***
Г.Потанин
***
Қазақтардың тілі – түрік және түркі тілдерінің ішінде өзінің айрықша бейнелілігімен, әдемілігімен көзге түседі. Қазақтар өзінің халық ауыз әдебиетімен, тамаша фольклорымен қай кезде де зор атаққа ие боп келді және бола бермек.
С.Е.Малов
***
Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қабілет дарыған халықтардың қатарына жатады. Олардың әдебиеті байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі.
Д.Клеменц
***
Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
А.Брем
***
Қазақ халқы үшін сөз өнерінен бағалы да мәнді ештеңе жоқ.
Р.Пфеннинг
***
А.Левшин
***
Мен алғаш рет ақындарды тыңдауға мүикіндік алдым, бұлар қазақ трубадурлары, даланың бардтары – ұлы ақындары. Олардың өлең шығару мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл ой қабілетін тамаша дәлелдейді.
А.Янушкевич
Достарыңызбен бөлісу: |