Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Мына сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз



бет198/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244
5. Мына сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Жаһандану кезеңі, ақпараттың еркін қозғалысы, экономиканың дамуы, шетелдік инвестициялар, валюталық операциялар, интеллектуалдық өнім, бәсекеге қабілетті, жеке тұлғаны дамыту, ұлттық басымдық, қолданбалы зерттеулер, ғылыми-өндірістік кешен, элиталық университет, математикалық әдіс.


6. Төмендегі абзац атауларын мәтінге сәйкес нөмірлеңіз.

а) Жаһанданудағы математиканың маңызы

ә) Білім беру саласындағы жаһандану

б) Жаһандану факторлары

в) Элиталық университеттер
7. Мына сөйлемдердің мазмұнын мәтіннің көмегімен ашыңыз.

1) Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаһандану кезеңін бастан кешуде.

2) Жаһанданудың дамуына бірнеше факторлар ықпал етеді.

3) Ғылым мен технологиялардың дамуының әр түрлі үрдістері бар

4) Жаһандану дәуірінде ғылыми кешен болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады.
8. Жаһандану сөзімен бірнеше сөз тіркестерін құраңыз.

Үлгі: жаһандану дәуірі, жаһанданудың маңызы, ...
9. а) Мәтіннен етіс тұлғалы етістіктерді теріп жазыңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.

ә) Қатыстық сын есім мен зат есімдер берілген екі қатардан сөз тіркестерін құрастырыңыз.

1) Шетелдік, елеулі, Еуропалық, халықаралық, электрондық, стратегиялық, жаһандық, ақпараттық, техникалық, қуатты, білікті қолданбалы.

2) Пошта, білім, инвестия, Одақ, технология, валюта, ғылым, міндет, үрдіс, өзгеріс, маман, кафедра.


10. Баспасөз материалдарын пайдалана отырып, «Жаһандану және жастар» деген тақырыпта сұхбат құрыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет