ОқУ ҚҰралы қостанай, 2022 удк ббк рецензенттер


Пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник



бет20/40
Дата25.11.2023
өлшемі249,5 Kb.
#126734
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды;
астеник адамдар – көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді;
ал атлетиктер – ұстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу-тәрбие барысында пайда болады.
Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесі тұрақты келеді де, көбіне ауыспалы болады. Адамның сырт көрінісіне орай оның образы біршама өзгеріссіз сақталады. Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Мұнда тұрақты сақталатын қасиеттер – адам мінезі, қылық-әрекеті мен әдеттері. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы біз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.
Кейде кездейсок ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекетіне, қылығына мән бере келе, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымысақ та, адамның мінез бітістерінен, әрекетінен қылығынан бұрынан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын - адамның сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер – адамның қажетсінулері, әрекеті, қылықтары, себептері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала ала ма, жоқпа деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжауға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кейбір жағдайларда оғаш көрінеді. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады, не мазаққа айналдырады.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы өсы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады.Адамның қалыпты өмірі үшін өзін-өзі біле алмастық та, аса көп білу де сиыспайтын құбылыстар. Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбірәлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.
Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-әрекетіне болған қатынасынан байқауына болады. Өз әрекеттері мен сол әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.
Іс-әрекетте нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен әр жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын, болмаса қанағаттанбауын ішкі, ниеттегі психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дұрыс та толық тани алады.
Есте ұстайтын жәйт, өз бағанды қорытындылауда толығымен басқалар пікіріне құлай түсуге болмайды. Себебі өзінің ұнамды қатынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретін адамдар сізде бірде-бір ұнамды қасиет көре алмауы мүмкін. Сонымен бірге, әр адам өзінің афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де білмеуі мүмкін, себебі мұндай саналық басқарудан айрылған кезде, адам өзіне, басқалар реакциясына объектив баға беріп, әрекетін байқастыру қабілетінен айрылады.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, яғни, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді болады. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзеу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену,, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р.С.Немов).
Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс тану. Оның мәні: адам төнңірегіндегілерді өзіне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге таңады, оның қылық-әрекетін түсінгісі келіп, өзін сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тәсіл бір адамға біткен мінезді екінші адамға таңа салуда да көрінеді. Осылайынша, басқалардың мінез, әрекет-қылық бітістерін өзімізді қызықтырған адамға тану арқылы да нақты тұлға жөнінде бір жөнді психологиялық мәлімет топтастыруымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет