Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет52/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   244

“Ш” витамині


Бір күні Қожанасыр баласын тойға алып барады. Баласы алдына қойған тағамдарды қомағайлана жей береді. Қожанасыр баласын түртіп қояды. Сонда баласы:

– Ата, сіз білмейсіз, алмада “А” витамині, балда “Б” витамині, жүзімде “Ж” витамині бар! – депті. Сонда Қожанасыр баласының шекесінен шертіп жіберіп:

Шапалақта “Ш” витамині бар, балам! – деп жауап беріпті.

٭٭٭


Бөлтірік ауылының бір кісісі ұрлыққа түсуді қартайғанша қоймайды. Үйіне шешен келіп отырған күннің кешінде әлгі шал ұрлық жолына әзірлене бастайды. Бөлтіріктің қолға түсіп қаласыз ғой дегеніне шал:

– Бүгінгі түн шырттай қараңғы болады, кім көре қояды дейсің, – дейді.

– Аппақ сақал шырт қараңғыда айдай боп көрінеді, – депті сонда шешен.

Сақал намысы жанына батқан кәрия сол күні райынан қайтқан екен, – дейді халық.



2-сабақ

1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіздер.

1) “Күй” дегенде көз алдарыңызға нені елестетесіз?

2) Сіз күй тыңдайсыз ба?

3) Қандай күйлерді білесіз?

4) Күйді қандай музыкалық аспаптарда орындайды?
2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет