7. Мына шағын мәтінге өз пікіріңізді қосыңыз. АИТВ/ЖИТС адамзат алдында тұрған үлкен кеселдердің бірі. Қазір ол жүзден астам елден табылып отыр. Барлық халыққа, бар нәсілге зардабы тиетін дерт. Адамдар бұл қатер туралы терең білуі тиіс. Мұның өзі медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе болып отыр. Сондықтан бұл дертпен бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. АИТВ/ЖИТС – ауруына қарсы жүргізілетін күрестің тиімді болуы үшін науқас адамды уақтылы анықтау жұмысын кең көлемде жүргізу керек. Сол себепті аурумен ауыру қаупі бар “қауіпті топ” адамдарын / нашақорлар, жезөкшелер, үйі-күйі жоқ азаматтар т. б./ тұрақты диспансерлік бақылауға алу керек.(Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы,2004)