2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз
1. Анықтығы, дәлдігі, жіктеу, даналық, дәуір, бірқыдыру, қазына, ересен.
2. Біршама, түзулігі, орасан, бөлу, айқындылығы, байлық, кемеңгерлік, нақтылығы, кезең.
3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
Үлгі: тіл анықтығы, дәуірлерге бөлу, …
4. Берілген сөйлемдердегі кейбір сөздерді синонимдермен ауыстырып айтыңыз
1) А.Байтұрсынұлы тіл (айқындылығы), тіл (түзулігі), көрнектілігі, тазалығы деген ұғымдарды тұңғыш рет енгізді. 2) Қазақ әдебиетіне тән жанрларды топтап, (бөлудегі) ғалымның (кемеңгерлігіне) таң қаласың. 3) Ұлы ғалым қазақ әдебиетін (кезеңдерге) бөлуде де көптеген жаңалық ұсынады. 4) “Әдебиет танытқыш” кітабындағы (біршама) термин, ұғым, категория әдеби тілімізге кезінде кірген. 5) Бұл кітапта эстетикалық ойлау жүйемізді дамыта түсетін тамаша (байлық) бар екенін ұмытпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |