Оқу құралы I бөлім Қостанай, 2016 2



Pdf көрінісі
бет18/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#5957
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – Алматы:Атамұра, 
2000. 
 

 
 
163 
Қ
осымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. – 
Москва: Восточная литература,2001. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
164 
 
9 тақырып.  Қазақ философиясы 
 
 
1.Орта ғасырдағы Қазақ философиясы. Сопылық философия (Қ.А.Яссауи, т.б). 
2.XV-XVIII  ғ.ғ.  қазақ  жырауларының  шығармашылығы  (Асан  Қайғы,  Шалкиіз, 
Бұқар жырау, үш би ). 
3.XIX ғ. ағартушылық философия (Абай, Ыбырай, Шоқан, т.б. ). 
4.XX  ғ.Отандық  философия  (Шәкәрім,  т.б.).ХХ  ғ.б.  ағартушы-демократтардың 
философиялық ой-пікірлері (Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы, т.б.). 
 
                                  Қазақ руханиятының ерекшелiктерi  
      
        Бiрiншiден, табиғатқа бас иудi, оған табынуды талап еттi. ( яғни экологиялық 
санасы биiк деңгейде болған) 
Екiншiден, ерiктi - бас бостандығын қатты сыйлаған.  
Үшiншiден,  көшпендiлiк  теңдiктi  талап  етедi,  оған  тән  саяси  формалар  –  соғыс 
демократиясы. Төртiншiден, теңдiкке негiзделген әдiлеттiлiк құндылығы. -  қазіргі 
(рестратификация) -  ауыр жарақаттар қалдыруда; 
Бесiншiден, байлыққа таңда ар-намысты жоғары ұстау  - қанағат ету  қазаққа тән 
нәрсе; 
Алтыншыдан,  ұжымдық  мүдденi  жеке  мүддеден  гөрi  жоғары  ұстау  - 
көшпендiлiктер құндылығы; 
Жетiншiден, ерлiктi, батырлықты қасиет етудi талап еттi еді.  
Сегiзiншiден,  өмiрден  алудан  гөрi  болуды  жаратқан.  “Бiр  сырлы,  сегiз  қырлы 
болу” - бабаларымызға тән нәрселер болған; 
Тоғызыншыдан, риясыз қол ұшын беру - халық қасиеттерiнiң бiрi; 
Оныншыдан, - ата-ананы, үлкендердi сыйлауы; 
Қазақ философиясының ерекшелiктерi:  
Бiрiншiден,  онтологиялық  және  гносеологиялық  мәселелерден  гөрi  адам 
мәселесiне көбiрек көңiл бөлiнедi
Екiншiден, адам мәселесi, экзистенциалдық тұрғыдан қаралады. 
 Үшiншiден, практикалық мәселелерге көбiрек көңiл бөлiнедi; 
Төртiншiден, адам болмысының этикалық жақтарына терең талдаулар жасалады; 
Бесiншiден,  әрқашанда әлеуметтiк әдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады; 
Алтыншыдан,  аксиологиялық  философия.  Онда  құндылық  әлемiне  зор  көңiл 
бөлiнедi. 
 
 
 
 
 

 
 
165 
 
 
Орта ғасырдағы Қазақ философиясы 
 
Орта  ғасырдағы  Отандық  философияның  айқын  жұлдызы  -  ол  Аристотельден 
кейiнгi “Екiншi ұстаз” аталған дана бабамыз Әл-Фараби.  
Қорқыт - ХIII ғ. “Қорқыт ата кiтабы”- түркi халықтарының - эпикалық-тарихи 
мұрасы.  
“Қорқыт  ата  кiтабындағы”  көтерiлген  әлеуметтiк  мәселелерге  келер  болсақ  - 
олар:  халықтың  бiрлiгiн  сақтау,  әлеуметтiк  әдiлеттiлiктi  жақтау,  әдет-ғұрыпты 
сақтау,  елдi  жаулардан  қорғау  т.с.с.  Қорқыт:  “Ер  жiгiтке  қара  таудай  мал  бiтсе, 
жияр,  көбейтер,  талап  етер,  бiрақ  несiбесiнен  артығын  жемес”,  “Тәкаппарлықты 
тәңiр сүймес”, “Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ”,- деген нақыл сөздер 
де өмiрлiк тәжiрибеден алынған.  
Баласағұн  еңбегi  “Құтадғу  бiлiг”  (Құтты  бiлiк)  -  түркi  тiлiнде  жазылған 
мәдени-эстетикалық, философиялық дастан.  
Таным, бiлiм мәселерiн ойшыл жоғары орынға қояды: 
      Бiлiмсiздiк - ауру...”,- деп қорытады ұлы ойшыл.  
 Дастанның  арқауы  ретiнде  4  қағиданы  көрсетуге  болады.      Бiрiншiсi  - 
әдiлеттiлiк, өйткенi, мемлекеттi дұрыс басқару үшiн қара қылды қақ жаратын әдiл 
заңдар болуы қажет.  
Екiншiсi - бақ-дәулет. “Барлық iзгi нәрсеге байқап көр” 
Үшiншiсi - ақыл-парасат. “Бiлiк бердi - адам бүгiн жетiлдi. 
                                            Ақыл бердi - талай түйiн шешiлдi”. 
  Төртiншiсi - қанағат-ынсап : 
  Кiмде-кiм дүниеге көңiл байласа, 
  Тiршiлiгi оған ауыр тауқымет әкеледi”. 
Ойшыл  осы  төрт  құндылық  -  әдiлет,  дәулет,  қанағат,  ақыл  -  бiр  -  бiрiмен 
үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетедi деп қорытады. 
Өзiнiң  дүниеге  деген  көзқарасында  Ж.Баласағұн  рухты  бiрiншi  орынға  қояды. 
Адам  -  ақыл-парасаты  бар  ерекше  пәнде,  ақыл  адаммен  қоса  жаратылады. 
Адамның ақыл-парасаты құдiреттi:  
          “Ақыл - шырақ, қара түндi ашатын, 
           Бiлiм - жарық, нұрын саған шашатын. 
           Кiсi ұланы қара жерге қол салды, 
           Көтердi бәрiн, бiлiмiн ол қолданды”. 
Махмуд Қашқаридi еңбегi - Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi сөздерiнiң жинағы). 
Бұл еңбектен түркi тайпаларының қоғамдық-экономикалық, әлеуметтiк жағдайын, 
әдет-ғұрыптары жөнiнде сан-алуан мәлiметтер аламыз. Кейбiреулерiн келтiрейiк: 
“Бақыт белгiсi - бiлiм мен ақыл”, “Әдептiң басы - тiл”. 
“Ұлық болсаң - кiшiк бол”,  т.с.с. 
АИугнеки еңбегi “Ақиқат сыйы”. Мұндағы негiзгi мәселе - ол адам өмiрiнiң 

 
 
166 
мәнi.  Моральдық  мәселелерге  көп  көңiл  бөледi.  Адам  -  саналы  түрде  iс-әрекет 
жасай  алатын  пәнде,  ал  оның  санасын,  рухын  дамытатын  -  бiлiм.  Ойшыл  ол 
жөнiнде: 
“Бiлiмдар “iстi бiлiп, бекiн!”,- дейдi, 
  Ақылмен iс iстеген өкiнбейдi. 
  Бiлмеген талай жұмыс iстеп жүрiп, 
  Амал жоқ, түбiнде сол опық жейдi.” 
А.Жүйнекидiң ойынша, “бiлiмсiздiк - тiрi өлiк”.  
“Сүйекте жiлiк болар, ерде - бiлiк, 
  Ақыл ғой ердiң көркi, етте - жiлiк. 
  Жiлiксiз ет секiлдi бiлiмсiздiк - 
  Қол созбас сүйексiзге бұл тiршiлiк”. 
   Ғұлама  ақын  адамның  бақытты  болуы  -  бiлiмге,  ал  бақытсыздық  - 
қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды. 
“Бал  бар  жерде  ара  да  бар.  Ең  алдымен  араның  зәрiн  байқап  көр”,-  деген 
бабамыздың сөзiнен бiз Дүниенiң қайшылығын байқаймыз.  
Қорыта  келе,  ойшыл  адам  өмiрге  жамандық  емес,  жақсылық,  игiлiктi  iстер 
жасау үшiн келедi деген түйiн жасайды: 
“...Iспен тәуiр жұрттың көңiлiн анықтап, 
Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап. 
Әуелi iстер жұмыс иiнiн ойлап ал
“Керек пе, әлде жоқ па екен”,- деп анықтап”,- деген ғибрат сөздердi айтады. 
 
        Сопылық философия. Қожа-Ахмет Яссауидiң шығармашылық ойлары 
 
Сопылық  философияның  өкiлi  Қожа  Ахмет  Яссауи  еңбегi  “Диуани  Хикмет” 
(Даналық  кiтабы).  Бұл  еңбектi  негiзiнен  алғанда  адамның  рухани  даму  жолын 
жарқырытып көрсетiп тұратын шамшырақ ретiнде қарауға болады. 
Негiзгi мәселе - ол адам болмысы.  
Пендешiлiктiң жолында адам өз өмiрiнiң мәнiн ашып адамгершiлiк қасиеттерiн 
сақтап қалуы мүмкiн емес - ол жалған жолға түседi. 
“Нәпсiге сен ерiк берсең не тiлемес, 
Еңiресең де Алла саған мойын бұрмас. 
Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас...”,- дейдi ұлы ойшыл. 
Сондықтан Алла-тағалаға жақындау жолы - пендешiлiктен арылу, нәпсiнi тию.  
Сопылық  философияның  көрнектi  өкiлi  Баязиттi  де  өнеге  келтiрiп:  “Шайық 
Баязит жетпiс рет өзiн сатты, 
Бұл дүниенiң бар қызығын тастап атты”,- дейдi. 
Қ.А. Яссауидiң қойған пендешiлiктi шектеунәпсiнi тиуруханиятты жоғары 
ұстау,  қанағаттыққа  келу  мәселелерi  бүгiнгi    жер  бетiндегi  өмiр  сүрiп  жатқан 
адамзат қауымына өзiнiң өзектiлiгiмен танылуда.  
 

 
 
167 
ХV - ХVIII ғ.ғ. қазақ жырауларының шығармашылығы 
Сыпыра  халықты  бiрлiкке  шақырған,  аңыздар  бойынша  “тоғыз  ханды 
түзеткен” тұлға болған. “Отырушы едiк жайласып, 
Шалғында бие байласып, 
Құлын-тайдай ойнасып, 
Иiндесiп, сырласып...” 
Қандай  қиын  заманды  халық  басынан  өткiзiп  жатса  да  Сыпыра  жырау  оның 
жарқын болашағына сенедi: 
“Көп iшiнде сөйлесем, 
Жас жiгiт саған қарасам- 
Қара лашын тұйғынсың, 
Асылыңа қарасам - 
Құс алатын қырғисың. 
Қызыл тiлге келгенде,- 
Сар садақтың оғындай, 
Көлденеңдеп зырғисың”,- деп сүйсiне қарайды. 
ХV  ғ.  өмiр  сүрген  Қазтуған  Сүйiнiшұлы  ұлыстарды  өмiр  бойы  бiрлiкке 
шақырып, ел-жұртына тыныштық, бақ-дәулет тiлеген жырау. 
“Алаң да алаң, алаң жұрт, 
 Ақ  ала  ордам  қонған  жұрт”,-  деген.  Жырау  өзiнiң  жеке  өмiрiн  халқының 
тағдырымен  ажырамастық тұрғыдан қарап: 
“Кiндiгiмдi кескен жұрт, 
Кiр-қоңымды жуған жұрт”,- деп оны биiк бағалайды. 
Мұндай әсем табиғатта өмiр сүрiп жатқан елдiң “...  
Жарлысы мен байы тең, 
Жабысы мен тайы тең 
 Жары менен сайы тең”, 
-  дейдi  ақын.  Бұл  сөздерден  бiз  “дала  демократиясының”  шеңберiнде  ерiктi 
өскен  жыраудың  қоғамдық  қатынастардың  қандай  болуы  тиiстiгi  жөнiндегi  ой-
арманын байқаймыз.  
ХV ғ. аса көрнектi жыраулардың бiрi - Асан Қайғы. Халықтың қамын ойлағаны 
үшiн оны халық Асан Қайғы деп атап кеткен.  
“- Ай, Жәнiбек хан! 
Айтпасам бiлмейсiң, 
Жайылып жатқан халқың бар, 
Аймағын көздеп көрмейсiң. 
Қымыз iшiп қызарып, 
Мастанып қызып терлейсiң. 
Өзiңнен басқа хан жоқтай 
Өзеуреп неге сөйлейсiң? ” 
Әрине, мемлекеттi құру үшiн халықтың алып жатқан жерiн анықтап, оны қорғай 
бiлу керек,- оны жырау жақсы түсiнедi.  

 
 
168 
“Едiл бол да Жайық бол 
  Ешкiмменен ұрыспа, 
  Жолдасыңа жау тисе, 
  Жаныңды аяп тұрыспа”,- деген ақыл айтады ұлы жырау.  
Сонымен  қатар,  Асан  Қайғы  қоғам  өмiрiндегi  моральдық  қағидаларға  да  көп 
көңiл бөледi. Оның ойынша, әдiлдiк - өтiрiк-өсекпен, алдау-арбаумен қабыспайды; 
даналық - өткен күндегi шындықты iздеу; қорқақтық - жау мен жауыздың алдында 
қашқақтау;  залымдық  -  әлсiзге  жәбiр  көрсету;  ақмақтық  -  айтқан  ақылға  көнбеу; 
т.с.с. 
Асан Қайғы  - қазақ жерiнен шыққан  алғашқы утопист. Елдiң ауыр тұрмысы, 
табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. оны қатты күйзелтедi. 
Сондықтан,  ұлы  жыраудың  назары  “жерұйықты”  iздеуге  бағытталады.  ХVI  ғ. 
Доспамбет  жыраудың  толғауларынан  өткен  әскери-демократия  кезеңiндегi 
көшпендiлердiң  ерiк  пен  теңдiк,  өз  елiн  қорғаудағы  ержүректiк  қасиеттерiн 
мадақтап мақтаныш еткенiн байқаймыз. 
Ел жұрт үшiн ерлiк жасағанын мақтаныш етiп өз өмiрiнiң әрбiр күнiне қанағат 
етедi: 
“Тоғай, тоғай, тоғай су. Тоғай қондым өкiнбен, 
Толғамалы ала балта қолға алып, 
Топ бастадым, өкiнбен. Бүгiн-соңды өкiнбен, 
Ер Мамайдың алдында Шахид кештiм, өкiнбен”. 
Жыраудың ойынша, әңгiме бұл өтпелi фәниде ұзақ та солғын өмiр кешуде емес, 
оны  мазмұнды  өткiзуде.  Яғни,  ол  қазiргi  тiлмен  айтсақ,  өмiрде  алу,  иелену, 
байлыққа масаттану емес, керiсiнше, болуды аңсаған ержүрек батыр. 
ХVI ғ. көрнектi жырау Шалкиiз Тiленшiұлы болды.  
Шалкиiз  дiни  бейсаналық  (иррационализм)  бағытын  ұстайды.  Жыраудың 
ойынша, бәрi де Тәңiрдiң жазғанымен болады: 
“Жапрағы жасыл жаутерек, 
Жайқалмағы желден дүр. 
Төренiң кежiгуi елден дүр. 
Байлардың мақтанбағы малдан дүр... 
Жалаңаш барып жауға ти, 
Тәңiрi өзi бiледi, 
Ажалымыз қайдан дүр”. 
Адамды аспанға көтеретiн де, құзға құлататын да - Тәңiр. “Тең атаның ұлы едiң, 
дәрежеңдi артық етсе - Тәңiрi еттi”,- дейдi жырау. 
Табиғат және оның ажырамас бөлiгi - адам - Шалкиiздiң шығармашылығының 
өзектi  тақырыбы.  Жырау  философиялық  антропологизм  бағытын  ұстаған 
ойшыл.  Адам  -  табиғаттың  төл  туындысы,  сондықтан  ол  оның  қасиеттерiн 
табиғатпен салыстырып қарайды. 
“Алма мойын сам үйрек, 
 Ана Едiлден көксiген                          

 
 
169 
      Көлдi тастап қырға ұшса, 
      Бiр тарланға жолығар !...”.  
Шалкиiздiң  ойынша,  адамдар  өз  табиғаты  бойынша  жамандар  мен  жақсыларға 
бөлiнедi: 
    “Ағайынның iшiнде бiр жақсысы бар болса
     Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас...” 
      “Құсты жисаң бүркiт жи, қыстауыңды түлкi етер. 
       Бiр жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлк етер. 
       Бiр жаманмен дос болсаң, күндердiң күнi болғанда, 
       Жұмыла ғаламға күлкi етер”,- дейдi ақын. 
ХVII ғ. - ХVIII ғ. жыр алыбы Бұқар жырау болды.  
Сонымен  қатар,  жырау  Ел  басының  кемшiлiктерiн  әшкерлеп,  саяси  батылдық 
көрсетiп, адал ниетпен кейбiр уақытта оны қатты сынай бiлген: 
Ай, Абылай, Абылай, 
Ал тiлiмдi! Аласың,  
Егер тiлiмдi алмасаң, 
Жалғыз жәутiк қаласың...”  
Таңқаларлық нәрсе, Бұқар жыраудың тарихи көрегендiгi, төмендегi жолдар оны 
айқын дәлелдейдi: 
“Күнбатыстан бiр дұспан 
Ақырда келер сол тұстан. 
Өзi сары, көзi көк, 
Дiндәрiнiң аты поп...”. 
 Мына  жыраудың гео-саяси  көзқарастарына көз  жiберсек, ол  бүгiнгi қазаққа да 
үлкен ой тастайды: 
“Шүршiтпенен құлақтас, 
Қырғызбенен жұбаптас. 
Ортасында ұйлығып, 
Кетпейiн десе, жерi тар, 
Кетейiн десе, алды-артын 
Қоршап бiр алған кәуiр бар. 
Ұйлыққан қойдай қамалып,  
Бүйiрiнен шаншу қадалып, 
Сорлы бiр қазақ қалды, ойла !”.  
Жырау дүниенiң қайшылықты екенiн, олардың бiр-бiрiне өтiп жататынын басып 
айтады: 
“...Айнала iшсе таусылмас 
Көл суалмас демеңiз. 
Құрсағы құшақ байлардан 
Дәулет таймас демеңiз...”. 
Жыраудың  ойынша,  бұл  дүниеге  келiп,  уақыты  келгенде  бәрi  де  кетiп  жатыр. 
Сонымен қатар өлместiк дәрежеге жететiн бiр-ақ нәрсе бар. Ол - адам: 

 
 
170 
“...Ай мен күннiң өлгенi - 
Еңкейiп барып батқаны. 
Айдын шалқар өлгенi - 
Мұз болып тастай қатқаны. 
Қара жердiң өлгенi - 
Қар астында жатқаны. 
Өлмегенде не өлмейдi ? 
Жақсының аты өлмейдi, 
ғалымның  хаты  өлмейдi”.,-деп  қорытады  ұлы  ойшыл.  Адамның  арман-
қиялдары, үмiтi таусылмайды - ол шексiздiкке ұмтылған жан: 
“Аруды таңдап сүйсе де, 
Алтынды үйге кiрсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап
Ай нұрын ұстап мiнсе де, 
Арманын қоймас адамзат ! 
...Қапалы күнi қабарып, 
Қайғының күнi төнсе де, 
Үмiтiн жоймас адамзат ! 
Жақындап ажал тұрса да, 
Жаныңа қылыш ұрса да, 
...Өмiрге тоймас адамзат ! ,- деп қорытады ойшыл. 
ХVIII  ғ.  қазақ  халқының  ой-өрiсiне  жыраулармен  қатар  өзiнiң  үлесiн  қосқан 
дана “қара қылды қақ жарған” билер болды. Атақты ҚазыбекАйтеке мен Төле 
билердi қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттiгiне 
қосқан үлесiн ешқашан есiнен шығармаған. Сол заманда өмiр сүрген Жаңыл ақын: 
“Төле би, ер Қазыбек, тiлдi Әйтеке 
Асқартау - Қазықұрттай бiлiмдi едi, 
Бiрi күн, бiрi туған айдай болып, 
Заманға сәйкесiмен келiп едi”,- деген екен. 
Бұл  билердiң  шешiмдерi  адамдардың  “табиғи  құқтарына”,  олардың  бiр-бiрiне 
деген теңдiгi мен ерiктiгiне негiзделген болатын. Әйгiлi батыр Шақшақ Жәнiбек 
Төле биден ақыл сұрауға келгенде, соңғының айтқаны: 
“ - Өгiздi өрге салма, қанатың талар, 
Наданға көзiңдi салма, сағың сынар, 
Досыңа өтiрiк айтпа, сенiмiң кетер, 
Дүшпаныңа сырыңды айтпа, түбiңе жетер. 
...Тұмар түбi құрт болар, 
Тұман түбi жұт болар. 
Ақылдың түбi құт болар. 
Елге  бай  емес,  би  -  құт...”,-  деген  екен.    Оның  мына  өсиеті  елбасшылардың 
жадында болуы керек:  
“Лауазымың өссе зорайып, 

 
 
171 
Адалдықты тұншықтырсаң сол айып, 
Елдi билеп өскенiңнен не пайда, 
Рахатыңды көрмесе, 
Ағайын мен халайық! 
Көпшiл болған ер дана, 
Достары болар әр сала. 
Өнерлiден үлгi алып, 
Салдырар сәндi мол қала...” 
Төле  би  көшпендiлiк  өмiр  салтының  тарихи  сарқылысқа  түскенiн  айқын 
сезiнедi. Сондықтан, ол  халықты жерге тұрақтату саясатын алғашқы бастаған 
тұлға десек артық айтпаған болармыз: 
“Шығарсам арық қазып Сырдан бойлап, 
Ел болсақ отырысты болар едi-ау, 
Қыстасақ Алатауды жазда жайлап, 
Бiр жағымыз қалалы диқан болсақ, 
Көшпелi, бiр жағымыз бие байлап, 
Елдерден қатар жатқан үлгi алайық, 
Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап”,- деген даналық ойлар айтады.  
 
ХIХ ғ. ағартушылық философия 
 
Уәлиханов  (1835-1865  ж.ж.)  болды.  Қазақ  халқының  өткен  тарихын,  әдет-
ғұрпын,  жалпы  руханиятын  зерттеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  сол  кездегi 
нақтылы  өмiршеңдi  мәселерге  ат  салысып,  қалың  бұқараның    мүдделерiн  аса 
батылдықпен  қорғап,  соның  жолында  “аққан  жұлдыздай”,  өкiнiшке  орай,  ерте 
жанып кеттi. 
Шоқанның  онтологиялық  (болмыстық)  көзқарастарына  келер  болсақ,  ол 
күнбе-күнгi  адамның  тәжiрибесiнен  шығатын,  сол  кездегi  жаратылыстану 
ғылымдарына сүйенетiн материалистiк бағытта болды.  
Ендi ойшылдың әлеуметтiк болмыс жөнiндегi көзқарастарына келер болсақ, ол 
географиялық  детерминизм”  бағытын  ұстағанын  байқаймыз.  Шегi  жоқ  жазық 
дала  мал  баққан  көшпендiнiң  енжарлығын,  ерiншектiгiн  т.с.с.  қасиеттерiн 
қалыптастырса,  тау  мен  тасқа  толы,  сарқырап  аққан  қаһарлы  өзен-сулары  бар, 
неше-түрлi  қауыпқа  толы  аймақтар,  керiсiнше,  адамның  жинақтылығын  талап 
етедi.  
Шоқанның  әлеуметтiк-саяси,  құқтық  көзқарастарына  келер  болсақ,  ойшыл 
жан-тәнiмен халықтың қамын ойлап, “әдiлеттi басқару” жүйесi арқылы “парасатты 
реформалардың”  негiзiнде  халықтың  хал-ақуалын  өзгертуге  болатынына  сендi 
және оны жақындату үшiн барлық күш-жiгерiн салды. 1862ж. Атбасарда сайлауда 
сұлтандықты  жеңіп  алады, бірақ  Патша  үкiметi  оны бұл орынға бекiтпей  қойды. 
Одан кейiн Шоқан “Сот реформалары жөнiндегi жазбалар” атты ғылыми еңбегiн 
жазады.  Шоқан  Ресей  мемлекетiнiң  құқтығына  зор  күмән  келтiредi.  Заңдар 

 
 
172 
бұзылған жағдайда жаза әдiл сот арқылы берiлуi керек,- деп қорытады ойшыл. 
Ш.Уәлиханов қазақ халқының рухани өмiрiн зерттеуге де қомақты үлес қосты. 
Халық туындыларының маңыздылығын ұғып, олардың әр-түрлi түп-нұсқаларын 
қағазға түсiрiп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. («Едіге», «Ер-Қосай» т.б.)  
Ш.Уәлиханов халықтың дiни өмiрiн де терең зерттеп, оны ағарту жолында көп 
еңбек  етедi.  Ол  шамандықты  (бақсылықты)  көшпендiлердiң  Табиғатқа  табыну 
жолында  тудырған  дүниесезiмi  ретiнде  қарайды.  Дүниенi  жаратқан  “Тәңiрдi”, 
адамдарды  әрқашанда  қолдап  отыратын  бабалардың  рухы  -  “аруақты”  табады. 
Ислам  қағидалары  шамандықпен  араласып,  бiр  жағынан,  Аллаға  тағзым  етумен 
қатар, екiншi жағынан отқа табынумен жалғасып жатты,- деп қорытады ойшыл.  
 Ағартушылық  ағымының  көрнектi  өкiлi  Алтынсарин  халықты  аман  сақтап 
қалудың,  жаңа  қалыптасып  жатқан  ақуалға  сай  келуiнiң  бiрден-бiр  жолы  -  оның 
сауаттығын  арттыру,  бiлiмiн  жетiлдiру,  орыс  мәдениетi  мен  тiлiн  игеру  деп 
есептедi.  Сондықтан,  ол  өзiнiң  барлық  күш-жiгерiн  жаңа  мектептер  ашуға, 
балаларға арналған қызықты оқулықтар жазуға жұмсады. 
“Кел,  балалар,  оқылық  !”,  “Жаз”,  “Өзен”  т.с.с.  оның  өлеңдерi  осы  күнге  дейiн 
өзiнiң  эстетикалық  әсемдiгi,  гуманистiк  идеялары,  тәрбиелiк  мүмкiндiктерiмен 
бiлiм беру саласындағы  жас ұрпаққа оң әсерiн тигiзуде. 
Құнанбайұлы    -  тек  қазақ  халқы  емес,  сонымен  қатар  бүкiл  дүниежүзiлiк 
руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан 
ұлы ойшылдың 150 бүкiл адамзат көлемiнде аталып өтті.  
Абайдың  онтологиялық  (болмыстық)  көзқарастарын  дiннiң  шеңберiндегi 
философиялық  антропология.  Жаратқан,  Дүние,  Адам  -  мiне,  осы  үш 
категория  Абай  философиясының  iргетасын  құрайды.  Жаратқанның  үшiншi 
сипаты  -  Хаят,  яғни  Тiршiлiк  Басар  (қырағылық),  Сәмiг  (сергектiк),  Ирада 
(қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, барлыққа келтiрушi). 
Сонымен,  адам  -  ғарыштың  өзегi,  ерекше  пәнде.  Бiрақ,  соған  қарамастан,  ол 
шектеулi,  өлшемдi,  ал  Алла-тағала  өлшеусiз,  шексiз.  Сондықтан,  “бiз  алла 
тағаланы өзiнiң бiлiнгенi қадар ғана бiлемiз, болмаса түгел бiлмекке мүмкiн емес...  
Абай “байлық” атты ұғымның  адамгершiлiк жағына аса көп назар аударады. 
Тапқан малыңды ендi сарып қылып, ғылым табу керек дейдi. “Ғылымсыз ахирет 
те  жоқ,  дүние  де  жоқ.  ғылымсыз  оқыған  намаз,  тұтқан  руза,  қылған  қаж  ешбiр 
ғибадат орнына бармайды.  
Абайдың  саяси-құқықтық  көзқарастарына  келсек.  “Болыс  болдым  мiнеки”,-
деген өлеңiнде Абай: 
“Бұрынғыдай дәурен жоқ, 
Ұлық жолы тарайды, 
Өтiрiк берген қағаздың 
Алды-артына қарайды. 
Тауып алып жалғанын, 
Қылмысыңды санайды. 
Өзi залым зәкүншiк 

 
 
173 
Тонап алды талайды. 
Көрмей тұрып құсамын 
Темiр көздi сарайды”,- деп, Патшалық саяси тәртiптi әшкерлейдi. 
Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл Дүниесiнiң кiндiгi  - адам. Олай 
болса,  “Адам  бол  !”,-  дейдi  бабамыз.  Алыстық,  жұлыстық,  айтыстық, 
тартыстық...  Ендi  жер  ортасы  жасқа  келдiк:  қажыдық,  жалықтық,...  бәрi 
қоршылық екенiн бiлдiк. Ал ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп не қылып өткiземiз
Соны  таба  алмай  өзiм  де  қайранмын”  -  деген  ойшыл  сөздерiнен  өмiр 
философиясын көру қиын емес. 
Дегенмен  де,  “Дүние  -  үлкен  көл,  заман  -  соққан  жел”,  бәрi  де  өзгерiсте 
болғаннан  кейiн,  ұлы  Абай  нағыз  адам  болу  үшiн  болашақ  ұрпақтарына  өсиет 
ретiнде “Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол”,- дейдi.  
 
 ХХ ғасырдағы Отандық философия 
Шәкәрiм философиясы мен ағартушылық идеялары 
 
Шәкәрiмнiң  онтологиялық  (болмыстық)  көзқарастарына  келер  болсақ,  оны 
рационалдық  дiни  философияға,  нақтылай  келе  деизм  бағытына  жатқызуға 
болатын  сияқты.  Өзiнiң  “Тiршiлiк,  жан  туралы”  өлеңiнде  ойшыл  Дүние  жөнiнде 
былай дейдi: 
“Жаралыс басы қозғалыс, 
Қозғауға керек қолқабыс. 
“Жан” де, мейлiң бiр “мән” де, 
Сол қуатпен бол таныс. 
Әлемдi сол мән таратқан, 
Қозғалмаса көшпейдi, 
Көшпеген нәрсе өспейдi. 
Өспеген нәрсе өзгермес, 
Түрден  ол  түрге  түспейдi”.  Бұл  шумақтан  бiз  бүкiл  дамудың  қайнар  көзi 
қозғалыста  екенiн,  ол  жоқ  жерде  өсiп-өнудiң  де  жоқ  екенiн  байқаймыз.  Бiрақ 
ойшыл сол қозғалыстың өзi бiр қуаттың арқасында болатынын айтады.  
 “Жанымыз күннен келген нұрдан, 
Тәнiмiз топырақ пенен судан. 
Күн - атам, анық жер - анам, 
Бiрi нұр берiп, бiрi - тамақ, 
Бұзады бiрақ қайтадан. 
Ер жетем, толам, қайта солам, 
Әрi анам - бұл жер, әрi - молам...”- дегені, 
Шәкәрiмнiң  тiптi  деизмнен  гөрi  пантеизмге  (Табиғаттың  өзiн  Құдаймен 
теңейтiн iлiм) жақынырақ екенiн жорамалдаймыз.  
Терең  философиялық  мәнi  бар  ерекше  мәселе  -  жан  мен  тәннiң  арақатынасы, 
өзара байланысы. 

 
 
174 
“Жансыз  тән қалайша жүрмек ? 
Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек. 
Бас қозғалыс қой жанның атасы, 
Ол жаратады түрлеп. 
Сол жаннан талай жан өскен, 
Жанына  қарай  тән  өскен.”  Сонымен,  ақынның  ойынша,  жан  мен  тәннiң 
арақатынасында  басымдылық  бiрiншiде,  тәуелдiлiк  екiншiде,  яғни,  сана,  ақыл 
тәндi билейдi. 
Ендi  гносеологиялық,  танымдық  мәселелерге  келсек,  Шәкәрiм  өзiнiң  “Анық 
пен танық”, “Мұсылмандық шарттар” т.б. еңбектерiнде ол адамдарға қоршаған 
табиғи  ортаның  жұмбақ-сырын  ұқ,  танып-бiл,  оның  ашылған  сырларын  мақсат-
мұратыңа жарат,- деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұғыну - бәрi 
ақыл  iсi,  ал  оның  iргесi  мида  жатыр.  Бiрақ,  ол  үшiн  адам  дүниеден  белгiлi 
ақпараттар алуы қажет. Оны жеткiзетiн түйсiктер. 
“Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек, 
Мұрын - иiс, тiл - дәмнен хабар бермек. 
Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,  
Жақсы  жаман  әр  iстi  сол  тексермек”,-  деген  жолдар  ақынның  бұл  мәселенi  өз 
заманының деңгейiнде шешкенiн көрсетедi.                                                                     
Ендi  ғалымның  этикалық,  ағартушылық  идеяларына  тоқталуға  кезек  келдi. 
Ойшылдың  еңбегi  -  “Үш  анықта”:    Бiрiншi  -  ғылымдағы  ақиқаттар,  оған 
iзденiп,  зерттеп  жеттi.  Екiншi  -  дiннiң  берген  аяндары.  Бүл,  әрине,  философия 
саласында  мыңдаған  жылдар  созылып  келген  “ақыл-ой  мен  сенiм  ақиқаттары”, 
олардың  ара-қатынасы.  Осы  екi  “аныққа”  ойшыл  үшiншi  -  ар-ұжданды  қосып 
оның  iргелiлiгiн  баса  айтады.  Шәкәрiм  Абайдың  “жүрек”,  “нұрлы  ақыл” 
категорияларын  әрi  қарай  тереңдетедi.  Оның  ойынша  ар-ұжданға  ынсап,  әдiлет
мейiрiм  кiредi.  Шәкәрiмнен  кейiн  жарты  ғасыр  өткен  шақта  австрияның  ұлы 
ғалымы В.Франкл ар-ұжданды “адамның iшкi Құдайы”- деген болатын. Мұның 
өзi де бабамыздың өз заманын озған ғұлама екенiн дәлелдемей ме ? 
Ақынның ойынша, ар-ұждан - рухтың өзегi, сондықтан, бүкiл өнер-бiлiм оның 
сынынан өтуi керек. 
“Еңбекпенен, өрнекпенен 
Өнер ойға тоқылса, 
Жайнар көңiл, қайнар өмiр 
Ар iлiмi қосылса”. 
Оның  кенеттен  жарқ  еткен  ар-ұждан  идеясын  мыңдаған  жылдарға  созылған 
қазақ руханиятының квинтэссенциясы (тұздығы) десек те болар.  
              
ХХ ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-
пiкiрлерi   
 
 ХХ  ғасырдың  басындағы  аласапыран  заманда  Ресей  империясы  терең 

 
 
175 
күйзелiске  ұшырап,  оның  құрамындағы  халықтардың  ұлттық  сана-сезiмi  өсiп,  
олар  өзiндiк  мемлекет  құру,  төл  мәдениетi  мен  тiлiн,  әдет-ғұрпын  сақтап  қалу 
мәселелерiн күн-тәртiбiне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан 
жоқ.  Қазақ  халқы  ХХ  ғ.  басында  өз  iшiнен  талай-талай  дарынды,  өз  халқының 
бостандығын  армандаған,  сол  үшiн  жан-тәнiн  берген  азаматтарды  тудырды. 
(Ж.Аймауытов,  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов,  Х.Досмухамедов, 
М.Жумабаев)  Бiрақ,  олардың  көбi  қоғамды  шынайы  түрде    демократиялық 
реформалар  арқылы  өзгертудi  қалады,  20-шi  жылдардан  басталған  сұрапыл 
қантөгiс оларды қатты қынжылтты. Ұлы Мағжанға сөз берсек: 
“Қыран құстың қос қанаты қырқылды, 
Күндей күштi күркiреген ел тынды. 
Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ, 
Батыр хандар, асқақ жандар ұмтылды. 
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ ардың, 
Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...”  
Оны бiз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да көруiмiзге болады: 
“Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған, 
Сахара көлге қонып салқындаған. 
Бiр өртке қаудан шыққан душар болып
Не қалды тәнiмiзде шарпылмаған”. 
Бiрақ, өз өмiрлерiнiң алдына төнген қауыпқа қарамастан  халықты ағарту, оның 
өзiндiк  сана-сезiмiн  дамыту  iсiн  олар  тоқтатқан  жоқ.  Өйткенi,  олар  халықтың 
болашағын  көздедi,  ертелi-кеш  халық  өз  егемендiгiне  жететiне  сендi  және  сол 
үшiн  қажымай-талмай  қолынан  келгенiнiң  бәрiн  жасады.  Оны  бiз  мына  Ахаң 
жолдарынан байқаймыз: 
“Тән көмiлер, көмiлмес еткен iсiм
Ойлайтындар мен емес бiр күнгiсiн. 
Жұрт ұқпаса, ұқпасын - жабықпаймын: 
Ел бүгiншiл, менiкi - ертеңгi үшiн”. 
 Ақырында,    бәрi  де  халық  азаттығы  жолында  сол  қандыбалақ  надан 
“мырқымбайлардың” оғына шалынып, құрбан болды. 
ХХ  ғ.    ғұлама  ойшыл,  саясаткер  А.Байтұрсынұлы  кейпi  бүкiл  сол  кездегi 
ұлттық-демократиялық  ағымдағы  тұлғалардың  бәрiн  бейнелегендей.  Көп  уақыт 
“ұйқыда  жатқан”  халықты  ояту  керек,  ол  үшiн  басқа  амал  болмаса,  оны  “маса” 
сияқты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тiптi “Оян қазақ” деген ашық ұран 
тастаған болатын. 
Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуi  - алыста жатқан, стратегиялық 
мақсат-мұрат,  ал  сол  кездегi  нақтылы-тарихи  жағдайға  байланысты  -  Ресей 
мемлекетiнiң  шеңберiнде  Қазақстанның  автономиялық  дәрежесiне,  өзiн-өзi 
басқару  мүмкiндiгiне  жетiп,  халықты  ағарту,  мәдениеттi  жаңғырту  арқылы 
көптен  берi  созылған  халықтың  ауруы  -  қараңғылық  пен  ерiншектiк
енжарлықтан құтқару мақсатын қойды. 

 
 
176 
А.Байтұрсынұлының  ойынша,  демократиялық  үрдiстi  дамыту,  адам 
құқтарын  сақтау,  “Мемлекеттiң  Думаның”  мүмкiншiлiктерi  қандай шолақ болса 
да  бәрiн  заңды  жетiлдiру  арқылы  жету  деп  есептедi.  “Тағы  да  халық  соты 
жөнiнде”  деген  еңбегiнде  ол  “Сайлау”  деген  ұғымның  мән-мағнасын  егжей-
тегжей  талдайды  -  ол  рулардың,  я  болмаса,  қалталылардың  арасындағы 
тартысқа  айналдырмай,  шеншекпен,  жемқорлыққа  жол  ашпай,  халықтың 
қалаулаларын сайлау керек деп, көпшіліктің саяси санасын оятқысы келеді.  
Қазақ  жерiн  қазнаға  өткiзiп,  одан  жерi  жоқ  орыс  шаруаларына  жер  беруге 
байланысты,  соның  нәтижесiнде  әлеуметтiк-саяси  ақуал  шиеленiсе  түстi.  Ол 
ақуалды ұлы жыршы Мағжан: 
“Бар жердi күннен күнге алып жатыр, 
Бiреулер алып қала салып жатыр. 
Қырылысып өздi-өзiне қазақ сорлы
Жерiнен  аузын  ашып  қалып  жатыр”,-  деп  ашына  толғаған  болатын.  
А.Байтұрсынұлы  зардап  шегуi  оның  надандығы  мен  заңдағы  белгiленген  өз 
құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келедi. “Жердi жалға алу жөнiнде” 
деген  мақаласында  ойшыл    қазақтар    құқтық  надандығы  мен    келтелiгiнiң 
нәтижесiнде  өз  жерлерiнен  айырылып  жатқаны  жөнiнде  қамыға,  қиналып 
жазады.  Жаңа  шаруашылық  түрлерiн  игеру  керек  екенiн  айтады.  Жер  көлемi 
қысқарған сайын оның мүмкiндiгi сарқыла түсуде,- деп қорытады ойшыл. 
 Қазақ өмiр  салтының  күрт  өзгеру  барысында халықты  аман  сақтап  қалу, оның 
саны  мен  күш-қуатын  өсiру  мәселесiн  талдаған  да  осы  ағартушылар  болды. 
(М.Жұмабаев, М.Дулатов.)  
Ұлттық  демократия  бағытын  ұстаған  ойшылдар  қоғам  жаңаруы,  түлеуiнiң 
қайнар  көзiн  ұлттық  интеллигенциядан  (зиялылардан)  көрдi.  Сондықтан, 
А.Байтұрсынұлы  зиялыларды  бiрлiкке,  олардың  бiлiмi  мен  жалпы  мәдениет 
деңгейiн  көтеруге  шақырады.  Ол  зиялыларды  халық  мүддесiне  жан  аямай  iзгi 
ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзiлiк цивилизацияның 
қол  жеткiзген  ғылым  мен  техника  жетiстiктерiн  игерiп  және  оларды  мыңдаған 
жылдар  бойы  жиналған  халықтың  рухани  байлығымен  үйлесiмдi  ұштастыруы 
керек. Бұл үндеу бүгiнгi күнде де өз мән-мағнасын жойған жоқ сияқты. 
Патша  үкiметiнiң  отарлау  мен  орыстандыру  саясаты  кеңес  заманында  да  өз 
жалғасын  тапты.  Көреген  ойшыл  ол  халықтың  өз-өздiгiн  (идентификация
жоғалту  қаупын  тудыруын  байқап,  оған  барлық  жан-тәнiмен  қарсы  тұрды  - 
халықтың ана тiлi мен руханиятын дамытуға барынша ат салысты. 
Сонымен  қатар,  ол  екiншi  қауыпты  да  көре  бiлдi.  Қоғам  жүйелi  түрде 
түбегейлi  өзгерiстерге  түскен  кезде  Жаңа  дәуiрдiң  қойған  Талаптарынан 
жасқанған  ұлттық    сана-сезiм  өзiн  сақтап  қалуды  автаркиалық  (өзiне-өзi 
жеткiлiктi)  бағыттан  көруге  тырысуы,  сол  себептi  үне  бойы  өткен  “батырлық 
заманды” көксеуi, оны асыра бағалауы.  
Өткен заман келмеске кеттi, оны қайтару мүмкiн емес, сондықтан, алға кеткен 
халықтардың жетiстiктерiн игерiп, болашаққа қарай  жігерлi де табанды  ұмтылыс  

 
 
177 
қажет    (Ақ  жол.,  238  б.).  Сонымен  қатар,  бұл  үрдiс  халықтың  өз  болмысын 
жоғалтып  мәңгүрттiкке  жол  салмауы  керек.  Ол  үшiн  тек  қана  өз  руханиятына 
сәйкес  келетiн  (ал  оның  өзi    Абай  мен  Шәкәрiм  көрсеткен  “нұрлы  ақыл”,  “ар-
ұждан”) басқа цивилизациялардың құндылықтарын таңдап алу арқылы iске асуы 
керек. Сонда ғана ол өз жемiсiн бермек. Қандай ғажап ойлар ! 
Бүгiнгi таңда ХХ ғ. басында өмiр сүрген ойшыл-демократтардың асыл арманы - 
халықтың бостандығы мен егемендiгi - iске асты. Олардың айтқан көп гуманистiк-
демократиялық  идеялары  бiрте-бiрте  өмiрге  енуде.  Президенттiң  халық  алдына 
қойған  “Қазақстан  -  2030”  бағдарламасы    30-шi  жылдардағы  ұлттық 
интеллигенцияның қойған өзектi мәселелерiн қамтып, оларды әрi қарай дамытты. 
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар: 
1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшелiктерiн көрсетуге болады? 
2. Көне түркi мифологиясындағы әйел Құдайдың аты қандай? 
3. Көне түркi мифологиясындағы өлiмнен қашып өлместiктi iздеген кiм болды? 
4. Гректердiң “Жетi даналарының” бiрi болып саналатын түркi бабамыздың есiмi 
кiм болды? 
5.  “Ақыл,  әдiлет,  дәулет,  қанағат”  құндылықтары  елдi  бақытқа  әкеледi,-  деген 
ойшыл кiм? 
6. “Ақиқат сиын” жазған ойшылды атаңыз. 
7. Сопылық философиядағы “фана” деген ұғымның мағнасы неде ? 
8. Сопылықтың қай сатысында адам Алла-тағаламен қауышады? 
9.  Өмiрде алудан гөрi болуды арман еткен жырауларды есiңiзге түсiрiңiз. 
10. Қазақ даласындағы алғашқы утопист-жырау кiм болды? 
11. Абылай ханның кеңесшiсi болған ұлы жырау кiм едi? 
12. Қазақтың дана билерiн есiңiзге түсiрiңiз. 
13.  Қазақ  болмысындағы  шамандықтың  қалдықтарын  терең  зерттеген  ағартушы 
кiм болды? 
14. “Адам бол!“ ұранын тастаған ойшыл кiм едi? 
15.  Жаңа  мектептер  ашып,  қазақша  оқулықтарды  алғаш  жазған  ағартушы  кiм 
болды? 
16. Абай қандай “бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық” бол дейдi, соны есiңiзге 
түсiрiңiз. 
17. Сот билiгiне жыл кесiлмей сайлауды қалаған кiм болды? 
18. Шәкәрiмнiң танымдық көзқарасын қандай бағытқа жатқызуға болады? 
19.  “Оян,  қазақ!  ”  өлеңдер  жинағын  жазған  ағартушы-демократты  есiңiзге 
түсiрiңiз. 
20. “Үш анықты” жазған кiм? 
21. “Маса” жинағын жазған ағартушы. 
22.  Кеңес  дәуiрiнде  диалектикалық  логика  саласын  дамытқан  философтарды 
есiңiзге түсiрiңiз. 
24. Ұлт-аралық қатынасты зерттеген ғалымдарды есiңiзге түсiрiңiз. 

 
 
178 
25. Өтпелi кезең теориясын терең зерттеген ғалым. 
26. Отандық философиядағы “батысшылардың” көзқарасын сипаттаңыз. 
27. “Дiни iргетастық” деп қандай көзқарасты айтамыз? 
28. Философиядағы “Отаншыл бағыттың” өкiлдерiн есiңiзге түсiрiңiз. 
29.  Қазақстанның  ХХI  ғ.  болашағына  өз  дүниетанымыңыздың  негiзiнде 
философиялық болжам жасап көрiңiз. 
 
 
                                             
    Ойланыңыз: 
 
 
1. Қорқыт: '' Тәкаппарды - тәңір сүймес '',-бұл қандай  мағынада айтылып тұр? 
 2. Анарыс: '' Мен үшін-елім қайғы, ал сен – еліңе  қайғысың '', - мұның мәні неде? 
 3.  ''    Парасаты  жеңсе  адам  –  періштеден  де  жоғары  тұрады,  нәпсі  жеңсе  – 
хайуаннан да төмен дәрежеге түседі  ''. – Мұны қалай түсінесіз? 
 4. ''    Ештеңеге  таңырқамау, әрине, ақылдың  емес, ақымақтықтың белгісі  ''.  –  Бұл 
ойдың мағынасы неде? 
 5.  ''Білмеген  –  ақымақ  емес,  білгісі  келмеген  ақымақ''.  –  Сіз  не  істеу  керек  деп 
ойлайсыз? 
 6.  М.Сафир:  ''Ақылдыға  оның  ақылды  екеніне  жұрт  сенгенше  қанша    уақыт 
сөйлеу  керек  десеңізші!  Ақымақ  үндемесе  болғаны,  бәрі  де  оны  ақылды  деп 
есептейді ''. – Сіз не дер едіңіз? 
 7.Абуль - Фарадж '' Әрбір ақылды адамға ақымақтыққа кешіріммен қарау тән ''. – 
Сіз не дейсіз? 
 8.Ә.Науай '' Ақымаққа ақыл айту – дауылды қолмен тоқтатам дегенмен бірдей ''. – 
Мұның сыры неде жатыр? 
 9.С.Мұқанов:  '' Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге ''. – Мұның мағынасы 
неде жатыр? 
10. ''  Әділдік жоғалған кезде адамдар өмірін мәнді ететіндей ештеңе де қалмайды 
''. – Сонда өмірдің мәні неде? 
11.  ''    Әділдік  күшті  болуға  тиіс,  ал  күш  әділетті  болуға  тиіс  ''.  –  Ал  сіз  қалай 
ойлайсыз? 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
179 
Қазақтың  ежелгі  дүниетанымы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
2.
 
Заростризм – (Зар) 
                                                                                      2.  Тотемизм – (Тот) 
                                                                                      3.  Анимизим– (Ани) 
                                                                                         4. Шаманизм – (Шам) 
                                                                                       5. Тәңіршілдік – (Тәң) 
                                                                                 6.   Ислам – (Исл) 
 
 
Діни  –  мифологиялық    тұжырымдар,  әдет  –  ғұрып  пен  пікір  –  сайыс  ретінде 
рационалды ойлауға, дүниені танып-білуге тырысады. 
Шам
 
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
 
 
 
 
 
Тот
 
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
Ани
 
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
 
 
 
 
 
Тәң
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
 
Исл
 
 
 
 
Зар
 
 
 

 
 
180 
                                                                          
Қорытынды 
 
    Философия  тарихын    оқыту,  насихаттау  және  зерттеу  Қазақстанда  XX 
ғасырлардың  алғашқы  онжылдықтарында  қолға  алынды.  1949  жылы  қазақ 
мемлекеттік  университетінде  философия  факультеті  ашылып,  кәсіби  философтар 
даярлау  қолға  алынғаннан  соң  бұл  бағыт  еселенген  қарқынмен  дами 
бастады.Ғылым  Академиясының  философия  институты  1958  жылы  құрылғаннан 
кейін  философияның  көптеген  мәселелері  ғылыми  түрде  жүйелі  зерттеліп 
келеді.Еліміздегі  ұзын  саны  жүзден  асатын  жоғары  оқу  орындарында  жемісті 
қызмет үлгісін көрсетіп жүрген философия мамандары осы міндеттерді атқаруды 
өз үлестерін қосып отыр. 
      Тоталитарлық  жүйе  кезінде  жалпы    дүниежүзілік  философия  тарихын 
маркстік-лениндік методология тұрғысынан талдап оның мәнін насихаттау басты 
бағыт болып келеді.Ұлттық философияны танып-білуде таптық көзқарас үстемдік 
көрсетті.Соның  нәтижесінде  сыңаржақтылық,  субъективті  пайымдау,  басқа 
жұрттың  топырағында  пайда  болған  идеологиялық  қасандықтарға  бағындыру 
принциптеріне кең жол ашып, философия тарихын бұрмалауға, бұрыс зерделеуге 
жетеледі. 
      Қазіргі  кезде  еліміздің  рухани  өміріндегі  өзекті  мәселелердің  бірі 
отандастарымыздың  философиялық  мәдениетін  өркендету  болып  табылады.Оған 
қоғамымыз  басынан  кешіп  отырған  қайшылықтарды  әлемдік  философия 
тарихының  өзекті  мәселелерін  танып  ,  талдап,  зерттеу  арқылы  шешіп,  құрылып 
жатқан  азаматтық  қоғамның  ерекешеліктерін халыққа  ашып  көрсету  арқылы  қол 
жеткізуге  болады.  XX  ғасырдағы  шығыс  және  батыс  философиясының 
компаративистік  тәсілделуі  арқылы  ұлттық  философияның  ерекшеліктерін 
зерттеуге  мүмкіндік  туды.Түркі  тілдес  философияның  қыр-сыры  арқылы  тусқан 
елдердің рухани көкжиектеріне назар салу міндеті тұр. 
      Қазақстан  Республикасы  дүниежүзілік  экономикалық  кеңістікке  кіру  үшін 
алдымен  экономикалық  құрылымын  прогрессивті  түрде  қайта  құрып, 
технологиялық  артта  қалушылықты  жеңіп,  дұрыс  мемлекеттік  бағдарламаларды 
жүзеге  асыру  қажет.Бұлар  рухани  өмірдің  ролін  жоғарылатпай  жүзеге  аса 
алмайды. Ғылам мен философия дамуы бәсеңдесе немесе тоқталса онда еліміз тез 
арада-ақ дамымай қалған қоғамдардың қатарында қалып қою қаупі бар. 
     Философияның 
дамуы 
барлық 
әлеуметтік-мәдени 
себептіліктермен 
байланысты, 
ал 
мазмұндық 
жағынан 
ғылымның 
әлеуметтік-мәдени 
факторларымен  жүйелік-танымдық  байланысын  есептен  шығармай  біртұтас 
құбылыс ретінде ашып көрсету маңызды. 
     Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақ  философиясы  тарихын  жаңа  методология 
тұрғысынан зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Бірінші және басты мәселе болып 
философиялық  тақырып  ретінде  қандай  ауызша  және  жазбаша  әдебиеттердің, 
құжаттардың негіз боларын жан-жақты зерделеп алу.Осымен қоса вербалдық және 

 
 
181 
вербалдық  емес  ескерткіштерді  философия  тарихын  зерттеуде  қалай  қолдануды 
анықтамайынша,  бұл  процесс  күрделенуі  мүмкін.  Сциантизм,  логоцентризм  тар 
шеңберлі  вербальдау  қазақ  рухани  өмірін  танып-білуде  қазіргі  ғылымның  өткен 
кезі деп қарастырылғаны жөн шығар. 
      Шығыс және Батыс философияларын тікелей әрбір заман бойынша салыстыру 
методологиялық қателік, ал қазақ философиясы тарихы жағдайында мүлде дұрыс 
емес нәтижеге жетелемеуі айдан анық.Отандық философия мәдениет аясында өмір 
сүріп, ойлы сөзді мажұқтап, ауыр да күрделі конструкциялардан алшақтап, ізгілік, 
моральдық,  антропологиялық  жіне  тарихи  мәселелерге  ден  қойды.  Осыларды 
қазақ  философиясының  жетістіктері  ретінде  қарастырып,  оның  дамуындағы 
келтірген ролін ашып көрсету қазіргі кездегі басты міндет болары хақ. 
       Шығыс  пен  Батыс  және  Еуразиялық  кеңістіктерге  қалыптасқан  рухани 
құндылықтардың  тұтастығы  мен  сапа  жағынан  айырмашылықтары,  адамзат 
тарихының  бүгінгі  таңдағы  келелі  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.Өйткені, 
әлемдегі  халықтардың,  ұлттардың,  нәсілдердің  бәріне  тән  жалпы  адамзаттық 
құндылықтарымен  қатар,  әр  халықтың  өзіне  сай  тарихи  қалыптасқан  рухани, 
мәдени, адамгерілік қасиеттері барлығын, яғни өзіндік құндылықтарын ескеру аса 
қажет.Тарихтың  қазіргі  белесінде  осы  құндылықтарды  жандандыру,  солардың 
негізінде  жаңа белеске көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда.Сондықтан да 
белгілі  бір  жағдайға  байланысты  тоғарылып  қалған  қазақ  халқының 
философиялық  және  тарихи  құндылықтарын  терең  зерттеу,  олардың  ішкі  мәнін 
айқындау,  жалпыадамзаттық  өркениет  аясындағы  даму  бағыттарын  зерделеу 
қоғам және ел тану ғылымдарының алдында тұрған басты мәселенің бірі. 
      Бұл  аталып  отырған  проблеманың  маңызы,  өзінің  ғылымға  қажеттілігімен 
немесе  қазақ  халқының  сана-сезімін  оятуға  бағытталғандығымен  ғана 
шектелмейді.  Егемендік  алған  еліміз  нарықтық  экономика  жолына  бет  бұрып, 
соның негізінде азаматтық қоғам мен құқықтық  мемлекет құру мақстаын алдына 
қою.Олар  тарихтын  тамырырнан  шыққан  мәдени,  рухани  және  адамгершілік 
негізге қалыптаспаса, өрісі тарылып, іштен немесе сырттан пайда болатын әртүрлі 
“күштерге”  қарсы  тұра  алмай,  еліміздің  тарихында  болған  қайғылы  жағдайларға 
қайтадан  әкеліп  соғуы  ықтимал.Оқулықта  қамтылған  мәселелердің  ғылыми  және 
практикалық маңызы осында. 
      Еуропалық  концепция  үстемдігі  біздің  өз  ізін  жоя  алмай  отыр.  Қазақ 
философиясының  тұрпайы,  ары  кетсе  діни-жабайы  көзқарастан  аспаған,  тар 
шеңберге қалып қойған кішігірім ойлау жүйесі ғана деп бағалайтын концепциялар 
жоқ 
емес.Бұндай 
скептицизм 
қазіргі 
ұлттық 
философиямыздың 
тарихын,теориясын, методологиясы мен даму логикасын зерттеуге едәуір кедергі 
болуда. 
      Бұл  жұмыста  жалпы  теориялық,  тарихи-философиялық  жүйеліліктер  мен 
жекелеген  ойшылдардың  ғибратты  даналықтарын  білдіретін  ой  түйіндеріне 
түсінік беретін герминефтикалық тісілдер өз қадерінше пайдаланылады. 
      Осындай  зерттеулер  мен  пайымдаулар  нәтижесінде  бірқатар  ғылыми  және 

 
 
182 
әдістемелік  тұжарымдар  жасауға  қол  жеткізілді.  Олардың  негізгілері  ретінде 
атауға  тұратындары:  еліміздің  даму  тарихының  ерекшелігінен  туындайтын 
философиялық  құндылықтарды  зерттеудың  ғылыми  әдістерін,  вербальды  және 
вербальды  емес  тектерін  пайдалану  тәсілдерін  анықтау;  тарихи-философиялық 
әдісті  пайдалана  отырып,  қазақтың  дүниеге  көзқарасының  ерекшеліктерін, 
даналық 
пен 
тұрпайлықты, 
имандылық 
пен 
парасаттылықты 
қалыптастыруларының  ішкі  сыры  мен  мазмұнының,  олардың  тарих  белестерінде 
атқарған  міндетіне  талдау  жасау;  халқымыздың  тарихи  философиялық  жіне 
адамгершілік  құндылықтарының  даму  көзін,  осынған  байланысты  олардың 
шыққан  тегін,  тарихи  тұрақтылығын,  қоғам  дамуының  барысында  қалыптасқан 
күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан талдауға негіз салу; еуразиялық кеңістікте 
қалыптасқан  ұлтымыздың  ойлау  жүйесінің  ерекшеліктерінде,  Шығыс  пен 
Батыстың рухани байлығының табиғи орын алуының осыған байланысты олардың 
арасындағы  күрделі  қарым-қатынасты  анықтауға  жол  ашу;  қазақтың 
философиялық  ғылыми  жетістіктері  қазіргі  кезде  атқаратын  міндетінің  әлемдік 
философия  тарихының  аясындағы  алатын  орнын  белгілейтін  ерекшеліктерін 
көрсету. 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – Алматы:Атамұра, 
2000. 
 

 
 
183 
Қ
осымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. – 
Москва: Восточная литература,2001
.
 
 
 
 
 
 
 
 
                             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
184 
 
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
                                      
                                   
1. Мырзалы С. Философия. Оқулық., Алматы, -  2008 ж. 
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
- Алматы, -  1999ж. 
3. Ғабитов Т. Философия., Оқулық., Алматы. -  2002 ж. 
4. Тұрғынбаев Ә. Философия. , Алматы -  2001 ж. 
5.  Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. –
Алматы. -  1994ж. 
6. Кiшiбеков Д., Сыдықов Ұ. Философия., Оқулық. Алматы. -  1994ж. 
7. Әбiшев Қ. Философия. Оқулық., Алматы: “Ақыл кiтабы”. -  1999ж. 
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілік тектерінің дәстүрлі мәдениеті.-Алматы:Атамұра, 
  2000ж. 
9. Ақназаров Х.З.  Философия тарихы бойынша дәрістер курсы., Алматы -  1992 ж. 
10.Есім Ғ. Философия тарихы.,  Алматы. -  2004ж. 
11. Нүрышева.Г.Ж.. Философия тарихы.,  Алматы. - 2005 ж. 
12. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы.Алматы 1999 ж. 
13. Әбділдин Ә. Философия.Алматы - 2002 ж. 
14. Алтай  Ж. Философия тарихы. , Алматы. - 1999ж.  
15. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. 
 Оқу құралы., Алматы. - 1992 ж. 
16. Әбішев  Қ.  Әлеуметтік философия. Хрестоматия., Алматы. -  1997ж. 
17. Филос.энциклопедия., Алматы -  2005ж. 
18. Философиялық сөздік., Алматы -  2005 ж. 
19. Орынбеков.М. Ежелгі қазақ дүниетанымдық философиясы.Алматы -  1996 ж. 
20. Ғабитов.Т.Қ Құлсағариева т.б  Мәдени-философиялық энциклопедиялық 
сөздік., Алматы. -  2004ж. 
21. Әбдіхалық  Ж.101 толғам, 1001 түйін: философиялық байып., Астана - 2005 ж. 
22. Есім Ғ. Сана болмысы:  Саясат пен мәдениет туралы ойлар.,  Алматы - 1994 ж. 
21. Нысанбаев Ә. Адам және ашық  қоғам., Алматы. - 1994ж. 
22. Нысанбаев Ә. , Әбжанов Т. Ой.Ақыл.Адамгершілік., Алматы. -  1999ж. 
23. Сегізбаев О. Казахская философия 15 начала 20 веков., Алматы. - 1996ж. 
24.Сегізбаев О. История казахской философии., Алматы. - 2001 ж. 
25.Нұрланова К. Человек и мир:казахская национальная идея., Алматы. - 1996 ж. 
26. Аюпов  Н.Г. Религиозная система древних тюрков.Алматы,1998 ж. 
27.Чанышев  А.Н.  Курс лекций по древным философии., М. - 1981 ж. 
28.Богомолов  А.С.Античная философия.,М.,1985 ж. 
29.Антология мировой философии.,т.1-6.,М.,1968,1970. - 1972 ж. 
                                                             
 

 
 
185 
Қосымша 
 
-
 
Рационалдық- (ratіo - латын сөзі, - ақыл-ой). 
-
 
Материя -(materіa – латын сөзі, -зат) – табиғат заты. 
-
 
Субстанция-(substantіa – латын сөзі, -негізінде, астында жатқан). 
-
 
Монистік- (monos – грек сөзі, -біреу). 
-
 
Фа-цзя- (фа-заң,заң туралы ілім). 
-
 
Джайнизм- (Джина – жеңіс). 
-
 
Будда -( ағарған, нұрланған ). 
-
 
Еутемия- (eythymіa) – жақсы көңіл-күйде болу. 
-
 
Энтелехия- 

entelechіa – бітімге келген, кемеліне келген, 

 грек сөзі


-
 
Арете -

arete – грек сөзі, 

 ізгілік, ішкі салмақтылық


-
 
Фаталис -  

fatum, 

 лат. сөзі, 

 тағдырға сену


-
 
Скептицизм - 

skeptіkos 

 ізденуші, зерттеуші, күмәндану). 
-
 
Догматизм - 

dogma 

 учение


-
 
Эманация-

emanatіo, лат. сөзі 

 тасу, ағу, тарау


-
 
Экстаз - 

extasіs, 

 грек сөзі, 

 ерекше буырқану сатысына жетіп ақыл-ой 
елігінен тыс тікелей аңғару


-
 
Номинализм - 

nomіnіs, 

 лат. сөзі, 

 заттың аты


-
 
Концептуализм -  

conceptus, 

 лат. сөзі, 

 ұғым


-
 
Хаят – (тiршiлiк).   
-
 
Басар – (қырағылық). 
-
 
Сәмiг – (сергектiк). 
-
 
Ирада – (қалау) . 
-
 
Тәкин – (жасампаздық, барлыққа келтiрушi). 
-
 
Соборшылдық – (еркiн қауымдастық). 
-
 
Вестернизм – (батысшылдық). 
-
 
Ноосфера – (ақыл –оймен  қаланған). 
-
 
Интеллигенция – (зиялылар). 
-
 
Квинтэссенция – (тұздық). 
-
 
Пантеизм – (табиғатты құдаймен қатар қою). 
-
 
Иррационализм – (бейсаналық).  
-
 
Тангенциалдық –( физикалық күш-қуат). 
-
 
Радиалдық – (психикалық , рухтық). 
 

Document Outline

  • bookmark16
  • bookmark17
  • bookmark18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет