Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: геннің көп аллельділігі, комплементарлылық, толықтырушы эпистаз, эпистаздық гендер, доминантты эпистаз, рецессивті эпистаз, полимерия, полимерлі гендер, бір мағаналы гендер, кумулятивтік емес полимерия, плейотропия.
Бақылау сұрақтары:
Геннің көп аллельділігі дегенді қалай түсінесіз?
Комплементарлылық немесе толықтырушы құбылысын сипатта.
Эпистаз дегеніміз не?
Эпистаздық гендер қандай қасиеті бар?
Доминантты және рецессивті эпистазға мысал келтір.
Полимерия дегеніміз не?
Полимерлі гендер қандай қасиет көрсетеді?
Плейотропия дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Бегімқұл Б. Молекулалық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.
Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл, С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.
Берсімбаев Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.
Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.
7 Жыныс генетикасы
Ағзаның белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы – жыныс арқылы ұрпақ таралып, тұқым қуу арқылы нәсілдік хабар ұрпаққа беріледі. Ағзаның әрбір қасиеті секілді жыныс та тұқым қуу арқылы детерминацияланған. Жыныс детерминациясы негізгі үш түрге бөлінеді:
1) эпигамдық – жынысты ағзаның өсіп даму (онтогенез) процесінде жіктелуі. Бұл жағдайда жыныстың анықталуы көбінесе қоршаған ортаға тәуелді;
2) прогамдық – жыныс жіктелуі ата-аналардың гаметогенезі кезінде анықталады;
3) сингамдық – болашақ ұрпақтың жынысы гаметалар қосылған кезде анықталады. Бұл жыныс детерминациясының ең көп тараған түрі болғандықтан, жануарлардың барлығына тән қасиет.
Ағзаның жыныстық айырмашылығын көрсететін құрылысы, атқаратын қызметі жөнінен басқа хромосомалардан (аутосомадан) айырмасы бар хромосомалар жұбы немесе тобы жыныс хромосомалары деп аталады. Жыныс хромосомалары Х және У хромосомалар түріне бөлінеді. Мысалы, әйел адамның жыныс жасушасында «кәдімгі» хромосомалардан өзге екі Х, ер адам сперматозоидының біреуінде басқа хромосомалармен қоса бір Х, ал екіншісінде – У хромомосома болады. Жыныстық хромосомалар бірдей гаметалардан түзілсе оны гомогаметалы жыныс, ал егер әртүрлі гаметалардан түзілсе гетерогаметалы жыныс деп атйды.
Аталық және аналық дарабастардың табиғаттағы арақатынасы 1- ге тең, яғни әрбір 100 аталыққа 100 аналық келетіні ертеден белгілі. Екі жыныстың осылайша 1:1 қатынасында пайда болуы бізге талдаушы будандастыруды еске түсіреді, яғни екі жыныстың біреуі гетерозиготалы, ал екіншісі гомозиготалы деп болжау айтуға мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың бас кезінде жәндіктердің хромосомалар комплексіне жасалған цитологиялық талдаулар мұндай болжамның дұрыс екендігін дәлелдеді. Яғни, жыныс арнаулы жыныстық хромосомалармен анықталатыны ашылды. Цитологяның осы бағытында америка ғалымы Э.Вильсон көп еңбек жасады. Жыныстың хромосома арқылы анықталуының бірнеше типтері белгілі. Қай түрдің жануарларынан бірінші рет табылғанына қарай ол типтердің аты да соларға ұқсас қойылған.
Бірінші тип – Ligaeus (су қандаласы). Дрозофиланың, көптеген басқа да жануарлардың, адамның жынысы осы типке жататын жыныс хромосомаларымен анықталады. Генетикалық тұрғыдан өте жақсы зерттелген жеміс шыбыны – дрозофиланың хромосомалар жиынтығымен танысайық. Дрозофиланың аталықтарының дене жасушаларында төрт жұп құрайтын егіз хромосомалары болады. Оның үш жұбы бірдей, ал төртінші жұбының Х-хромосома деп аталытын біреуі таяқша тәріздес (акроцентірлі), ал У-хромосома деп аталатын екіншісі ілмек тәріздес (субметацентірлі) болады. Аналықтарының дене жасушаларында да сегіз хромосомадан болады. Оның үш жұбы аталықтардағы үш жұппен бірдей, ал төртінші жұбы екі Х-хромосомадан тұрады және аталықта болатын жалғыз Х-хромосомаға ұқсас болады. Екі жыныс дарабастарында да бірдей болатын хромосомаларды аутосомалар, ал Х- және У-хромосомаларды жыныс хромосомалары деп атайды. Аутосомаларды әдетте А әрпімен белгілейді. Осы белгілерді пайдалана отырып дрозофиланың аналықтары мен аталықтары формулаларын мынадай етіп жазуға болады:
♀ = 6А + ХХ ♂ = 6А + ХУ
Аналығының төрт жұп хромосомаларының бәрі бірдей болғандықтан оның жұмыртқасында біртиптес төрт хромосома (3А+Х) болады. Аталықтарының жыныс жасушалары гетероморфты болғандықтан оның спермияларының жартысында Х-хромосома (3А+Х), ал жартысында У-хромосома (3А+У) болады. Жыныс хромосомалары жөнінен бірдей гаметалар беретін жынысты гомогаметалы, ал жыныс хромосомалары екі типтес гаметалар беретін жынысты гетерогаметалы жыныс деп атайды. ХХ-гомогаметалы аналық жыныс, ал ХУ-гетерогаметалы аталық жыныс.
Егер жұмыртқа жасушасы Х-хромосомасы бар спермамен ұрықтанса, онда хромосмалық формуласы 6А+ХХ болатын зигота, ал У-хромосомасы бар спермамен ұрықтанса, онда хромосомалық формуласы 6А-ХУ болатын зигота пайда болады. Бірінші зиготадан аналық, ал екінші зиготадан аталық шыбындар шығады, және аталықтары мен аналықтарының сандық қатынасы бірдей, яғни 1:1 болады.
Адамның жынысы да жыныс хромосомаларымен анықталады. Әйелдің дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар және екі Х-хромосомалар, ал еркектің дене жасушаларында 22 жұп аутосом, бір Х-хромосома және бір У-хромосома болады. Жұмыртқаның хромосомалық формуласы 22А+Х, ал сперма сортты болады: 22А+Х және 22А+У. Егер ұрықтануға У-хромосомасы бар спермий қатысса ұл бала дамыйтын зигота, егер Х-хромосомасы бар спермий қатысса қыз бала дамыйтын зигота пайда болады.
Екінші тип - Protenor (су қандаласының басқа туысы). Басқа да насекомдардың оның ішінде, мысалы, қабыршақ қанаттылардың, теңіз құрты анциракантустың т.б. жынысы осы типтің жыныс хромосомаларымен анықталады. Protenor аналықтарының дене жасушаларында 14 хромосома, ал аталықтарының дене жасушаларында 13 хромосома болады. Аталықтарындағы Х-хромосоманың жұбы болмайды. Аналықтары гомогаметалы жыныс және гаметалардың бір ғана типін (6А+Х) түзеді. Ал, аталықтары гетерогаметалы (6А+х) және Х-хромосомасы жоқ (6А+О) гаметалар түзеді. Жыныстың хромосомалық анықталуының бұл типін сызбажоба түрінде төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Р ♀ ХХ х ♂ ХО
Гаметалары ♀ Х ♂ Х; О;
Ғ1 ♀ 1ХХ : ♂ 1ХО
Бұл типте де гомогаметалы жыныс - аналықтар, ал гетерогаметалы жыныс -аталықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |