Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет235/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   244
7. Жыр жаттайық.

Қаныш ескерткіші алдында

Аңсаған Арқаға жан қауышты да,

Ерекше ырғаққа енді дауыс мына.

Асқақ ән,

Асау жырдың құндағысың,

Өзіңді ақын жазып тауысты ма.


Сөз етер жақынды да,

Алысты да,



Қашан да ақын кештен қалысты ма.

Жездінің жер қойнауын

Жете зерттеп,

Көрген-ау, мол байлығын

Қаныш, сірә.


Алдымда толғанып тұр ойлы кескін,

(Өмірде армандауға тойды ма ешкім).

Асықтың аңсадың да мақсаттарға,

Астында кен қопарып айлы кештің.


Асылып жатса арқадан құрыш - бұрым,

Жаныңның қаламадың тыныштығын.

Сол бір сәт рахаттанып тұрдың ба, аға.

Өзіңдей ортасында жұмысшының.


Жездің буырқантып нұр бұлағын,

Бүйірін бұйра жердің

Бұрғыладың.

Ойланып ол кездері жатпадың ғой,

Ұрпақтың өзің жайлы жыр қыларын.
Есілген самал қандай кешқұрымғы,

Бір әуен естіледі

Ескі күнгі…

Мен бүгін көріп тұрмын ғасырымның,

Тастарға қашап кеткен

Кескініңді… М.Айтхожина




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет