ОқУ ҚҰралы өскемен 2012 ж



бет22/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,79 Mb.
#123007
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Летальды гендердің әсерінен болатын ауытқулар

Геннің жұп аллельдерінің тұқым қуалауы, әдетте ажырау заңына толық сәйкес келеді. Бірақ, әр фенотиптік класқа жататын дарабастардың өмір сүру қаблеті бірдей болмауына байланысты фенотиптік кластардың қатынасы теорияда күтілген қатынастан өзгеше болуы да мүмкін. Бұл жағдай летальды (өлім тудыратын )гендердің әрекетінен де болады. Дарабасты пісіп жетілмей өлімге душар ететін гендерді летальды гендер деп атайды. Летальды гендер өздерінің әсерін көбінесе гомозиготалы жағдайда және ағзаның дамуының әртүрлі кезеңдерінде көрсете алады.
Мысал ретінде тышқандардың сары түсін анқытайтын летальды геннің әсерін қарастырайық. Сары түсті анықтайтын доминантты генді Ү (yellow) деп, басқа түсті (қара, қоңыр т.б.) анықтайтын оның рецессивті аллелін ү деп белгілейік. Талдаушы будандастырудың көмегімен сары түсті тышқандардың бәрінің генотипі Ү ү, яғни гетерозиготалы екендігі анықталды. Егер гетерозиготалы Ү ү сары тышқандарды өзара будандастырса, болуға тиісті екі фенотиптік класс -3 сары : 1 сары еместің орнына 2 сары : 1 сары емес ажырау қатынасы байқалады. Екі сары тышқанды өзара будандастырғанда зиготалар 1 Ү Ү : 2 Ү ү :1 ү ү қатынасында пайда болуы керек еді, бірақ Ү Ү гомозиготалы дарабастар тіпті эмбрион кезінде ақ өліп қалатын болып шықты. Нәтижесінде генотипі Ү ү дарабастар (фенотипі сары) мен генотипі ү ү дарабастар (фенотипі сары емес) ғана өсіп жетіледі де, моногибридтік будандастыруға тән емес 2:1 қатынасында ажырау байқалады.

  • Гендердің толық көрінбеуінен туатын ауытқулар

Гендердің толық көрінбеуі фенотиптік кластардың белгілі бір сандық қатынаста ажырауына өзгеріс енгізеді. Қытай бәйшешегінің (примула) қызғылт және ақ гүлді сорттары бар. Оларды жұп аллельдер анықтайды . Гүлдің қызғыл түсін анықтайтын аллель R, ақ түсті анықтайтын r аллеліне доминанттылық жасайды. Бірақ, R аллелі тек өсімдік жоғары 30 о С температурада өсірілсе ғана көрінеді. Ал, егер өсімдік онан да жоғары температурада өсірілсе, генотипінде R аллельі болғанымен тек қана ақ гүлдер өсіп дамиды.
Сондықтан егер бәйшешектің осы қызғылт және ақ гүлді сорттарын будандастырудан алынған Ғ2 өсімдіктерін 150-250С температурада өсірсе, онда өсірілген барлық Ғ2 өсімдіктерінің ¾ бөлігі қызғылт, ал ¼ бөлігі ақ гүлді болады. Бұл генотип бойынша 1 R R : 2 R r : 1 r r қатынасында болатын ажырауға сәйкес. Егер осындай Ғ2 өсімдітері 300-350 С температурада өсірілсе, онда фенотипі бойынша ажырау мүлде болмайды: R R және R r өсімдіктерінің генотипіндегі R генінің көрінбеуі себепті, r r өсімдігі сияқты ақ гүлді болып өседі де, фенотиптік екі кластың сандық қатынастары 3:1-ден 0:1-ге дейін болуы мүмкін. Ал, зерттеулерді әрі қарай, яғни 300 С-тан төмен температурада жүргізсе, онда белгілердің тұқым қуалауы кәдімгі моногибридтік будандастрыуға тән 3:1 қатынасындай болады. Мұндай құбылмалылық сыртқы ортаға, атап айтқанда, температураға байланысты болып отыр.

  • Сыртқы орта жағдайларына немесе басқа да генотиптік жағдайларға байланысты пайда болатын мұндай құбылмалы ажыраулар түрленбелі пенетранттылық деп аталады. Бұл генотиптік тұқым қуалайтын факторлары бірдей ағзаларда белгілердің көрінуі немесе көрінбеуі мүмкіндігін түсіндіреді.

Кейбір гендердің көрінісі тек сыртқы орта жағдайларына ғана емес, сол ағзада болатын белгілі бір гендерге де байланысты болады. Мысалы, дрозофилада қанаттарындағы көлденең тарамдардың редукциясын тудыратын, өзі толық болмайтын vti гені болатындығы анықталған. Сол белгі бойынша гомозиготалы шыбындардағы vti генінің көрінісі температураға байланысты болады. Неғұрлым температура төмен болса, соғұрлым қанаттарының тарамдары редукцияланған гомозиготалардың проценті жоғары болады.

  • Сонымен қатар бұл геннің көрінісіне кейбір оған аллельді емес гендердің де, атап айтқанда модификатор гендердің әсері болады. Дрозофиланың түрлі линияларында ондай модификаторлардың әртүрлі жиынтықтары болады және vti гені бойынша гомозиготалы шыбындардың түрлі линияларында тіпті бірдей температура жағдайының өзінде әртүрлі мөлшерде көрініс береді (40%-дан 100%-ға дейін). Модификатор гендердің біреулері негізгі геннің қызметін атқаруы мүмкін, оларды интенсификаторлар дейді, ал басқалары керісінше кемітіп жібереді, оларды басымдылық көрсетуші гендер деп атайды.

Белгінің айқын көріну шамасы сыртқы орта мен ген-модификаторларға байланысты екенін дәлелдеу үшін тағыда мысалдар келтірейік. Мысалы, vgvg (қанатының жұрнағы ғана бар) аллелі бойынша гомозиготалы дрозофила шыбынында бұл белгі тек төменгі температурада ғана айқын көрінеді. Сол дрозофиалның басқа бір белгісі (еуеу) – көзінің жоқтығы олардың көз фасеткаларының саны жабайы шыбындардың көз фасеткаларының санына 0-ден 50% шамасында ғана болуына байланысты. Осындай құбылыста өзгеріп отыратын белгілердің көрініс беру деңгейін экспрессивтілік деп атайды. Экспрессивтілік әдетте белгінің ағзаның жабайы түрінен қаншалықты ауытқығанын көрсетеді.
Гендердің толық көрініс бермеуі ажырау кезіндегі фенотиптік кластардың сандық ара қатынасына да әсер етуі мүмкін. Дегенмен, осы тарауда мысал ретінде қаралған гендердің толық көрініс бермеуі кезіндегі белгілердің тұқымқуалауы Мендель заңдарына толық бағынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет