П. "Сіздерге ұсынылып отырған оқулық 1919 жылы жазыла бастаған еді. Әртүрлі себептерге байланысты жұмыс үздік-создық тоқталып, тек 1924 жылы ғана аяқтауға тура келді. Авторға, әсіресе, математикалық іс-шарттарын жүйелеу, сондай-ақ жаңа терминдерді қалыптастыру көп қиындық келтірді. Бұл кітап еріккеннің ермегі емес. Мен оны жоғары оқу орнына даярланған жылдары, одан соң студенттік қиын кезеңдерде, әртүрлі өмірдегі, тұрмыстағы ауыртпалықтармен күресе жүріп жаздым. Бәлкім, сондықтан автордың қателіктері мен кемшін тұстары да бар шығар. Ондай оралымсыздық кездессе, ескертер деп оларға алдын ала алғысымды да айтамын!". Бұл ана тілінде қазақ мектептеріне арналып жазылған алгебра оқулығы еді. Оқулық 1642 беттен тұрады.
Ш. "Қаныш Имантайұлы әкесінің өнегесімен бала кезінен араб, парсы тілдерін үйренді. Хафиз, Сағди, Науаи өлеңдерін жатқа білді. Жастайынан жадында қалған осы ақындардың ғажайып өлең жырларын курорттарда қолы бос демалыс сәттерінде тамылжытып жатқа айтатын сұңғылалығы бар".