Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Мына нақыл сөздердің мәнін ашыңыздар



бет47/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

3. Мына нақыл сөздердің мәнін ашыңыздар.

1. Ауылыңның жастарын көрсет, еліңнің болашағын айтып берейін.

Дана қарияның сөзі.

2. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.

Абай

3. Бізге ешқашан болмаған нәрсе туралы армандауға қабілетті адамдар



керек.

Джон Кеннеди.

4. Елдік мұрат жолында біздің жастарымыз өз Отанына қызмет етуден басталатын асыл қасиеттерді университеттер қабырғасынан қалыптастырғаны аса қажет.

Н.Ә. Назарбаев.




4. Мәтінмен танысып, өзіңіз оқитын білім ордасында қандай үйірмелер бар екені туралы сұхбат құрыңыз.

Білімнің алтын ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі студенттерге шынайы өнер арқылы әсер ететін тәрбие ошақтарының бірі – студенттер клубы. Студенттер клубы түрлі мәдени қажеттіліктерді қарастыру, студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың, дайындық бөлімі тыңдаушыларының өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту үшін құрылған.

Студенттер клубының мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбеу, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың бос уақытын әсерлі ән, әсем күй, мың бұралған би әлемімен қауыштыру. Клуб университет өмірінде барлық мәдени шараларды өткізу жұмыстарын жүргізеді. Студенттер клубы барлық қалалық және республикалық байқауларға белсенді түрде қатысады.(М. Арыстанбаев. “Студенттер клубы туралы”. “Қазақ университеті” газеті, №5, 27-қыркүйек, 2005 жыл).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет