4– сабақ
Ш. ҰЛЫЛЫҚ ҰЛЫДАН
Ахмет Байтұрсынұлы – ана тіліміздің атасы
Сұрақтарға жауап беріңіз
Ахмет Байтұрсынұлын неге қазақ тіл білімінің атасы дейді?
Ахмет Байтұрсынұлының қандай еңбектерін білесіз?
Сіз ұлы ғалымды қай қырынан көбірек танисыз?
Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз
Тәржімәші, қисын, дәлдік, егжей-тегжей, детілдіру, сабақтастыру, шұбарлық
Ұштастыру, логика, жай-жапсар, аудармашы, ала-құлалық, айқындылық, өрістету.
Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
Үлгі: егжей-тегжейлі түсіндіру, тіл шұбарлығы.
Берілген сөйлемдердегі кейбір сөздерді синонимдермен ауыстырып айтыңыз.
А.Байтұрсынұлы – (аудармашы), көсемсөзші. 2) қазақ тілі білімінің (логикасы) аса маңызды. 3) А.Байтұрсынұлының пікірінше, тіл (айқындылығы) ойлаған ұғыммен сөз мағынысының сәйкес келуі. 4) А.Байтұрсынұлы ана тілінің қадір-қасиетін (жай-жапсарын) түсіндірді. 5) Ұлы ғалым қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін халықтың ойлау мүмкіндігімен (ұштастыра) білді. 6) Ахмет қазақ жазба тілін лексикалық (ала-құлалықтан) тазартумен айналысты.
Мәтінді оқыңыз
Ахмет Байтұрсынұлы – әдебиеттанушы, көсемсөзші, тәржімәші, түрколог, қазақ тіл білімінің атасы.
Қазақ тарихындағы Ахмет Байтұрсынұлы есімі халықтың рухани өркендеуімен тығыз байланысты.
Әсіресе тіліміздің атасы Ахметтің тіл ғылымындағы теориялық, психологиялық қисындары, әдістемелік ой-пікірлері аса мәнді.
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдуын аңдығанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау. Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады».
Ахмет Байтұрсынұлы баларды алғашқы үш жылда ана тілінде оқытуды жөн көреді. Оның тәрбиелік ықпалын, қадір-қасиетін, сөйлеу мәдениетін де егжей-тежейлі түсінідіріп, терең ой қозғайды.
«Әліппе – таңбалар жұмбағы» атты еңбегінде араб әрпінің латын таңбасынан неғұрлым ұғымды жеңіл екенін дәлелдейді. Араб әрпін Орта Азия халықтары қолданып жүрген тәжірибеде қазақ тіліне ыңғайлап, жетілдірудің әдістемелегін де жасады. Осы жөнінде 1912 жылы «Айқап» журналында әлденеш рет мақалалар жазды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімін негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын.
Өз қолымен жазған «Өмірбаянында» Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілінің фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен, ақыры ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерімен термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редаксиялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты.
А.Байтұрсынұлының елу жасқа толғанына арнап 1923 жазған мақаласында оны Мұхтар Әуезов «оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы рухани көсемі» дей келіп: … Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі емшілдік ұраны – «қырық мысал», «Маса», «қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер» деп жоғары баға берген еді. Трих таразысына түсіп, сыннан өткен А.Байтұрсынұлы сынды Тұранның ұлы ұлдары санаулы ғана. (А.Асқаров, Р.Нұрғалиев)
Достарыңызбен бөлісу: |