10. Ибн-Синаның төмендегі өлең жолдарын оқып, талдап-түсіндіріңіз.
Тоғыз құдірет бар сенде бас иетін
Бесеуі оның сезімдік қасиетің
Қан тамырың соғатын өмір үшін
Бұлшық етің боршалы жігер күшің
Күш бар тағы көп ойдың сан суретін,
Көз алдыңа айнадай көрсететін
Күш бар тағы ақылды алға бастайтын
Жақсы ісіңді есте мәңгі сақтайтын.
Тамақ жемей тұра алмассың жалғанда
Ас адамның арқауы ғой қашанда
Тата алмасаң керек нәрін әрненің,
Азып-тозып азаяды дәрменің
Не жетеді тәуір тамақ жегенге
Қан тазарып әл кіреді денеңе.
Тіршілікте тең келмес оған бәрі,
Өзен суы, ауыз су өмір нәрі.
Дүниедегі құм-қоқысты қуады,
Қан тамырға жайылады құнары.
Достарыңызбен бөлісу: |