Оқу құралы Қостанай 2016


Қоғамдық денсаулық деңгейін анықтайтын факторлар



бет30/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Қоғамдық денсаулық деңгейін анықтайтын факторлар. Денсаулық сапасының мәселелері әлем ғалымдары мен саясаткерлерді алаңдатады. 1948 ж. ООН «Адам құқығының ортақ декларациясын» қабылдады. Декларацияда: «Әрбір адам киім мен азық-түлік, өзінің және отбасының денсаулығы мен тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін медициналық және әлеуметтік қызметі бар өмір сүру деңгейіне құқықты...». Отыз сегіз жылдан соң, ВОЗ басшылығымен Канадада жиналған ғалымдар «Оттавалық денсаулықты кейінгі жақсарту хартиясын» қабылдады. Хартияда: «...жақсы денсаулық жеке тұлға мен толық қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының басты ресурсы болуымен қатар өмір сапасының маңызды критерийі болып табылады.
Келешектегі денсаулықты жақсарту үшін 5 бағытта тырысу керек: қоғамдық саясат, физикалық және әлеуметтік орта, жергілікті ортаның шарттары, салауатты өмір салтын таңдаудағы персоналды қабілетін жетілдіру мен медициналық қызмет көрсету».
Халық денсаулығы күнделікті өмір сүру шарттарының жиынтығымен қалыптасып жәрдем алады. Ауру пайда болуына және асқынуына әсер етуші шарттар, жағдайлар, нақты себептер «қауіп-қатер факторлары» деген атақ алды.


Қауіп-қатер факторлары
(Ю. П. Лисицын, 1987)

Салалар

Денсаулыққа маңыздылығы. Шамамен салмақ мөлшері. %

Қауіп-қатер факторларының топтары

Өмір сүру салты мен әлеуметтік-экономикалық шарттар

49 – 53

Шылым шегу, дұрыс тамақтанбау;
алкоголь, есірткі қабылдау; дәрілерді орынсыз қолдану; нашар еңбек шарттары, стресс; гиподинамия;
нашар материялды-тұрғын шарттар;
отбасының тұрақсыздылығы; жалғыздық; білім мен мәдениеттің төмен деңгейі; шамадан тыс урбандалу

Адам генетикасы, биологиясы

18 – 22

Тұқымқуалаушылық, дегенеративті,
онкологиялық ауруларға жақындылық

Сыртқы орта сапасы, табиғи шарттар

17 – 20

Ауа, су, топырақ ластануы; тұрғын үй
мен азықтың ластануы; зиянды өндіріс
шарттары; құбылмалы ауа-райы; жоғарылаған гелиокосмикалық, магниттік
және т.б. атқылаулар

Медициналық көмек

8 – 10

Профилактикалық шаралардың төменділігі; медициналық көмектің төмен
сапасы

Популяциялық денсаулықтың қалыптасуы келесі факторларды анықтайды:

  1. Өмір сүру салты мен әлеуметтік-экономикалық шарттар;

  2. Адам генетикасы, биологиясы;

  3. Сыртқы орта сапасы, табиғи шарттар;

  4. Денсаулық сақтау.

Денсаулық деңгейінің төмендеуі тек адамдардың өмір сүру қалпы, әлеуметтік-экономикалық факторлар, қоршаған ортаның жағдайы мен тұқымқуалаушылық қана емес, сонымен қатар табиғи шарттарға да тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет