Қазақтар тез – тез сөйлейді, сөздері ағыл –тегіл айтылады. Тамаша халық. Олардың мінезі жұмсақ, жүректері кең, көңілдері ақ жарқын. Тыныштықты сүйеді.
Д.Иванов
***
Өздерінің туыстас түріктес елдерімен салыстырғанда қазақтар сөзге шешендіктерімен ерекше көзге түседі. Олардың шешендіктеріне шынында да таң қалмасқа болмайды, қазақтар сөйлегенде ешбір мүдірмеиді күрмелмей есіп жүре береді. Ойларын дәл, айқын етіп бере білумен қатар сөз, сөйлемдерін белгілі бір дәрежеде әдемілікке безейді, әңгімелесіп отырғанның өзінде жай сөйдемінде, не жайылма сөйлемінде болсын ырғақ анық байқалып және жиі кездеседі. Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем түрлері жай сөздердің өзінде іркес – тіркес келіп жатады да тыңдаушыға өлең тәрізді әсер береді.