. Антропоцентризм. 
2. Н. Кузанский мен Н.Маклавеллидің философиялық идеялары. 
3.  Қайта  Өркендеу  Заманындағы  ғылыми  (сценистік)  жетістіктер  (Галилей, 
Коперник, Бруно). 
4.  Діни  реформация  және  оның  капиталистік  қатынастардың  қалыптасуы  мен 
дамуындағы рөлі. 
 
Қайта Өркендеу дәуірінің ерекшіліктері 
 
Қайта Өркендеу дәуірі (ренессанс 

 фр. ) 

 Орта ғасырдан Жаңа Заманға 
өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз XIV – XVI ғ. ғ. белгілейміз. 
Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуынан, антропоцентризм 
(адам)  мәселесіне,  саяси-әлеуметтік  идеялардың  тууына,  ғылымға  бетбұрыс 
басталды. 
 
Қайта Өркендеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс 
 
Сонымен,  адамның  құдіреттілігі,  оның  Құдайдың  өзімен  парапарлығы  - 
Қайта  Өркендеу  Заманындағы  ойшылдардың  негізгі  идеяларының  біріне 
айналды. 
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшы  - ол 
Лоренцо  Валла  (1407-1457)  болды.  “Ләззәт  алу  жөнінде”  деген  еңбегінде  ол 
адамның  дүние-танымы  оның  ақыл-ойымен  қатар  сезімдік  іс-әрекеті  арқылы 
ғана  болады  деген  пікірге  келеді.  Ләззат  -  “жан  мен  дененің  рахатқа  батуы” 
ретінде  игілікті  іс.  Мұндай  көзқарастың  Орта  ғасырлық  аскеттікке  (asketos, 

 
грек  сөзі, 

  құмартудан  бас  тарту,  адамның  өзін-өзі  шектеуі)  қарсы 
бағытталғанын байқау қиын емес. 
Өзінің  “Адамның  абыройы  жөніндегі  сөздер”  деген  адамды  жаратылған 
дүниенің даналығы, ұлылығы мен әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды. 
Адамның  таңдау  еріктігі 

  ол  Құдайдың  берген  ең  құнды  сыйы.  Оны 
Сократтың  айтып  кеткен  “өзіңді  тани  біл”  деген  жолынан  іздеу  керек,ол 
өмірдегі  күресте  шыңдалып,    моральдық  жетілудің  терең  тұңғиығына  жету 
керектігін ойшыл асыра көрсетеді. 
 
Николай Кузанский - Қайта Өркендеу Заманы философиясының ұлы 
тұлғасы 
 
Николай Кузанский еңбегін “Ғылыми білімсіздік” деп атады. 
Ондағы  “ғылыми  білімсіздік”  деген  қайшылықты  ұғымның  мән-
мағынасы  бұл  белгілі  бір  нәрселер  жөніндегі  ақиқатты  іздеу  жолында  біз 
анықталмағанды  анықталғанмен,  белгісізді    белгілімен  т.с.с.  салыстырамыз. 
Шексіздікті  біз  көз  алдымызға  елестете  алмаймыз,  оның  көлемі  бізге  белгісіз, 

 
 
80 
 
біз  оны  еш  нәрсемен  салыстыра  алмаймыз.  Бұл  адамның  (әрқашанда 
шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің 
ойынша ғылыми білімсіздікті тудырады. 
Адамның  шектелген  ақыл-ойы  шексіздікке,  яғни  Құдайға  қарама-
қарсылықтың бірлігін түсіну арқылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз 
шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-
ой  иесі  болғаннан  кейін  өзінің  санасында  бүкіл  болмыстағы  шынайы  және 
болуы мүмкін заттардың кейпін сақтайды. Адам сондықтан шығармашылыққа 
жаратылған пәнде. Олай болса ол – адамдық Құдай (Humanus Deus). 
Адам  Құдайға  әсіресе өзінің  ақыл-ойы арқылы  жақындайды.  Ол  күрделі 
және  үш  құрамдас  бөліктен  тұрады.  Ол  сезім  мен  елестеу  (Sensus),  ақыл-ой 
(ratіo) және зерде (іntellectus). Ақыл-ой сезім мен зерденің  арасындағы дәнекер. 
Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. 
Зерде  арқылы  біз  Дүниедегі  барлықтың  ең  терең  алғашқы  негіздеріне 
дейін жете аламыз, метафизикалық сұрақтарға жауап береміз. 
Н. Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенімді жоғары тұтады. 
Бірақ  ол  соқыр  сенім  емес,  өйткені  “Зерде  сеніммен  бағытталады,  ал  сенім 
зерде  арқылы  анықталады”.  Тек  Зерде  арқылы  ғана  біз  шексіз  Құдайға 
жақындай аламыз. 
Олай  болса,  ең  терең  білімнің  тайыздығы  айқындала  түседі.  “Нағыз 
білетін өзінің білмейтінін біледі”. 
 
Макиавеллидің адам тұжырымдамасы 
 
Н.  Макиавелли    адамның  іс-әрекетінің  ең  терең  түрткісі  -  ол  оның 
мүддесі  деген  тұжырымға  келеді.  Адамдардың  мүдделерінің  көптүрлілігіне 
қарамастан, оның негізгісі -өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге 
тырысу.  “Патша”  деген  еңбегінде  Н.  Макиавелли    “Адамдар  меншіктен  гөрі 
әкесін  өлтіргенді  кешіруі  мүмкін”,  дейді.  Меншік  жөніндегі  мүддеден  кейін 
ғана абырой (onore) және сый-сияпат (onorі ) келеді дейді ұлы ойшыл. 
Адам  табиғатының  өшпес  өзімшілдігі  қажетті  түрде  мемлекеттік 
ұйымдардың  пайда  болуына  әкеледі.  Тек  мемлекеттік  күш,  билік  қана 
адамдардың  өзімшіл  іс-әрекетіне  тосқауыл  қоя  алады,  өмірдегі  тәртіп  қалай 
болуы керектігі жөніндегі қағидалар  мен нормаларды тудырады. Сонымен, Н. 
Макиавеллидің    ойынша  мемлекет 

  адамдардың  өздерінің  іс-әрекеттері 
арқылы  дүниеге  келеді,  ал  Құдайдың  оған  ешқандай  қатысы  жоқ  деген  ашық 
пікірге келеді. 
Христиан  дінінің  моральдық  қағидалары  өзінің  қасиетті  киелі  адамдары 
ретінде  мүсәпірлерді,  өмірдің  қызығынан  бас  тартқан  адамдарды,  жұмаққа 
өзінің  батыл  іс-әрекеті  арқасында  емес,  өзінің  көнбістігінің,  зардап-азап 
шегуінің  негізінде  барғысы  келгендерді  есептейді.  Соңынан  XIX  ғ.  Ф.  Ницше 
христиан    дінінің  моральдық  қағидаларын  сынағанда  осы  Н.  Макиавеллидің  
идеяларына ұқсас пікірлер айтады. 

 
 
81 
 
Ал  мұның  өзі  Н.  Макиавеллидің    айтуына  қарағанда  кертартпалыққа 
әкеледі.  Ол    өткен  Грек  және  Рим  тарихында  болған  көпқұдайлыққа  сүйсіне 
қарайды, өйткені, олар белсенді адамдарды, батырлықты паш еткен. 
Дегенмен,  қоғамға  дін  керек,  өйткені  езілген  зардап  шеккен  халық  дін 
арқылы  өзіне  рухани  сүйеніш  тауып  өмірдің  қиындығына  төзе  алады, 
мемлекеттік  тәртіп  дінсіз  мүмкін  емес  деген  ащы  пікірге  ұлы  ойшыл  келіп 
тоқталады. 
 
Н. Макиавеллидің  фортуна (сәттілік) ұғымының мән-мағынасы 
 
Қайта Өркендеу Заманындағы көп ойшылдар сияқты Н. Макиавелли  де 
өмірге  деген  самарқаулыққа  теріс  қарап,  оған  белсенділікті  қарсы  қойды.  Ал 
адамның  өмірін  ол  фортунамен  тығыз  байланыстырды.  Макиавелли 
заманындағы  фортуна  ұғымы,  көне  замандағы  фатумнан  анағұрлым  бөлек 
(fatum-латын  сөзі  ,  тағдыр  ).  Егер  фатализм  адамның  өмірі,  жүріс-тұрысы  мен 
іс-әрекеті  алдын-ала  болжанған,  онда  ешқандай  таңдау,  еріктік,  кездейсоқтық 
жоқ,  оған  қарсы  тұруға  болмайды  деп  есептесе,  фортуна  ұғымы  әлеуметтік 
қажеттілікпен  теңелгенмен  ол  ешқашанда  адамның  ерікті  іс-әрекетін 
толығынан  жоя  алмайды.  Н.  Макиавелли  “елу  де  елу”  формуласына  жақын- 
фортуна  біздің  іс-әрекетіміздің  жартысын  өзіне  көндірсе,  екінші  жартысы 
біздің  өзіміздің  еркімізбен  өжеттілігімізбен,  қайрат-күшімізбен  байланысты 
дейді.  Сондықтан,  “абайлаудан  гөрі  батылдық  жақсы”,  өйткені  “  фортуна 

 
әйел,  ал  онымен  тіл  табысу  үшін  оны  оқтын-оқтын  сабап  алу  керек”,  неге 
десеңіз  ол  “әйел  ретінде  жастардың  досы,  ал  олар  алды-артына  қарамай 
батылды түрде тарпа бас салып оны өз еркіне көндіреді ”. 
Алдына  үлкен  мұрат-мақсаттар  қойып,  оларды  іске  асыру  жолында 
адамның батыл тиімді іс-әрекеттер жасауын Н. Макиавелли “вирту” ( vіrtu-лат. 
сөзі, айбындылық, қайраттық ) деген сөзбен береді. 
Алайда,  толыққанды  виртуды  іске-асыру  әрбір  адамның  қолынан  келе 
бермейді. Қарапайым адамдар әлбетте өте жақсы да, жаман да емес, өздерінің 
жүріс-тұрыстарында  “ортаңғы  жолды”  ұстайды,  оның  өзі  үлкен  нәтижелерге 
ешқашанда  әкелмейді.  Ал  тарихтағы  ұлы  тұлғаларға  келер  болсақ,  олардың 
жүріс-тұрысы,  іс-әрекеті  тіпті  басқаша,  олар  алдына  үлкен  мақсаттар  қойып 
бүкіл сана-сезімін, еркін, күш-қуатын сол істі өмірге еңгізуге тырысады. 
Н.  Макиавелли  ұлы  адамдардың  іс-әрекетінің  нәтижелігі  тек  қана 
олардың айбындылығы, виртумен ғана байланысты деген пікірден аулақ. Ұлы 
адамдардың  қайратты  іс-әрекетінің  жемістілігі  сол  заманның  қойған 
талаптарына сай келуінде. 
Қорыта келе, “вирту” ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі көрінісі 
ретінде  Қайта  Өркендеу  заманының  негізгі  құндылығына  айнала  бастады. 
Өзінің мүдделерін өмірге кіргізу жолында адам фортунаны ауыздықтай алады. 
Адам  –  ерікті,  саналы,  айбынды,  күш-қуаты  мол  пенде,  ол  алдына  қойған 
мұраттарды іске асыра алады. Бұл Н. Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның 
ой-өрісіне  зор  әсерін  тигізіп,  жалпы  алғанда,  жүре  келе  Батыс  менталитетінің 
өзегіне айналады. 

 
 
82 
 
 
 
 
Н. Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы 
 
Н. Макивелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта 
қалған.  Оның  негізгі  себебі  феодалдық-қауымдық  қоғамның  ыдырап  оның 
орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған 
дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, 
ол  негізінен  алғанда  “ақсүйектердің  ісі”  болатын  болса,  енді  жаңа  заманда 
төменгі  қабаттардан  шығып,  аз  уақытта  сауда-саттық  жасау  арқылы  байып 
билікке  ұмтылған  адамдар  пайда  болды.  Мұндай  жағдайда  саясат  моральдық-
діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде 
өзін көрсете бастады. 
Н. Макивеллидің көрегендігі – саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен 
қоғамды  өзгертуші  құрал  екенін  анықтау,  оның  моральдық  құндылықтардан 
бөлек  табиғатын  ашу,  саяси  билік  үшін  күресін,  содан  кейін  оны  ұстап  тұру 
әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда – саяси технология) жасау болды. 
Енді  бұл  арада  біз  макиавеллизм  деген  ұғымнан  Н.Макиавеллидің  
шынайы  көзқарастарын  бөліп  алып  қарауымыз  керек.  Макиавелизм  ұғымы 
бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат 
құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап 
салу,  сатып  кету  т.с.с.  бәрін  макиавеллизм  дейді.  Яғни  саясаттың  толық 
моральдық  шеңберден  шығып  кетуін,  оның  талаптарын  аяққа  басуды  біз  Н. 
Макиавеллидің атымен айтамыз. 
Алайда, мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұның өзі шынайы 
Н.  Макиавеллидің  өзінің  шығармашылығынан  туатын  көзқарасқа  сай  келмеуі 
де ғажап емес болар. 
Осы  бағалау  тұрғысынан  алып  қарағанда  біз  расында  да  үлкен 
қайшылықты  байқаймыз.  Әрине,  орта  ғасыр  шеңберіндегі  саясат  жөніндегі 
түсінік  қайта  қаралды,  саясаттың  моральдан  дербес  өзінше  қажетті  құбылыс 
екені  анықталды,  ал  сонымен  қатар  Н.  Макиавелли  қайсыбір  саясаткердің 
зорлық-зомбылығын, опасыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, алшақ болды. 
Н.  Макиавеллидің  ойынша,  мемлекет  пен  саясаттың  қоғамдағы  негізгі 
қызметі  әр-түрлі  таптардың,  әлеуметтік  топтардың  басын  біріктіріп  бүкіл 
ұлттық  келісімнің  шеңберінен  шығармау,  қоғамды  ыдыратып  жібермеу, 
орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатына 
келер  болсақ,  “мүмкіндігінше  ізгіліктен  алыстамау  керек,  ал  керектік  қылса 
залымдықтан  қашпау  қажет”  деген  пікір  айтқан  болатын.  Бірақ,  саясатты 
толығынан  моральдық  шеңберде ұстау  мүмкін емес.  Н.  Макиавелли  “тек  қана 
өзінің  ар-ұжданының  талабына  сәйкес  іс-әрекет  жасайтын  саяси  қайраткер 
өзіне  мола  қазады”-деген  пікір  айтады.  Оған  себеп  -  қоғам  өміріндегі  кейбір 
жағдайда қалыптасатын “ащы шындықтың ақиқаты”. Оны шешу үшін мемлекет 
басшысы  зорлық-зомбылыққа  шейін  баруы  мүмкін.  Осындай  жағдай 
қалыптасқанда ол “қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда 

 
 
83 
 
оны тез арада қолданып өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек. Халық 
мемлекеттік  билікке  бір  жағынан  қорқынышпен,  екінші  жағынан 
сүйіспеншілікпен  қарайды  дейді.  Бірақ  таңдауға  келген  жағдайда  халықты 
қорқынышта ұстау - берігірек”. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан - 
абай болуы керек. Бірақ, шешуші жағдайда батылдық қажет. 
Ел басшысы бір жағынан арыстанға, екінші жағынан түлкіге ұқсас болуы 
қажет. 
Қоғамдағы  қайшылық  өршіп,  адамдардың  үкіметке  деген  сенімі 
жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ, қалай дегенде де, жеңіс-
әрқашанда  саясаткердің  негізгі  мақсатына  айналуы  керек,  ал  оған  жететін 
құралдар  әр-түрлі  болуы  мүмкін.  Сол  жолда  зорлық-зомбылық  жасалса,  ол 
қоғамдағы  жағдайды  дұрыстауға,  тәртіпті  орнына  келтіруге  ғана  жұмсалып, 
тоқталуы  керек.  Екінші  рет  зомбылықты  қолданудан  алшақ  болу  керек  деген 
пікір айтады ұлы ойшыл. 
Н.  Макиавелли  жөніндегі  адамгершіліксіз  саясаттың  жақтаушысы  деген 
пікір  жүздеген  жылдар  бойы  сақталып  келді.  Тек  ХХ  ғ.  Екінші  жартысында 
ғана  бұл  ойшылдың  еңбектері  терең  зерттеліп,  басқаша  пікір  қалыптаса 
бастады.  Ағылшын  елінің  ұлы  философы  Б.  Рассел  бұл  кісінің  еңбектерін 
жоғары  бағалап  Н.  Макиавелли  Ренессанс  дәуірінің  ең  терең  ойшысы    деген 
пікір айтты. 
Батыс  елдеріндегі  көп  ғалымдар  Н.  Макиавеллиді  қазіргі  саяси 
философияның  негізін  қалаушы  ретінде  бағалайды.  Біздің  ойымызша  ХIV  ғ. 
өмір  сүрген  араб  ойшысы  Ибн-Халдунды  бұл  орынға  қоюға  әбден  болар  еді, 
өйткені ол Н. Макиавеллиден бір жарым ғасыр ерте өмір сүрген болатын. Бірақ, 
қалай  дегенде  де,  біздің  ел  сияқты  ондаған  мемлекеттер  демократия  жолына 
түсіп  қоғамда  терең  саяси  өзгерістерді  тудырып  жатқан  уақытта  Н. 
Макиавеллидің саясат пен моральдың айырмашылығы жөніндегі терең ойлары 
ешбір адамды жайбарақат қалдырмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет