Витаминдер, олардың құрамы және маңызы
Аталуы
|
Қандай тағам өнімдерінің құрамында болады?
|
Маңызы
|
А витамині
|
Бауырда, сүтте, сары майда, жұмыртқада, қызыл сәбізде, саумалдықта (асты дәмдендіру үшін тамаққа салынатын жасыл жапырақ), тәтті қызыл бұрышта, көк пиязда, әшкөкте, қара дәнді шетенде, қызынақта, тамақты дәмдендіретін қош иісті шөпте және т.б.
|
Организмнің өсуі мен дамуына
көмектеседі, көз ауруларынан сақтайды.
|
С витамині немесе аскорбин қышқылы
|
Жемістерде, итмұрында, қара қарақатта, апельсинде, лимонда, мандаринде,ит бүлдіргенде мүкжидекте,қара дәнді шетенде, орамжапырақта, таңқурайда, қарлығанда (тошала), қымызықта, саумалдықта, қалақайда, әшкөкте, қызыл қылшада.
|
Зат алмасуы үшін қажет,
организмнің иммундық қорғанысына
қатысады, төзімділікті нығайтады,
уытты заттарды бейтараптандырады.
|
Д витамині
|
Күн сәулесінің әсерінен адамның терісінде түзіледі, сондықтан, таза ауада көбірек болған жөн. Өсімдік және жануарлар майында, жұмыртқада, сүзбеде.
|
Асқазан, ішек жолында кальцийд
сіңіруді реттейді, кальцийдің қаннан
сүйек ұлпасына тасымалдануын
қамтамасыз етеді. Сүйектің құрамында
болады, сондықтан ол жетіспеген жағдайда
баларда мешел ауруы болады.
|
Е витамині
|
Өсімдік майында, бидай өскінінде, сояда, ұшқатта, бұршақта, қарақұмық жармасында, жұмыртқада, жаңғақта.
|
Ол организмдегі оттегінің
құрамындағы улы заттарды
залалсыздандырады, көбею
процесін реттейді, яғни
тасымалдануына қатысады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |