5. Мәтінді ары қарай жалғастырыңыз.
Қазақ елі ақпараттық қоғамға қадам басты. Адам баласына ауа, су, тамақ қандай қажет болса, күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат та сондай қажет. Өзгелермен терезесі тең ел болу үшін ақпараттық кеңістіктің керектігі өткен ғасырдың басында-ақ Алаштың ардақты азаматтарын толғандырған, әрі сол олқылықтың орнын толтыруға қайрат қылған еді.
Өткен ғасыр басындағы ардақтыларымыздың арманы орындалды. Қазір елімізде мыңдаған газет-журнал, телерадиоарналар, ақпарат агенттіктері жұмыс істейді. Сол арқылы біз әлемдік ақпарат кеңістігіне еніп, оның құрамдас бөлігіне айналдық. Енді осындай ақпараттық қоғамда қалай өмір сүріп отырмыз, жаһандану жағдайындағы еліміз ақпараттық жүйесін қалай дамытуымыз керек? (”Егемен Қазақстан”газеті №328 (24901) 20 ҚАЗАН СЕНБІ 2007 ЖЫЛ)
6. Тыңдайық! Алаш азаматтарының сөзін үнтаспадан тыңдаңыздар.
7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1) “Қазақ” газеті – …
2) Газеттің бастырушысы …
3) “Қазақ” газетінде …
4) “Қазақ” газеті …
4– сабақ
Қ.Н.Бекхожин
1. Берілген сөздер және сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз: баспасөз, баспа табақ, өңдеу, басылым, ресми газет, адал қызмет ету, үлес қосу
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақ баспасөзі тарихынан қандай белгілі журналистерді білесіз?
2. Қазақ журналистикасы тарихын зерттеушілер кімдер?
3. Қазіргі қазақ журналистикасының өркендеуіне кімдер үлес қосты деп есептейсіз?
3. Мәтінді оқып, түсініңізді баяндаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |