Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет37/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244
зақымдау–

төзімді –

қолайлы –

асу –

байқалады –

3.Мына сөздердің синонимін табыңыз.

тән –


егу –

ұйым –


қасиеті–

тексеру -

тапшылық–

сақтау–


айықтыру –

анықталды –

жұқтыру –

4.Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз.

Құлан таза айықтырып жіберетіндей, адам ағзасына енгеннен кейін, ауруға қарсы күресу қабілеті, тазаланбаған инемен егу.


5.Сұрақтарды талдайық.

1.СПИД/ ЖИТС – қандай дерт?

2. Бүгінге дейін неше адам тіркелген?

3.Осы ауруға қай жастағы адамдар шалдығуы мүмкін?

4. Вирусы қалай сақталады?

5. Қазақстандағы дерт қоздырушылар саны қанша?

6. Ең көп мекендегендер қай облыста?

7.Қай кезде дертті жұқтыру мүмкіндігі басымырақ?


СПИД / ЖИТС – XXI ғасыр індеті.
СПИД / ЖИТС жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы – жынысқа, жасқа қарамайтын жұқпалы дерт. Әзірге бұл дерттен құлан-таза айықтырып жіберетіндей дәрі табылған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның деректері бойынша, жер шарында бүгінге дейін 30 млн. астам адамның осы ауруды жұқтырғаны тіркелген. ЖИТС – жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы көбінесе 20 жастан 49 жасқа дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі.

ЖИТС – бұл иммунитет жетіспеушілікті синдром. ЖИТС – науқасын шақыратын вирусты 1983 ж. француз ғалымы Л. Монтанье тапты. Ал 1984 ж. американдық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Ауру қоздырғышы – ВИЧ / АИТВ адамның иммунды тапшылық вирусы адам ағзасына еніп, адамның ауруға қарсы күресу қабілетін қамтамасыз ететін Т- лимфоциттерді зақымдайды. Мұндай жағдайда адам ағзасы вирусқа қарсы тұра алмайды. Вирус жоғары температураға ( 560 –қа дейін қыздырса, қайнатқанда тез өледі ), 70%-ды спиртке, 3%-ды хлороминге төзімсіз. Вирустың белокты қабаты болады, сондықтан құрғап, қатып қалған қанның немесе сілекейдің тамшысында бірнеше күндер көлемінде сақталынады, ал қолайлы жағдайда бірнеше апталар бойы сақталуы мүмкін. Сондай-ақ соңғы кездері бұл вирустың қатерлі ісік ауруын туғызуға қабілетті екендігі де анықталды.

Қазақстанда 2001 жылдың 1 қаңтарына дейін алынған есеп бойынша осы дерттің қоздырғышын жұқтырғандар саны 1347 болса, қазірде ол 2000-нан асып отыр. Бұл дертпен ауыратындардың 73%-ы Қарағанды облысын мекендегендер. Ал ЖИТС-тің нақ өзімен 50 адам ауыратындығы анықталған. Бұл дерт бірден байқалмайды.

Оның алғашқы белгілері аурудың қоздырғышы тәнге енгеннен кейін 5-10 жылдан кейін байқалады. Бұл жылдар ішінде ол адамның ауруын бірнеше ондаған, жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін. АИТВ/ ЖИТС кеселін ауру адаммен жыныстық қатынас жасаған кезде, тазаланбаған инемен егу кезінде, дертті адамға қан құйған сәтте жұқтыру мүмкіндіктері басымырақ.(Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы,2004)


Сөздік

шақыратын – вызывающий

жариялады – объявил

қоздырғыш – возбудитель

күресу қабілеті – защитная способность

қарсы тұра алмайды – не может противостоять

қайнатқанда – во время кипение

төзімсіз – неустойчивый

күн көзінен – от солнца

ультракүлгін сәуле – ультрофиолетовый луч

құрғап – засохший

қатып қалған – застывший

сілекей тамшысы – капля слюны

қатерлі ісік – злакачественная опухоль

жұқтырғандар саны – количество зараженных

тәнге енгеннен кейін – после проникновение в организм



қан құю – переливание крови


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет