Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет79/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп, оқыңыз.

  2. Мәтінге жоспар құрыңыз.

  3. Мәтінді әңгімелеңіз.

4. Сұрақты топ болып талқылаңыз.

  1. Арал теңізінің тарихы туралы не білесіңдер?

  2. Арал теңізі суының тұздылығының арту себебін түсіндіріңдер.

  3. "Арал тағдыры - ел тағдыры" деген қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер.

  4. Арал теңізі не себепті экологиялық апатты өңірге айналып отыр?

  5. Арал-Балқаш қоры туралы не білесіңдер?

  6. Арал проблемасын не себепті ғаламдық проблема санайды?

  1. Аралға арналған халықаралық конференция материалдар ын жинап, қысқаша мәлімет жазыңыз.


Өлеңді түсініп, жаттап алыңыз.
Арал қасіреті
Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,

Тау толқын төсінде тербелген ерке күн қайда?

Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,

Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?


Сенемін саған, тұрғанда аман

Адамдық күші, ой күші

Аралым менің, жанарым менің,

Халқымның ұлы қайғысы.


Бұл өлке қалайша болады азап түнегі,

Ежелгі мұң зарың аз ба еді, қазақтың елі?

Қайтемін, Аралым, бүгінде қалды сүлдерің,

Төзімі еліне ұқсаған көнбісім менің.


Аралым, күн туды басыңа дүрбелең-күрең,

Кім ұқпақ, шалды, анау өзіңмен бірге өлем деген.

Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсіз,

Бір жылда екі ұлын жоғалтқан ана тұр тілсіз.



(М.Шаханов)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет