8. Мәтіннен мына сөз тіркестері кездесетін сөйлемдерді тауып, оқыңыз.
Түркі мүдделері, қарқынды дамыған, ынтымақтастық жасасу, елеулі әлеует, отын-энергетика қоры, құрлықтың атынан, белсенді позиция, саяси прагматизм, ұлттық мүдделер.
9. Қазақстанның төмендегі елдермен ынтымақтастығы елімізге қандай мүмкіндіктер береді деген сұраққа жауап беріңіз.
Ресей Федерациясы ......................................................................................
Қытай Халық Республикасы ......................................................................
Жапония ....................................................................................................
Египет Араб Республикасы ........................................................................
Сауд Арабиясы ...........................................................................................
Түркия ..........................................................................................................
10. Сөйлемдерді оқыңыз. Жақшаның ішіндегі етістіктерді осы, өткен, келер шақтарда көрсетіңіз.
Үлгі: Жапониямен ынтымақтастық Қазақстанға көптеген экономикалық артықшылықтар (беру) – береді, берді, бермек.
Қазақстан Анкарамен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың әлеуетін (іске қосу). Иранмен байланыстарды дамыту біздің ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерімізді (қамтамасыз ету). Қазақстан араб әлемімен ынтымақтастықты қолдауға (ұмтылу). Таяу Шығыс елдермен қарым-қатынасты нығайту мұнай өндіру саласындағы тиімді байланыстарды орнатуға іргетас (қалау). Еуропалық Одақпен әріптестік Еуропалық жетекші мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарды тиімділігін арттыруға алғышарттар (жасау).
11. Қ.Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” деген кітабын пайдалана отырып, “Қазақстан және Еуропа елдері” деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |