Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Кестеден бірінші бағандағы сөздерге мағыналас сөздерді тауып көрсетіңіз



бет82/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   244
4. Кестеден бірінші бағандағы сөздерге мағыналас сөздерді тауып көрсетіңіз.

дәуір

егіс


күрт

ластанған

қаңқа

үйір


тарпаң

омыртқалы

жорғалаушы

бекіре


құру

қырылды


балық түрі

жануардың түрі (биол.)

бауырымен жүруші (биол.)

астықты алқап

жойылу, жоғалу

кірленген, былғанған

сүйек скелеті

кезең


кенет, тегіс

өлді, жойылды

асау немесе жылқының жабайы түрі

жануарлардың бірігіп топтасқаны




5. Досыңызбен сұхбат құрыңыз.

  • Халықаралық "Қызыл кітапқа" енген қазақ жерінде мекендейтін өзіңе жақсы таныс қандай жануарларды білесің?

  • Менің жақсы білетінім - құлан.

  • Құланның етін жеп көрдің бе?

  • Иә, кішкентай кезімде жеп көрдім, еті өте дәмді.

  • Құланның сыртқы түрі күнде көріп жүрген жануарларымызға ұқсай ма?

  • Құланның сыртқы түрі жылқыға да, есекке де ұқсайды, бірақ жылқы тектес. Дене тұрқы орта есеппен 250 см, биіктігі 140 см, салмағы 130-300 кг дейін жетеді.

  • Қазақстанда қай аймақтарда құланды кездестіруге болады?

  • Қапшағай су қоймасында бір үйір құлан бағылып, өсірілуде.

6. Мәнерлеп оқып, шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетің.

Қызыл кітап

Қам көңілдің көк тұманы, тез айық!

Өмір үшін күреспеудің өзі айып.

Динозавр құрып кетсе бір кезде,

Енді, міне, қалды піл де азайып.
Ауру қазір табиғаттың бүйрегі.

Мықтыларың мықтылықтан күйреді.

Жунглиде жүргізбейтін

Жау жүрек

Жолбарыстың өзі де әбден сиреді.
Қайран күндер!..

Көңілсіз көл қоғалы.

Қайда олардың киесі мен обалы?

Алыптардың алыбына жататын

Киттерің де барады тез жоғалып.
Сирей-сирей

Құстар менен балықтар,

Жер-анаға ұятты боп қалыпты ар…

Жолбарысты, Пілді, Китті ойласам,

Түседі еске опат болған мамонттар.
Табиғаттың бір перзенті,

Бір ұлы -

Мамонт қайтып келмейді енді тіріліп.

Дүниеге сыймайтын не жының бар.

Айналайын ірілік-ай,

Ірілік!


(Қ.Мырзалиев)

Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, еске сақтаңыз.

Тұлпар түбін табады,

Жақсы адам елін табады.
Жылқы малдың патшасы,

Түйе малдың қасқасы.


Арғымақ аттың баласы,

Аз оттап көп жусайды.


Жорға жылқы жолмен жүрсе жорғалайды,

Жолсызда кібіртіктеп қорғалайды.


Сиыр алсаң - танып ал,

Танымасаң тарғыл ал.


Түйе - байлық,

Қой - мырзалық,

Жылқы - сәндік.
4-сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет