Әдебиеттер тізімі: 1. Сәбет бап-баба Жантану негіздері Алматы 2009 ж
2. Сәбет бап-баба Жалпы психология Алматы 2009 ж
3. Психология Қ.Жарықбаев Мектеп баспасы, 1970ж. 272-320 бет
4. К.К.Платонов А.Д.Глоточкин. Исправительно-трудовая психология.
5. Юридическая психология. Романов В.В. Москва, Юрист 1998 г.
ТАҚЫРЫП №3 ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Жоспар: 1. Бейімделу туралы түсінік 2. Әлеуметтік-психологиялық бейімделудіміріні теориялық тұрғыда қарастырылуы
3. Бейімделу түрлері
4. Бейімделу және әлеуметтену түсінігі
1. Бейімделу туралы түсінік
Бейімделу (лат. adaptare — бейімделу)— ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі — гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальт психология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Нәрселердің бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктсріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік — индивидтің өзін қызықтыратын белгілі бір іске тандамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейімделуге ықпал ететін адам қылығы.
Медицина ғалымының дәрігері А.П. Авыцын – «өмір сүру яғни – бейімделу», - деп санайды.
Сонымен «бейімделу» - түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ. Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» - ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» - ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді. Л.Д. Столяренко «бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» - деп қарастырады [8].
Сондай–ақ Ц.П. Караленко, Т.В. Кучер, М.И. Бабнева, Е.В. Шорохова, В.И. Курбатова және т.б. «бейімделу» түсінігіне өз анықтамаларын ұсынған.
Сонымен «бейімделу» дегеніміз – бұл тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс.
Көп жағдайда адам тағдыры оның кез келген жағдайда өмірінің туа біткен және қалыптасқан қабілеті, бейімделгіштігі мен анықталады. Жоғары, орташа, төмен бейімді адамдар болады. Бейімділіктің туа біткен негіздері – ол инстинктер, темперамент, дене құрылымы, эмоциялар, туа біткен интелектік талабы, ағзаның физикалық жағдайы және сыртқы көрсеткіштері болып табылады.
Әлеуметтік топтарда психикалық бейімделуді нәтижелі ететін маңызды фактор болып, әлеуметтік тұтастылық, тұлға аралық қарым – қатынасты орната алу қабілеті болып табылады [3].